Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам водителей организаций, финансируемых из местного бюджета, за счет средств местного бюджета Алгинского района

Постановление акимата Алгинского района Актюбинской области от 23 декабря 2025 года № 356

      В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и само управлении в Республике Казахстан", подпунктом 3 пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, и работников казенных предприятий", решением Алгинского районного маслихата № 356 от 18 декабря 2025 года, акимат Алгинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам водителей организаций, финансируемых из местного бюджета, за счет средств местного бюджета, согласно приложению.

      2. Контроль, за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким Алгинского района Шуиншалиев А. С.

  Приложение к постановлению
акимата Алгинского района
от "23" декабря 2025 года № 356

Порядок и условия установления стимулирующих надбавок к должностным окладам водителей организаций, финансируемых из местного бюджета, за счет средств местного бюджета Алгинского района

Глава I. Общие положения

      1. Настоящий Порядок и условия установления стимулирующих надбавок (далее – Порядок) к должностным окладам водителей организаций, финансируемых из местного бюджета (далее – Организации), разработаны на основании подпункта 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, водителей организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, и водителей казенных предприятий" и определяют порядок и условия установления стимулирующих надбавок (далее – стимулирующие надбавки) к должностным окладам водителей организаций, финансируемых за счет средств местного бюджета, включая районный бюджет, бюджеты города районного значения, сел и сельских округов.

      2. Стимулирующие надбавки к должностным окладам водителей организаций устанавливаются за счет средств местного бюджета на основании решения соответствующих местных представительных органов.

Глава II. Порядок установления стимулирующих надбавок к должностным окладам водителей организаций, финансируемых из местного бюджета

      3. Установление стимулирующих надбавок к должностным окладам осуществляется на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений и оформляется приказом руководителя организации либо лица, его замещающего. Письменное представление вносится непосредственным руководителем работника самостоятельного структурного подразделения на имя первого руководителя государственного органа.

      4. В представлении указываются фамилия и должность работника, основания и размер надбавки.

      5. Руководитель организации рассматривает представление в срок, не превышающий 10 календарных дней.

      6. По результатам рассмотрения представления руководитель организации принимает решение о согласовании установления стимулирующей надбавки к должностному окладу либо об отказе с обоснованием причин такого отказа.

Глава III. Условия установления стимулирующих надбавок

      7. Стимулирующие надбавки являются выплатами, устанавливаемыми в целях стимулирования водителей.

      8. Стимулирующие надбавки являются дополнительными выплатами к ранее предусмотренным видам материальной помощи и стимулирующих выплат, установленным Трудовым кодексом Республики Казахстан, а также постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2001 года № 1127 "Об утверждении Правил выплаты премий, оказания материальной помощи и установления надбавок к должностным окладам водителей государственных органов Республики Казахстан, содержащихся за счет средств государственного бюджета, а также выплаты бонусов государственным административным служащим".

      9. Основные показатели, характеризующие результаты деятельности работника и предоставляющие право на установление стимулирующих надбавок:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) достижение результатов работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное исполнение должностных обязанностей, выполнение особо важных и сложных задач и иные достижения в работе;

      4) выполнение срочных и заранее непредвиденных работ, обусловленных необходимостью оперативного обеспечения дальнейшей нормальной (бесперебойной) работы организаций;

      5) исполнение без освобождения от основной работы функций сокращенных и/или временно отсутствующих водителей, если это не входит в должностные обязанности работника, замещающего временно отсутствующего сотрудника;

      6) возложение на работника расширенного круга обязанностей, наличие достаточного опыта (стажа) и навыков, сочетаемых с высоким профессиональным уровнем и компетентностью, их успешное применение на практике, а также иные показатели;

      7) надбавки могут также устанавливаться при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу) по объективным обстоятельствам, связанным с получением трудового увечья, профессионального заболевания либо иного повреждения здоровья при исполнении служебных обязанностей, до восстановления трудоспособности или установления инвалидности.

      10. Стимулирующая надбавка к должностному окладу не устанавливается:

      1) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      2) работникам, проработавшим в организации менее одного месяца;

      3) на период прохождения испытательного срока;

      4) при временном исполнении функций по соответствующей категории должности;

      5) на период привлечения работника к материальной ответственности;

      6) на период временной нетрудоспособности работника;

      7) на период отпуска без сохранения заработной платы;

      8) на период учебного отпуска;

      9) на период отпуска по беременности и родам, по рождению ребенка (детей), по уходу за новорожденным ребенком (детьми);

      10) на период отпуска по уходу за ребенком до достижения им трехлетнего возраста без сохранения заработной платы.

      11. Стимулирующие надбавки могут ежегодно пересматриваться на основе анализа основных показателей оплаты труда, бюджетных возможностей и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

      12. Бюджетные средства, предназначенные для выплаты стимулирующих надбавок к должностным окладам водителей бюджетных организаций, должны предусматриваться в плане финансирования (плане развития) государственного учреждения на каждый финансовый год.

Алға ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 356 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына және Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 356 шешіміне сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары, қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі А. Шуиншалиев

  Алға ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "23" желтоқсандағы
№ 356 қаулысына қосымша

Алға ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

І-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жүргізушілердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен, оның ішінде аудандық бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтер бюджеттері есебінен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

ІІ-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жүргізушілерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.

      Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.

      4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

      5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуге келіседі немесе бас тарту себептерін негіздей отырып бас тартады.

ІІІ-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары

      7. Ынталандыру үстемеақылары жүргізушілерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      8. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      9. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жүргізушілердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) үстемеақылар сондай-ақ келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.

      10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жүргізушілерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

      6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

      7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      8) оқу демалысы кезеңінде;

      9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      10)бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      11. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      12. Бюджеттік ұйымдар жүргізушілердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.