Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Текели

Постановление акимата города Текели области Жетісу от 24 февраля 2025 года № 37

      В соответствии с пунктом 1 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 августа 2011 года № 306 "Об утверждении Методики расчета размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7232), акимат города Текели ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Текели согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Текели.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Әділ А.

  Приложение к постановлению акимата города Текели от "24" февраля 2025 года № 37

Размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда за один квадратный метр в месяц жилого дома расположенного по улице Қора №29 "Б" города Текели

      При расчете размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, входящим в состав объекта кондоминиума, применяются следующие показатели:

      А – размер платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, входящим в состав объекта кондоминиума (в тенге за один квадратный метр в месяц);

      Ц – стоимость строительства (приобретения) одного квадратного метра общей площади жилища (в тенге);

      Т – расчетный срок службы зданий (лет).

      Стоимость строительства (приобретения) одного квадратного метра общей площади жилища (Ц) определяется в соответствии с проектно-сметной документацией на строительство здания или по результатам государственных закупок здания.

      Расчетный срок службы зданий (Т) определяется в соответствии со строительными нормами СН РК 1.04-26-2011 "Реконструкция, капитальный и текущий ремонт жилых и общественных зданий".

      Размер платы за один месяц за пользование жилищем из государственного жилищного фонда, входящим в состав объекта кондоминиума, рассчитывается по формуле:

      А= Ц/Т/12

      Ц=780 600 465,95 тенге / 3142,0 кв.м. (общая площадь дома согласно данных технического паспорта) = 248 440,63 тенге стоимость строительства одного квадратного метра общей площади жилища;

      Т=100 лет;

      А=248 440,63:100:12=207,03 тенге за один квадратный метр в месяц.

Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Әділ

  Текелі қаласының әкімдігінің 2025 жылғы "24" ақпандағы № 37 қаулысына қосымша

Текелі қаласының Қора №29 "Б" көшесінде орналасқан тұрғын үйдің айына бір шаршы метріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл.

      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А= Ц/Т/12

      Ц=780 600 465,95 теңге / 3142,0 ш.м. (техникалық паспорт деректеріне сәйкес үйдің жалпы ауданы) = 248 440,63 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың құны;

      Т=100 жыл;

      А=248 440,63:100:12=207,03 теңге айына бір шаршы метр үшін.