О внесении изменения и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 "Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2025 года № 414

      В соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 сентября 2025 года № 278 "Об утверждении структуры Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 "Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном вышеуказанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственное учреждение "Комитет государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (далее – Комитет) осуществляет руководство в сфере агропромышленного комплекса в части защиты и карантина растений, регулирования зернового рынка, племенного животноводства, семеноводства.";

      пункт 13 дополнить новым подпунктом 6-1) следующего содержания:

      "6-1) обеспечения контрольных функций в области семеноводства.";

      пункт 15 дополнить новым подпунктом 114-1) следующего содержания:

      "114-1) осуществляет координацию и методическое руководство местных исполнительных органов в области семеноводства и зернового рынка;".

      2. Комитету государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление электронной копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 414 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 278 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині және оларды қорғау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы бөлігіндегі басшылықты жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) жаңа тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз ету.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 114-1) жаңа тармақшамен толықтырылсын:

      "114-1) тұқым шаруашылығы және астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров