Об утверждении Правил установления стимулирующих надбавок должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Темирский районный центр по делам религий среди молодежи" государственного учреждения "Темирский районный отдел внутренней политики и развития языков", финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата Темирского района Актюбинской области от 30 сентября 2025 года № 251

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 Постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года №1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" акимат Темирского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Темирский районный центр по делам религий среди молодежи" государственного учреждения "Темирский районный отдел внутренней политики и развития языков", финансируемых из местного бюджета согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Темирский районный отдел внутренней политики и развития языков" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Темирского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Темирского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Темирского района А. Жаксылыков

  Приложение к постановлению
Акимата Темирского района
от "30" сентябрья 2025 года
№ 250

Правила установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Темирский районный центр по делам религий среди молодежи" государственного учреждения "Темирский районный отдел внутренней политики и развития языков", финансируемых из местного бюджета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Темирский районный центр по делам религий среди молодежи" государственного учреждения "Темирский районный отдел внутренней политики и развития языков" (далее – Центр), финансируемых из местного бюджета (далее - стимулирующие надбавки), разработаны в соответствии подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года №1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" в целях повышения материальной заинтересованности в своевременном и качественном выполнении функции и задач работников центра, а также за надлежащее выполнение должностных (служебных) обязанностей и распространяются на коммунального государственного учреждения "Темирский районный центр по делам религий среди молодежи", финансируемых из местного бюджета.

      2. Стимулирующие надбавки к должностным окладам работников центра и их размер устанавливаются за счет средств местного бюджета, по решению Темирского районного маслихата и бюджетные средства на выплату стимулирующих надбавок к должностным окладам работников Центра должны быть предусмотрены в плане финансирования (плане развития) государственной организации каждый финансовый год.

Глава 2. Порядок установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников Центра, финансируемых из местного бюджета

      3. Установление стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя Центра либо лица, его замещающего, на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений организаций, финансируемых из областного бюджета.

      Письменное представление вносится непосредственным руководителем работника самостоятельных структурных подразделений первому руководителю Центра.

      4. В представлении указываются фамилия и должность работника, и основания.

      5. Представление рассматривается руководителем Центра в срок не более 20-ти календарных дней.

      6. Руководитель организации в результате рассмотрения представления согласовывает либо отказывает с обоснованием причин отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу.

      7. Основанием для отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу, являются:

      1) отсутствие необхомых информации в представлении для установления стимулирующей надбавки;

      2) несоблюдение исполнительской и трудовой дисциплины.

Глава 3. Условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников Центра финансируемых из местного бюджета

      8. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) достижение результатов работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа Центра;

      5) выполнение функций, сокращенных и/или временно отсутствующих работников без освобождения от своей основной работы, если замещение временно отсутствующего работника не входит в должностные обязанности замещающего работника;

      6) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике, а также другие показатели;

      7) кроме того, надбавка к должностному окладу может быть установлена работнику, осуществляющему работу с документами, содержащими сведения, составляющие государственные секреты, в зависимости от объема их исполнения, а также за ограничение некоторых его прав и дополнительную ответственность;

      8) надбавки также могут быть установлены при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу), связанном с объективными обстоятельствами: трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением трудовых обязанностей в этом органе, до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности;

      9. Стимулирующая надбавка к должностным окладам не устанавливается работникам:

      1) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      2) проработавшим в Центре менее одного месяца;

      3) на период прохождения испытательного срока;

      4) в случае временного исполнения функций соответствующей категории должности;

      5) в период привлечения работника к материальной ответственности;

      6) в период временной нетрудоспособности работника;

      7) в период отпуска без сохранения заработной платы;

      8) в период учебного отпуска;

      9) в период отпуска в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      10) в период отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

      10. Стимулирующие надбавки могут быть пересмотрены на ежегодной основе, исходя из анализа основных показателей оплаты труда, возможностей бюджета и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі А. Жақсылықов

  Темір ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 251 қаулысына қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын"Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, "Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес орталық қызметкерлерін қызметтік міндеттерін (лауазымды міндеттерін) тиісінше орындағаны үшін марапаттау, сондай-ақ өз функциялары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында әзірленген және "Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне қатысты болады.

      2. Орталық жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Темір аудандық мәслихатының шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді және орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында козделуге тиіс.

2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Орталықтың басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.

      Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы Орталықтың бірінші басшысына шығарады.

      4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

      5. Ұсынымды Орталық басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.

      7. Лауазымды лауазымдық жалақыға көтермелеу үстемеақысын белгiлеуден бас тартуға негiздер:

      1) ұсынымның ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге қажетті мәліметтермен толық қамтылмауы: ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер мен ынталандыру үстеме ақы мөлшерінің көрсетілмеуі;

      2) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтамауы.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      8. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) Орталықтың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;

      8) үстемеақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.

      8. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) Орталықта бір айдан кем жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

      6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

      7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      8) оқу демалысы кезеңінде;

      9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      9. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      10. Ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.