О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 24 марта 2022 годам № 427 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент"

Постановление акимата города Шымкент от 26 июня 2025 года № 3595

      Акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Шымкент от 24 марта 2022 года № 427 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент" следующее изменение:

      внести в Положение о государственном учреждении "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент", утвержденное указанным постановлением, следующие изменения и дополнения:

      1) пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Управление развития городской комфортной среды города Шымкент" (далее – Управление) является некоммерческим учреждением со статусом юридического лица, созданным в организационно-правовой форме государственного учреждения, осуществляющим в пределах своих полномочий руководство в сферах государственного управления природными ресурсами и регулирования природопользования, а также охраны окружающией среды и природопользования, организацию обеспечения безопасности водохозяйственных систем и сооружений, находящихся в государственной собственности, работ по строительству ирригационных систем, ликвидации замкнутых ирригационных систем, сбору твердых бытовых отходов на территории города Шымкент.";

      2) в пункте 15:

      подпункты 41), 42) и 43) исключить;

      дополнить подпунктами 76), 77) и 78) следующего содержания:

      "76) осуществляют регулирование водных отношений в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      77) осуществляет мониторинг и контроль за незаконной добычей общераспространҰнных полезных ископаемых из недр;

      78) осуществляют минимизацию образования твердых бытовых отходов и обеспечение их размещения в установленных для их сбора местах либо самостоятельного вывоза с особо охраняемых природных территорий.".

      2. Государственному учреждению "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде на казахском и русском языках, удостоверенном электронной цифровой подписью;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Исполнение настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент" А. Онгара.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Шымкент.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент Г. Сыздыкбеков

  Приложение к
Постановлению акимата
города Шымкент
от "__" ______ 2025 года
№ ____
  Утверждено
Постановлением акимата
города Шымкент от
24 марта 2022 года № 427

Текст изменений, внесенных в Положение государственного учреждения "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент"

      Внести следующие изменения и дополнения и утвердить в новой редакции Положение о государственном учреждении "Управление развития комфортной городской среды города Шымкент":

      1) пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Управление развития городской комфортной среды города Шымкент" (далее – Управление) является некоммерческим учреждением со статусом юридического лица, созданным в организационно-правовой форме государственного учреждения, осуществляющим в пределах своих полномочий руководство в сферах государственного управления природными ресурсами и регулирования природопользования, а также охраны окружающией среды и природопользования, организацию обеспечения безопасности водохозяйственных систем и сооружений, находящихся в государственной собственности, работ по строительству ирригационных систем, ликвидации замкнутых ирригационных систем, сбору твердых бытовых отходов на территории города Шымкент.";

      2) в пункте 15:

      подпункты 41), 42) и 43) исключить;

      дополнить подпунктами 76), 77) и 78) следующего содержания:

      "76) осуществляют регулирование водных отношений в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      77) осуществляет мониторинг и контроль за незаконной добычей общераспространҰнных полезных ископаемых из недр;

      78) осуществляют минимизацию образования твердых бытовых отходов и обеспечение их размещения в установленных для их сбора местах либо самостоятельного вывоза с особо охраняемых природных территорий.".

"Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 3595 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 427 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған ирригациялық жүйелерді жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.";

      2) 15-тармақта:

      41), 42) және 43) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 76), 77) және 78) тармақшалармен толықтырылсын:

      "76) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      77) кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауларына заңсыз қазба жүргізу бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

      78) тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуін барынша азайту және оларды жинау үшін белгіленген жерлерде орналастыруды не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан өз бетінше әкетуді қамтамасыз етеді.".

      2. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә. Оңғарға жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__" _________
№ ____ қаулысына қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 427 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістердің мәтіні

      "Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған ирригациялық жүйелерді жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.";

      15-тармақта: