Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Байганинскому району

Постановление акимата Байганинского района Актюбинской области от 30 декабря 2025 года № 350

      В соответствии со статьей 142 Социального кодекса Республики Казахстан, статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32987), акимат Байганинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тарифы на оказание специальных социальных услуг по Байганинскому району на 2026 год, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Байганинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить своевременное финансирование услуг в рамках утвержденного бюджета.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Байганинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Байганинского района А. Купенов

  Приложение к постановлению
акимата Байганинского района
от 30 декабря 2025 года № 350

Тарифы на предоставление специальных социальных услуг в Байганинском районе на 2026 год

Виды услуг

Тариф на одного получателя услуг в сутки, тенге

1.

Обслуживание на дому

4290,95


Байғанин ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Байғанин ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.

      2. "Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі А. Купенов

  Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 қаулысына қосымша

Байғанин ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Қызмет түрлері

Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге

1.

Үйде қызмет көрсету

4290,95