Об определении порядка и условий установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата города Степногорска Акмолинской области от 17 апреля 2025 года № А-4/141

      В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", акимат города Степногорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить прилагаемый порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета, согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Степногорска" создать рабочую группу по установлению за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Степногорска.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Аким города Степногорска Г.Касенов

  Приложение к постановлению
акимата города Степногорска
от "" 2025 года

Порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций (далее – Организаций), финансируемых из местного бюджета (далее – Порядок) разработаны на основании подпункта 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" и определяют порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета (далее – стимулирующие надбавки).

Глава 2. Порядок установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

      1. Установление за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя Организации либо лица, его замещающего на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений либо самостоятельно руководителем Организации.

      Руководителям структурных подразделений установление за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностному окладу может производиться на основании представления руководителя Организации.

      2. В представлении указываются фамилия и должность работника, основания, сведения об отсутствии дисциплинарного взыскания и размер надбавки, установленного решением городского маслихата.

Глава 3. Условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета

      1. Стимулирующие надбавки являются выплатами, устанавливаемыми с целью мотивирования персонала.

      2. Стимулирующие надбавки, являются дополнительными выплатами к уже имеющимся видам материальной помощи и стимулирующих выплат, предусмотренных Трудовым кодексом Республики Казахстан, постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2001 года № 1127 "Об утверждении Правил премирования, оказания материальной помощи и установления надбавок к должностным окладам работников органов Республики Казахстан за счет средств государственного бюджета, а также выплаты бонусов административным государственным служащим".

      3. Выплата стимулирующих надбавок не является основанием для прекращения выплачиваемых видов стимулирования труда работников (премии, доплаты, надбавки за совмещение должностей, за расширение зоны обслуживания, сверхурочные и другие).

      4. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) результаты работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа Организации.

      5. Стимулирующая надбавка к должностным окладам не устанавливается работникам:

      1) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      2) проработавшим в Организации менее одного месяца;

      3) на период прохождения испытательного срока;

      4) в случае временного исполнения функций соответствующей категории должности;

      5) работающим по совместительству;

      6) в период привлечения работника к материальной ответственности;

      7) в период временной нетрудоспособности работника;

      8) в период отпуска без сохранения заработной платы;

      9) в период учебного отпуска;

      10) в период отпуска в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      11) в период отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

      6. Стимулирующие надбавки и их размер устанавливаются решением Степногорского городского маслихата.

      7. Стимулирующие надбавки могут быть пересмотрены на ежегодной основе, исходя из анализа основных показателей оплаты труда, возможностей бюджета и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

      8. Бюджетные средства на выплату стимулирующих надбавок к должностным окладам работников бюджетных организаций должны быть предусмотрены в плане финансирования (плане развития) организации каждый финансовый год.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № А-4/141 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары, қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Степногорск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу бойынша жұмыс тобын құрсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Степногорск қаласының әкімі Г.Қасенов

 
  Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "17" сәуірдегі
№ А-4/141 қаулысына
қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары).

2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      1. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде не ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі.

      Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.

      2. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және қалалық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары

      1. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      2. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      3. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      4. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

      4) Ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау.

      5. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) қосымша жұмыс істейтін;

      6) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

      7) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

      8) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      9) оқу демалысы кезеңінде;

      10) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      11) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      6. Ынталандыру үстемеақылар және олардың мөлшері Степногорск қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді.

      7. Ынталандыру үстемеақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.

      8. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.