1. 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, құқықтық статистика саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады."
2. 6-баптың 4-тармағы "заңдарда белгiленген нысандарда," деген
сөздерден кейiн "сондай-ақ прокурор белгiлеген" деген сөздермен
толықтырылсын.
3. 10-баптың 3-тармағында "басқармаларының" деген сөз
"департаменттерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 12-бапта:
1) 3-тармақта:
"құрылымын" деген сөзден кейiн "департаменттер," деген сөзбен
толықтырылсын;
екiншi сөйлемдегi "Басқармалар" деген сөз "Департаменттердiң,
басқармалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
соңғы сөйлемдегi "Басқармалар" деген сөз "Департаменттерде,
басқармалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақта:
сөйлем басындағы "Басқармалар" деген сөз "Департаменттердiң,
басқармалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жөнiндегi көмекшiлердi," деген сөздерден кейiн
"департаменттердiң," деген сөзбен толықтырылсын.
3) 5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;".
5. 48-баптың 1-тармағы "прокуратура органдары" деген сөздерден кейiн "департаменттерiнiң," деген сөзбен толықтырылсын.
6. 49-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгiлеген кезде сыныптық
шендер мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi бiлiктiлiк сыныптарына
теңестiрiлуi мүмкiн."
7. 52-баптың 1) тармақшасы "қатынастары" деген сөзден кейiн
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы"
Заң күшi бар Жарлығымен," деген сөздермен толықтырылсын.
8. 53-баптың 1-тармағы "сыныптық шенi" деген сөздерден кейiн
"не бiлiктiлiк сыныптары" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
оқығандар:
Багарова Ж.
Икебаева А.