1) 52-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға
негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.";
екiншi бөлiктегi "өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен" деген сөздер алып
тасталсын;
2) 53-баптың 2-тармағындағы "не борышкердiң өз банкроттығын несие
берушiлермен келiсiм негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми жариялауы
арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
3) 55-баптың атауы мен мәтiнiндегi "тарату iсiн", "тарату iсi"
деген сөздер "конкурстық iстi", "конкурстық iс" деген сөздермен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
оқығандар:
Багарова Ж.
Икебаева А.