Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 18 ақпандағы № 266-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6) және 2-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) креативті индустриялар – жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметі нәтижелерін жасау, шығару, қайта жаңғырту және жаппай тарату жөніндегі индустриялар;

      2-2) креативті индустриялар жұмыскері – кәсіби қызметі креативті қызмет нәтижелерін сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен байланысты жеке тұлға;

      2-3) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі – креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін, креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;

      2-4) креативті индустриялар субъектісі – креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2-5) креативті қызмет – шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет түрлері;

      2-6) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

      2-7) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі – баспасөз архиві) – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 2-8), 2-9) және 2-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-8) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ оларға байланысты құралдар, заттар;

      2-9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

      2-10) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтары – Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын дамыту және тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды білім беру, ғылыми және мәдени әлеуетін пайдаланып жүзеге асыратын ұйымдар;";

      2) 3-бапта:

      тақырыптағы және бірінші абзацтағы "принциптері" деген сөз "қағидаттары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "мәдениетті мемлекеттік қолдау." деген сөздер "мәдениетті және креативті индустрияларды мемлекеттік қолдау," деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақша "мәдени" деген сөзден кейін "және креативті" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-бапта:

      1-1) тармақша "мәдениет" деген сөзден кейін "және креативті индустриялар" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақша "қызметтің" деген сөзден кейін "және креативті индустриялардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) тармақша "мәдениет" деген сөзден кейін "және креативті индустриялар" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) тармақшадағы "мәселелері" деген сөз "және креативті индустриялар мәселелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2) және 35-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;

      33-2) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "35-16) мемлекеттік қоса қаржыландыру жағдайында креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестицияларды тартудың мониторингін жүзеге асырады;";

      4) 8-бапта:

      4-1) тармақша "қызметтің" деген сөзден кейін "және креативті индустриялардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақша "мәдениет" деген сөзден кейін ", креативті индустриялар" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-7) креативті индустриялар саласында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өзін-өзі жетілдіру және таланттарды дамыту үшін жағдайлар жасайды;";

      5) 9-1-бапта:

      5-тармақта:

      5) тармақшадағы "табынуды" деген сөз "бас ұруды, өзін-өзі өлтіруді, порнографияны, есірткі заттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "хабарлауға міндетті." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оларды өткізуге міндетті.

      Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Әндер, пьесалар, әзіл-сықақ монологтары, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ концерттік және театрландырылған іс-шаралар сценарийлері мәтіндерінің мазмұнында осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген белгілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады немесе оларды өткізу тоқтатыла тұрады.";

      6) 10-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлік "қызметкерлер" деген сөзден кейін "мен креативті индустриялар жұмыскерлері" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "шығармашылық" деген сөзден кейін "және креативті" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "шығармашылық" деген сөзден кейін "және креативті" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 14-бапта:

      тақырыптағы "және мәдениет қызметкерінің" деген сөздер ", мәдениет қызметкерінің және креативті индустриялар жұмыскерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Креативті индустриялар жұмыскерінің:

      1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің креативті қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттың қорғалуына;

      2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;

      3) шығармашылық және кәсіптік мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;

      4) креативті қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге құқығы бар.";

      3-тармақтағы "және мәдениет қызметкері" деген сөздер ", мәдениет қызметкері және креативті индустриялар жұмыскері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі "спорт құрылысжайларын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-бап 11) тармақшасындағы "дамыту болып табылады." деген сөздер "дамыту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) жастарды креативті қызметке тартуға жәрдемдесу және олардың креативті индустриялар саласындағы кәсіпкерлік қызметін дамыту болып табылады.";

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-3) жастарды креативті қызметке тарту жөніндегі шараларды, оның ішінде жастардың бастамалары мен жобаларын қолдау арқылы әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;".

      4. "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бапта:

      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "аннотациясын;" деген сөз "аннотациясын ұсынуы қажет." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақтағы "жеті" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Егер фильмнің ұсынылған аннотациясынан осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген белгілерді анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау мүмкін болмаса, уәкілетті орган прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын сұратады.

      Фильмде осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында санамаланған белгілердің болуын анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау үшін сараптама комиссиясы жүргізетін сараптама прокаттауға дейінгі сараптама болып табылады.

      Прокаттау куәлігін алу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасына прокаттауға дейінгі сараптаманы уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

      Сараптама комиссиясы фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын қарайды және фильм ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға ұсынымдар жібереді.

