Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 319-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

      5) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) асыл тұқымдық кітап – белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер жиынтығы;";

      "15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар; асыл тұқымды аналық бал ара, сондай-ақ асыл тұқымды бал ара ұясы, аталық бал араның ұрығы, асыл тұқымды аналық бал арадан алынған жұмыртқалар, құртшабақтар;";

      23) тармақша алып тасталсын;

      33) тармақша "тұқымдық" деген сөзден кейін "және өнімділік" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамыту үшін оның экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жағдай жасау.

      2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

      2) асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алуды ұйымдастыру;

      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау;

      5) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру мен дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру.

      3. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:

      1) асыл тұқымды малдардың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы есепке алудың анықтығы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтығы;

      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.";

      4) 9-баптың төртінші бөлігі "орталықтар" деген сөзден кейін "осы Заңға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналарға:

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысының, оны есепке алу мен есептіліктің жай-күйіне;

      асыл тұқымды жануарларды бонитеттеу және (немесе) индекстік бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;";

      6) 16-2-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "(заңды тұлға үшін)" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "(заңды тұлға үшін)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Уәкілетті органды республикалық палата ретінде қызметін бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлға:

      1) әділет органдарында осы Заңның 28-2-бабы 5-тармағының талаптары ескеріле отырып, республикалық палата нысанында тіркелуге;

      2) осы Заңның 28-3-бабының 9-тармағында көзделген өкілеттіктерді уақтылы және сапалы орындауға;

      3) штатында тиісті мамандықтар бойынша жұмыскерлері болуға міндетті.

      Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      2) тиісті "ауыл шаруашылығы және биоресурстар" немесе "ветеринария" мамандықтары бойынша жұмыскерлердің штатын растайтын құжаттардың көшірмесі.";

      7) 16-3-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығы ескеріле отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.";

      8) 18-бапта:

      тақырыптағы "және өткізу" деген сөздер "және (немесе) өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "және өткізу" деген сөздер "және (немесе) өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      4) тармақшадағы "және өткізіледі" деген сөздер "және (немесе) өткізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ұрықтың импортына да қолданылады.";

      3-тармақтың 4) тармақшасындағы "және өткізіледі" деген сөздер "және (немесе) өткізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 20-баптың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынақтарға) және (немесе) геномдық бағалауға;

      ұрпақ сапасы бойынша бағалауға және (немесе) геномдық бағалауға жатады.";

      10) 28-2-баптың 5-тармағында:

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында бал аралардың барлық тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады.";

      төртінші бөліктегі "бал ара шаруашылығы," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 28-3-бапта:

      3-тармақта:

      үшінші бөліктегі "кеңесінің құрамы жыл сайын үштен біріне" деген сөздер "кеңесі құрамының үштен бірі екі жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "өңірлердің тең" деген сөздер "өңірлер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      6) тармақша "кітаптарды" деген сөзден кейін "уәкілетті орган белгілеген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "бонитирлеу" деген сөз "асыл тұқымды жануарларды есепке алуды жүргізуге және оның жай-күйіне, бонитеттеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар; асыл тұқымды аналық бал ара, сондай-ақ асыл тұқымды бал ара ұясы, аталық бал араның ұрығы, асыл тұқымды аналық бал арадан алынған жұмыртқалар, құртшабақтар;".

      3. "Бал ара шаруашылығы туралы" 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аналық бал ара – молықтыру функциясын орындайтын, дамыған жыныстық жүйесі бар бал ара ұясының дара аналығы;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) аспаптық ұрықтандыру пункті – арнайы жабдықты пайдаланып, аналық бал араларды жасанды ұрықтандыру жүргізілетін арнаулы үй-жай;

      1-2) асыл тұқымды аналық бал ара – ұрпағына тұрақты түрде беретін асыл тұқымдық құндылығымен сипатталатын, өнімділігі жоғары бал ара ұясының таза тұқымды аналық бал арасы;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) асыл тұқымды бал ара ұясы – асыл тұқымды аналық бал арадан, сондай-ақ бал аралардан, аталық бал арадан және белсенді кезеңде асыл тұқымды аналық бал арадан алынған тұқымдықтан тұратын өнімділігі жоғары тұтас биологиялық бірлік;";

      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) аталық бал ара – молықтыру функциясын орындайтын бал ара ұясының дара аталығы;

