О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 ноября 2023 года № С-8/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау"

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 11 июня 2025 года № С-23/3

      Маслихат города Кокшетау РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кокшетауского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау" от 24 ноября 2023 года № С-8/8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8654-03) следующие изменения и дополнение:

      в приложении 1 к указанному решению:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в год, 1 раз в два года).";

      абзац седьмой подпункта 1) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "лицам, указанным в статьях 4, 5, 6 и 7 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", а так же за исключением лиц, указанных в абзаце одиннадцатом подпункта 1) пункта 11 Правил и лиц с инвалидностью, которым в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации разработаны услуги санаторно-курортного лечения, на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан на основании документов об оплате, 1 раз в год не более 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 1) пункта 11 дополнить абзацем одиннадцатым следующего содержания:

      "пенсионерам по возрасту на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан, на основании документов об оплате 1 раз в два года в размере не более 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.

      Абзац одиннадцатый подпункта 1 пункта 11 вводится в действие со дня официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2025 года.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара не позднее трех месяцев единовременно в размере не более 100 (сто) месячных расчетных показателей социальная помощь оказывается по заявлению без учета доходов.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Кокшетау Д.Акимов

Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № С-23/3 шешімі

      Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.";

      11-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда және де Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көрсетілген адамдарды және абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуге қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.

      11-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.";

      12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмек кірістер есепке алынбай, өтініш бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Әкімов