      Сараптама комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу тәртібін, сондай-ақ сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін және оның құрамын уәкілетті орган айқындайды.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Фильм туралы, прокаттау куәлігін беруге бұрын негіз болған, оның ішінде фильмнің аннотациясы негізінде берілген ақпараттың анық болмау және (немесе) бұрмалану фактілері мониторинг барысында анықталған жағдайда уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады.";

      2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган фильмдердің осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлері бойынша ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражат көлемін жыл сайын айқындайды.";

      3) 14-1-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы, 4-тармағының 5) тармақшасындағы "болса;" деген сөз тиісінше "болса, жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 3-тармағының 6) тармақшасы және 4-тармағының 6) тармақшасы және 5-тармағы алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки и развития креативных индустрий

Закон Республики Казахстан от 18 февраля 2026 года № 266-VIII ЗРК

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего Закона см. ст. 2.

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре":

      1) в статье 1:

      подпункты 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6) и 2-7) изложить в следующей редакции:

      "2-1) креативные индустрии – индустрии по созданию, производству, воспроизводству и массовому распространению результатов креативной деятельности физических или юридических лиц;

      2-2) работник креативных индустрий – физическое лицо, профессиональная деятельность которого связана с сохранением, развитием, распространением, использованием результатов креативной деятельности;

      2-3) реестр субъектов креативных индустрий – онлайн-платформа для регистрации и учета субъектов креативных индустрий, администрируемая уполномоченным органом в целях эффективного оказания мер государственной поддержки в сфере креативных индустрий;

      2-4) субъект креативных индустрий – физическое или юридическое лицо, участвующее в креативной деятельности, осуществляющее создание, производство, воспроизводство, массовое распространение результатов креативной деятельности;

      2-5) креативная деятельность – виды экономической деятельности, связанные с коммерциализацией результатов творческой деятельности;

      2-6) сводный электронный каталог библиотек Казахстана – электронный информационный ресурс, содержащий библиографические сведения о фондах библиотек Республики Казахстан;

      2-7) архив печати Республики Казахстан (далее – архив печати) – совокупность печатной продукции, находящейся в фонде Национальной государственной книжной палаты Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 2-8), 2-9) и 2-10) следующего содержания:

      "2-8) нематериальное культурное наследие Республики Казахстан – обычаи, формы представления и выражения, знания и навыки, а также связанные с ними инструменты, предметы, передаваемые из поколения в поколение и являющиеся нематериальной культурной ценностью;

      2-9) Государственный каталог музейного фонда Республики Казахстан – электронный информационный ресурс, содержащий сведения обо всех музейных предметах и музейных коллекциях, включенных в музейный фонд Республики Казахстан;

      2-10) культурные центры Республики Казахстан за рубежом –организации, осуществляющие взаимодействие по вопросам развития и распространения культурных ценностей Республики Казахстан, используя образовательный, научный и культурный потенциал;";

      2) в статье 3:

      в заголовок и абзац первый вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 1) после слова "культуры" дополнить словами "и креативных индустрий";

      подпункт 9) после слова "культурной" дополнить словами "и креативной";

      3) в статье 7:

      подпункт 1-1) дополнить словами "и креативных индустрий";

      подпункт 12) дополнить словами "и креативных индустрий";

      подпункт 21) после слова "культуры" дополнить словами "и креативных индустрий";

      подпункт 25) дополнить словами "и креативных индустрий";

      дополнить подпунктами 33-1), 33-2) и 35-16) следующего содержания:

      "33-1) формирует и ведет реестр субъектов креативных индустрий;

      33-2) разрабатывает и утверждает правила предоставления в имущественный наем (аренду) имущества республиканских государственных организаций культуры;";

      "35-16) осуществляет мониторинг привлечения частных инвестиций в проекты в сфере креативных индустрий при условии государственного софинансирования;";

      4) в статье 8:

      подпункт 4-1) после слова "деятельности" дополнить словами "и креативных индустрий";

      подпункт 7) после слова "культуры" дополнить словами ", креативных индустрий";

      дополнить подпунктом 14-7) следующего содержания:

      "14-7) создает условия для самореализации и развития талантов через развитие предпринимательства в сфере креативных индустрий;";

      5) в статье 9-1:

      в пункте 5:

      подпункт 5) после слова "насилия," дополнить словами "самоубийства, порнографии, наркотических средств,";

      дополнить подпунктом 8) следующего содержания:

      "8) проводить зрелищные культурно-массовые мероприятия с участием зарубежных творческих коллективов и исполнителей на территории Республики Казахстан по согласованию с местными исполнительными органами не позднее чем за тридцать рабочих дней до начала проведения мероприятия.