      3-2) бал – бал аралардың жинаушылық және физиологиялық қасиеттері нәтижесінде алынған, өсімдіктер шірнесінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінің бөліндісінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінде паразиттік тіршілік ететін жәндіктердің бөліндісінен пайда болатын, бал аралар жинайтын, өздері бөлетін ерекше заттарымен араластырып түрлендіретін, кәрездер ұяшығына салатын, сусыздандыратын, жинақтайтын және пісіп-жетілуі үшін кәрездерде қалдыратын табиғи өнім;

      3-3) бал аралардың кәрез пакеті – тасымалдау үшін жәшікке жиналған, кәрездері мен тұқымдығы бар бал ара ұясы;

      3-4) бал аралардың кәрезсіз пакеті – тасымалдауға арналған, кәрезсіз жәшіктегі аналық бал ара мен қорегі бар бал аралар;";

      4), 6), 7), 10) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бал араның бал ұясы – бір немесе бірнеше бал ара ұясын ұстауға арналған құрылысжай;";

      "6) бал ара тұқымы – белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда қалыптасқан, селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы нәтижесінде морфологиялық, физиологиялық және шаруашылықта пайдалы қасиеттерді іріктеу, сұрыптау арқылы сүйемелденетін, мұрагерлік бойынша тұрақты түрде берілетін белгілер жиынтығына ие жалпы тектес бал ара ұяларының тобы;

      7) балауыз тетiк – бал ара немесе аталық бал ара ұяшықтарының бедерлі түбі бар балауыз парақ;";

      "10) бал ара ұясы – аналық бал арадан, бал аралардан, аталық бал аралардан, белсенді кезеңде тұқымдығы бар ұядан және қоректен тұратын қоғамдастық;";

      "12) бал ара шаруашылығы өнiмдерi – бал ара ұясының жинаушылық және физиологиялық қасиеттерi арқасында алынған өнiмдер;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) оқшауланған шағылыстыру пункті – бал аралардың аудандастырылған тұқымдарын, бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтауға, жақсартуға және молықтыруға арналған, жергілікті жердің әдейі таңдалған учаскесі;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) омарта – бал ара ұялары бар белгiлi бiр жерде орналастырылған бал араның бал ұялары;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) омартаның ветеринариялық паспорты – омартаның иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген ветеринариялық өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;";

      2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты – бал ара шаруашылығын дамыту, сондай-ақ бал араларды қорғау мен сақтау үшін жағдай жасау.

      2. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:

      1) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

      2) бал ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      3) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру және дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру;

      4) бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыру;

      5) бал ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау.

      3. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:

      1) бал ара тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) бал ара шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау;

      3) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тең қолжетімділік;

      4) бал ара шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы;

      5) бал ара шаруашылығын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.";

      3) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және стационарлық омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінде орналастырылуға тиіс.

      Стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарды энтомофильді өсімдіктерді егу және (немесе) отырғызу арқылы іргелес аумақтарда бал шырынды базаны ұйымдастыратын стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарға бес километрге жақын жерде орналастыруға жол берілмейді.

      Стационарлық және көшпелі омарталарды бұрын орналастырылған басқа омартадан бал жинау көздеріне қарай бал аралардың ұшу жолында орналастыруға жол берілмейді.";

      4) 13-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) 14-1-бапта:

      тақырыптағы "Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бал араларды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды және (немесе) қамтамасыз етуді;";

      6) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Омарталарды есепке алу және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар әрбір омартаға ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысанда омартаның ветеринариялық паспортын береді.";

      7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығы саласындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) өсіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бал аралардың аудандастырылған тұқымдары мен бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтау, жақсарту және молықтыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктін және (немесе) аспаптық ұрықтандыру пунктін аша алады.

      3. Жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктінде қызметін жүзеге асыру кезінде бір мезгілде мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) ұрықтандырылмаған аналық бал араларды шығу тегі белгілі бір тұқымның аталық бал араларымен бақыланатын жұптастыру бойынша қызметтер көрсету;

      2) оқшауланған шағылыстыру пункті жұмысының бүкіл кезеңінде тиісті сападағы аталық ұяларды күтіп-ұстау және аталық бал аралардың жеткілікті санының болуы;

      3) аналық бал араның жұмыртқа салуының басталуы туралы құжатты және аталық ұялардың шығу тегі туралы деректерді беру;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де талаптарды сақтау.

      4. Оқшауланған шағылыстыру пункті үшін берілген жергілікті жер учаскесінің айналасында радиусы жеті километр болатын қорғаныш аймағы белгіленеді. Қорғаныш аймағына селекциялық процеске қатыспайтын аталық бал аралары бар бал ара ұяларын әкелуге тыйым салынады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жұмыс істейтін республикалық палаталарды асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жібермей, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде енгізеді.

      Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне енгізілген республикалық палаталар тізілімге енгізілгеннен кейін үш ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және он бірінші абзацтарында көзделген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

      Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарының талаптары осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген республикалық палаталарға олар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне енгізілгеннен кейін үш ай өткен соң қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам племенного животноводства и пчеловодства

Закон Республики Казахстан от 19 июня 2026 года № 319-VIII ЗРК

Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О племенном животноводстве":

      1) по всему тексту слова "областей, городов республиканского значения, столицы" заменить словами "столицы, областей, городов республиканского значения";

      2) в статье 1:

      подпункты 1) и 2) исключить;

      подпункты 5) и 15) изложить в следующей редакции:

      "5) племенная книга – свод данных по происхождению, продуктивности и иным качествам племенных животных определенной породы с учетом их племенной ценности;";

      "15) племенная продукция (материал) – племенное животное, а также семя, эмбрионы, инкубационное яйцо, суточные цыплята, икра, личинки и молодь рыб, полученные от племенных животных; племенная пчелиная матка, а также племенная пчелиная семья, сперма трутней, яйца, личинки, полученные от племенной пчелиной матки;";

      подпункт 23) исключить;

      подпункт 33) после слова "племенных" дополнить словами "и продуктивных";

      3) статью 2 изложить в следующей редакции:

      "Статья 2. Цель, задачи и принципы законодательства Республики Казахстан о племенном животноводстве

      1. Целью законодательства Республики Казахстан о племенном животноводстве является создание условий для развития отрасли племенного животноводства, направленных на повышение ее экономической эффективности и конкурентоспособности.

      2. Задачами законодательства Республики Казахстан о племенном животноводстве являются:

      1) государственное регулирование деятельности в области племенного животноводства;

      2) организация учета племенной продукции (материала);

      3) обеспечение государственной поддержки племенного животноводства;

      4) государственный контроль в области племенного животноводства;

      5) организация и развитие селекционной и племенной работы, а также внедрение современных методов селекции.

      3. Принципами законодательства Республики Казахстан о племенном животноводстве являются:

      1) обеспечение сохранения генофонда племенных животных, в том числе пород с ограниченным генофондом;

      2) достоверность учета в области племенного животноводства и его открытость в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      3) обеспечение научного сопровождения отрасли племенного животноводства.";

      4) часть четвертую статьи 9 дополнить словами "в соответствии с настоящим Законом";

      5) подпункт 1) пункта 3 статьи 16 изложить в следующей редакции:

      "1) осуществлять государственный контроль за:

      состоянием селекционной и племенной работы, ее учета и отчетности у субъектов в области племенного животноводства, физических и юридических лиц, получивших бюджетные субсидии;

      качеством услуг по бонитировке и (или) индексной оценке племенных животных;";

      6) в статье 16-2:

      в подпункте 1) части второй пункта 4 слова "(для юридического лица)" исключить;

      в подпункте 1) части второй пункта 5 слова "(для юридического лица)" исключить;

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. Юридическое лицо, уведомившее уполномоченный орган о начале деятельности в качестве республиканской палаты, обязано:

      1) быть зарегистрированным в органах юстиции в форме республиканской палаты с учетом требований пункта 5 статьи 28-2 настоящего Закона;

      2) своевременно и качественно выполнять полномочия, предусмотренные пунктом 9 статьи 28-3 настоящего Закона;

      3) иметь в штате работников по соответствующим специальностям.

      К уведомлению прилагаются следующие документы:

      1) копия справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      2) копии подтверждающих документов штата работников по соответствующим специальностям "сельское хозяйство и биоресурсы" или "ветеринария".";

      7) часть третью статьи 16-3 изложить в следующей редакции:

      "Данные по происхождению, продуктивности и иным качествам племенных животных определенной породы с учетом их племенной ценности вносятся в племенную книгу.";

      8) в статье 18:

      в заголовке слова "и реализация" заменить словами "и (или) реализация";

      в пункте 1 слова "и реализация" заменить словами "и (или) реализация";

      в пункте 2:

      в абзаце первом слова "и реализуется" заменить словами "и (или) реализуется";

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Требования части первой настоящего пункта распространяются и на импорт семени.";

      в абзаце первом пункта 3 слова "и реализуется" заменить словами "и (или) реализуется";

      9) абзацы третий и четвертый статьи 20 изложить в следующей редакции:

      "оценке (испытаниям) племенных животных по собственной продуктивности и (или) геномной оценке;

      оценке по качеству потомства и (или) геномной оценке.";

      10) в пункте 5 статьи 28-2:

      дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "На территории Республики Казахстан создается одна республиканская палата по всем породам пчел.";

      в части четвертой слово "пчеловодства," исключить;

      11) в статье 28-3:

      в пункте 3:

      в части третьей слова "ежегодно обновляется" заменить словами "обновляется один раз в два года";

      в части четвертой слово "равная" исключить;

      в пункте 9:

      подпункт 6) дополнить словами "в порядке, определенном уполномоченным органом";

      в подпункте 7) слова "мониторинг данных" заменить словами "мониторинг ведения и состояния племенного учета, данных".