      Порядок согласования проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий определяется уполномоченным органом.";

      дополнить пунктом 7 следующего содержания:

      "7. Проведение зрелищных культурно-массовых мероприятий с участием зарубежных творческих коллективов и исполнителей на территории Республики Казахстан запрещается или приостанавливается в случае выявления в содержании текстов песен, пьес, юмористических монологов, концертных программ, а также сценариев концертных и театральных мероприятий признаков, предусмотренных подпунктом 5) пункта 5 настоящей статьи.";

      6) в статье 10:

      в пункте 3:

      часть первую после слова "работники" дополнить словами "и работники креативных индустрий";

      часть вторую после слова "творческая" дополнить словами "и креативная";

      пункт 5 после слова "творческую" дополнить словами "и креативную";

      7) в статье 14:

      в заголовке слова "и работника культуры" заменить словами ", работника культуры и работника креативных индустрий";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Работник креативных индустрий имеет право на:

      1) защиту информации, разглашение или утрата которой наносит или может нанести ущерб его интересам, связанным с осуществлением креативной деятельности;

      2) привлечение к своей деятельности третьих лиц;

      3) вступление в общественные объединения, ассоциации и союзы по творческим и профессиональным интересам;

      4) доступ к архивам, библиотекам, музеям и другим организациям культуры для осуществления креативной деятельности.";

      в пункте 3 слова "и работник культуры" заменить словами ", работник культуры и работник креативных индустрий".

      2. В Закон Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе":

      часть первую пункта 3 статьи 74 дополнить словами ", а также имущества республиканских государственных организаций культуры".

      3. В Закон Республики Казахстан от 9 февраля 2015 года "О государственной молодежной политике":

      1) статью 4 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:

      "12) содействие вовлечению молодежи в креативную деятельность и развитие ее предпринимательской деятельности в сфере креативных индустрий.";

      2) статью 6 дополнить подпунктом 13-3) следующего содержания:

      "13-3) обеспечивает разработку и реализацию мер по вовлечению молодежи в креативную деятельность, в том числе путем поддержки молодежных инициатив и проектов.".

      4. В Закон Республики Казахстан от 3 января 2019 года "О кинематографии":

      1) в статье 7:

      подпункт 4) пункта 4 исключить;

      в пункте 5 слово "семи" заменить словом "тридцати";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Уполномоченный орган запрашивает версию фильма, предназначенную для кинопроката, в целях проведения предпрокатной экспертизы в случае, если из представленной аннотации фильма невозможно установить признаки, предусмотренные подпунктом 4) пункта 6 настоящей статьи, а также определить возрастную категорию фильма.

      Предпрокатная экспертиза является экспертизой, проводимой экспертной комиссией для выявления наличия в фильме признаков, перечисленных в подпункте 4) пункта 6 настоящей статьи, а также определения возрастной категории фильма.

      Предпрокатная экспертиза версии фильма, предназначенной для кинопроката в целях получения прокатного удостоверения, осуществляется экспертной комиссией из числа представителей государственных органов, экспертов и специалистов, создаваемой при организации, определяемой уполномоченным органом.

      Экспертная комиссия рассматривает версию фильма, предназначенную для кинопроката, и направляет рекомендации в уполномоченный орган в срок не более десяти рабочих дней со дня предоставления фильма.

      Решение экспертной комиссии оформляется протоколом и носит рекомендательный характер.

      Порядок проведения предпрокатной экспертизы фильмов, а также порядок организации работы экспертной комиссии и ее состав определяются уполномоченным органом.";

      часть первую пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В случае установления фактов недостоверности и (или) искаженности информации о фильме, выявленных в ходе мониторинга, ранее послужившей основанием для выдачи прокатного удостоверения, в том числе на основании аннотации фильма, уполномоченный орган приостанавливает действие прокатного удостоверения.";

      2) часть вторую пункта 2 статьи 12 изложить в следующей редакции:

      "Уполномоченный орган ежегодно определяет объем средств, выделяемых на производство национальных фильмов по видам фильмов, указанным в пункте 1 статьи 10 настоящего Закона.";

      3) подпункт 6) пункта 3, подпункт 6) пункта 4 и пункт 5 статьи 14-1 исключить.

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