      2. В Закон Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "Об охране селекционных достижений":

      подпункт 4) статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "4) племенная продукция (материал) – племенное животное, а также семя, эмбрионы, инкубационное яйцо, суточные цыплята, икра, личинки и молодь рыб, полученные от племенных животных; племенная пчелиная матка, а также племенная пчелиная семья, сперма трутней, яйца, личинки, полученные от племенной пчелиной матки;".

      3. В Закон Республики Казахстан от 12 марта 2002 года "О пчеловодстве":

      1) в статье 1:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) пчелиная матка – женская особь пчелиной семьи с развитой половой системой, выполняющая воспроизводственную функцию;";

      дополнить подпунктами 1-1) и 1-2) следующего содержания:

      "1-1) пункт инструментального осеменения – специализированное помещение, в котором проводят искусственное осеменение пчелиных маток с использованием специального оборудования;

      1-2) племенная пчелиная матка – чистопородная пчелиная матка из высокопродуктивной семьи, характеризующаяся племенной ценностью, которую она устойчиво передает потомству;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) племенная пчелиная семья – целостная высокопродуктивная биологическая единица, состоящая из племенной пчелиной матки, а также пчел, трутней и расплода в активный период, полученных от племенной пчелиной матки;";

      дополнить подпунктами 3-1), 3-2), 3-3) и 3-4) следующего содержания:

      "3-1) трутень – мужская особь пчелиной семьи, выполняющая воспроизводительную функцию;

      3-2) мед – натуральный продукт, полученный в результате собирательных и физиологических свойств пчел, вырабатываемый из нектара растений или выделений живых частей растений, или выделений насекомых, паразитирующих на живых частях растений, которые пчелы собирают, преобразуют, смешивая с производимыми ими особыми веществами, складывают в ячейки сотов, обезвоживают, накапливают и оставляют в сотах для созревания;

      3-3) сотовый пакет пчел – пчелиная семья с сотами и расплодом, собранная в ящик для ее транспортирования;

      3-4) бессотовый пакет пчел – пчелы с пчелиной маткой и кормом в ящике без сотов, предназначенные для транспортирования;";

      подпункты 4), 6), 7), 10) и 12) изложить в следующей редакции:

      "4) улей – сооружение для содержания одной или нескольких пчелиных семей;";

      "6) порода пчел – группа пчелиных семей общего происхождения, сформировавшаяся в определенных природно-климатических условиях, обладающая комплексом признаков, устойчиво передающихся по наследству, поддерживаемых отбором, подбором морфологических, физиологических и хозяйственно полезных свойств в результате селекционной и племенной работы;

      7) вощина – восковой лист с тиснеными донышками пчелиных или трутневых ячеек;";

      "10) пчелиная семья – сообщество, состоящее из пчелиной матки, пчел, трутней, гнезда с расплодом в активный период и корма;";

      "12) продукты пчеловодства – продукты, полученные благодаря собирательным и физиологическим свойствам пчелиных семей;";

      дополнить подпунктом 14-1) следующего содержания:

      "14-1) изолированный случной пункт – специально подобранный участок местности, предназначенный для сохранения, улучшения и воспроизводства районированных пород пчел, местных (аборигенных) популяций пчел;";

      подпункт 15) изложить в следующей редакции:

      "15) пасека – размещенные в определенном месте ульи с пчелиными семьями;";

      дополнить подпунктом 15-1) следующего содержания:

      "15-1) ветеринарный паспорт пасеки – документ установленной формы, в котором указываются владелец пасеки, количество пчелиных семей, сроки и характер проведенных ветеринарных обработок;";

      2) главу 1 дополнить статьей 2-1 следующего содержания:

      "Статья 2-1. Цель, задачи и принципы законодательства Республики Казахстан о пчеловодстве

      1. Целью законодательства Республики Казахстан о пчеловодстве является создание условий для развития пчеловодства, а также охраны и сохранения пчел.

      2. Задачами законодательства Республики Казахстан о пчеловодстве являются:

      1) государственное регулирование деятельности в области пчеловодства;

      2) обеспечение качества и безопасности продуктов пчеловодства;

      3) организация и развитие селекционной и племенной работы, а также внедрение современных методов селекции;

      4) организация учета физических и юридических лиц, занимающихся пчеловодством;

      5) подготовка и переподготовка специалистов в области пчеловодства.

      3. Принципами законодательства Республики Казахстан о пчеловодстве являются:

      1) обеспечение сохранности пород пчел;

      2) создание условий для повышения продуктивности пчеловодства;

      3) равный доступ к осуществлению деятельности в области пчеловодства;

      4) участие физических и юридических лиц в решении вопросов развития пчеловодства;

      5) обеспечение научного сопровождения пчеловодства.";

      3) пункт 2 статьи 6 изложить в следующей редакции:

      "2. Кочевые пасеки должны размещаться у источников медосбора на расстоянии не ближе полутора километров одна от другой и трех километров от стационарных пасек.

      Не допускается размещение стационарных и (или) кочевых пасек ближе пяти километров от стационарных и (или) кочевых пасек, организующих медоносную базу на прилегающих территориях путем посева и (или) посадки энтомофильных растений.

      Не допускается размещение стационарных и (или) кочевых пасек на пути лета пчел с другой ранее размещенной пасеки к источникам медосбора.";

      4) в статье 13:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Статья 13. Перевозка (кочевка) пчелиных семей. Транспортировка пчел в сотовом пакете пчел или бессотовом пакете пчел";

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Транспортировка пчел в сотовом пакете пчел или бессотовом пакете пчел осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      5) в статье 14-1:

      в заголовке слова "областей (городов республиканского значения, столицы)" заменить словами "столицы, областей, городов республиканского значения";

      в абзаце первом слова "областей (городов республиканского значения, столицы)" заменить словами "столицы, областей, городов республиканского значения";

      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) организацию и (или) обеспечение проведения научных исследований в области охраны, воспроизводства и использования пчел на соответствующей административно-территориальной единице;";

      6) статью 15 дополнить пунктом 4 следующего содержания:

      "4. С целью учета пасек и осуществления лечебно-профилактических мероприятий на каждую пасеку государственными ветеринарными организациями, созданными местными исполнительными органами столицы, областей, городов республиканского значения, выдается ветеринарный паспорт пасеки в порядке и по форме, которые определены уполномоченным органом в области ветеринарии.";

      7) статью 17 изложить в следующей редакции:

      "Статья 17. Селекционная и племенная работа в области пчеловодства

      1. Деятельность физических и юридических лиц по разведению и (или) реализации племенной продукции (материала) в области пчеловодства осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о племенном животноводстве.

      2. В целях сохранения, улучшения и воспроизводства районированных пород пчел и местных (аборигенных) популяций пчел физические и юридические лица могут создавать изолированный случной пункт и (или) пункт инструментального осеменения.

      3. Физическим и юридическим лицам при осуществлении деятельности на изолированном случном пункте необходимо соблюдать одновременно следующие требования:

      1) оказывать услуги по контролируемому спариванию неоплодотворенных пчелиных маток с трутнями известного происхождения одной породы;

      2) содержать отцовские семьи надлежащего качества и иметь в наличии достаточное количество трутней на весь период работы изолированного случного пункта;

      3) выдавать документ о начале яйцекладки пчелиной матки и данные о происхождении отцовских семей;

      4) соблюдать иные требования, определенные уполномоченным органом в области племенного животноводства.

      4. Вокруг участка местности, предоставленного для изолированного случного пункта, устанавливается защитная зона радиусом семь километров. В защитную зону запрещается ввоз пчелиных семей с трутнями, не участвующими в селекционном процессе.".

Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Статья 3. Республиканские палаты, действующие до введения в действие настоящего Закона, включаются уполномоченным органом в области племенного животноводства в государственный цифровой реестр разрешений и уведомлений в области племенного животноводства без направления уведомления о начале или прекращении деятельности в области племенного животноводства в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" в течение трех месяцев со дня введения в действие настоящего Закона.

      Республиканские палаты, включенные в государственный цифровой реестр разрешений и уведомлений в области племенного животноводства в соответствии с частью первой настоящей статьи, обязаны в течение трех месяцев после включения в реестр привести свою деятельность в соответствие с требованиями, предусмотренными абзацами восьмым и одиннадцатым подпункта 6) пункта 1 статьи 1 настоящего Закона.

      Требования абзацев седьмого и восьмого подпункта 6) пункта 1 статьи 1 настоящего Закона распространяются на республиканские палаты, указанные в части второй настоящей статьи, по истечении трех месяцев после включения их в государственный цифровой реестр разрешений и уведомлений в области племенного животноводства.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