2011 жылғы 26 қарашада Токиода жасалған Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясы мынадай ескертпемен ратификациялансын: "Конвенцияның IV.7, V.1, V.2, V.3, VI.3 және VIII.4-баптары Қазақстан Республикасы үшін қолданылмайды.".
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
| Бейресми ayдарма |
Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясы
Токио, 2011 жылғы 26 қараша
Осы конвенцияның Тараптары:
өзінің қалыптасқан географиялық, мәдени, білім беру және экономикалық қатынастарын нығайтуға деген ортақ ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
ЮНЕСКОНЫҢ Жарғысында айтылғандай "Ұйым халықтың білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етуді өз міндетін етіп қоятынын" еске сала отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірі елдеріндегі білім беру дәстүрлері, жүйелері мен құндылықтарының айтарлықтай әртүрлі екенін тани отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірі елдеріндегі мәдениет пен жоғары білім беру жүйелерінің әртүрлі болуы айрықша игілік екеніне сенімді бола отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірі елдеріндегі білім берудің ілгерілеуіне және жоғары білім беру сапасын үздіксіз арттыруға жәрдемдесу мақсатында олардың адами әлеуетін оңтайлы пайдалану мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ұмтыла отырып,
Әрбір Тараптың азаматтарына, атап айтқанда студенттер мен оқытушыларға ішкі регламенттеу талаптарына тиісті назар аудара отырып, Тараптардың әрқайсысының білім беру жүйесінің мүмкіндіктеріне қол жеткізуді жеңілдетіп, Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінің халқына осы мәдени байлықты толық көлемде пайдалануға мүмкіндік беруді қалай отырып, осындай ынтымақтастық шеңберінде жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану студенттер мен оқытушылардың халықаралық ұтқырлығына ықпал ететініне сенімді бола отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени және технологиялық дамуға, сондай-ақ бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу мақсатында мәдени алмасуды кеңейту қажеттілігін ұғына отырып, көптеген Тарап жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы екіжақты немесе субөңірлік келісімдер жасасқанын еске сала отырып, ал айда бұл ретте ынтымақтастықты бүкіл Азия-Тынық мұхит өңірін кеңейту жолымен осы күш-жігерді осы Конвенцияның көмегімен толықтыруға ұмтыла отырып,
осы Конвенция әлемнің басқа өңірлерін қамтитын ЮНЕСКО-ның тану туралы конвенциясы, сондай-ақ, 1993 жылғы ЮНЕСКО-ның оқу курстары мен жоғары білім туралы куәліктерді тану туралы ұсынымдары аясында қаралуға тиіс екенін ұғына отырып,
жоғарыда аталған конвенциялар қабылдағаннан бері Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінде жоғары білім беру саласы және ұлттық білім беру жүйелерінің ішінде және олардың арасында әртараптандыруды едәуір артуына себеп болған кең ауқымды өзгерістерді, сондай-ақ құқықтық актілер мен практиканы осы процестерге сәйкестікке келтіру қажеттілігін ұғына отырып,
ЮНЕСКО-ның басқа өңірлік конвенцияларының Тараптарымен жаһандық деңгейде белсенді халықаралық ынтымақтастық орнатуға ұмтыла отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірінде студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын арттыруға ықпал ететін, жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тануға байланысты практикалық міндеттер мен проблемалардың бірлескен шешімдерін табу қажеттілігін ұғына отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірі елдеріндегі жоғары білімнің қазіргі жай-күйіне неғұрлым ашық және дұрыс бейімделуі үшін қазіргі тану практикасын жетілдіру қажеттілігін ұғына отырып,
барлық Тараптың басқа Тараптар берген жоғары білім саласындағы біліктіліктерін тануы Тараптар арасындағы академиялық ұтқырлыққа жәрдемдесуге бағытталған маңызды шара болып табылады деп есептей отырып,
әрбір Тараптың мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, өмір бойы білім беруді ынталандыру және білім беруді демократияландыру мақсатында жоғары білім беру саласындағы біліктіліктерді барынша кеңінен тануды қамтамасыз етуді қалай отырып,
әрбір Тараптың біліктілік жүйесін әзірлеу және енгізу құқығы, сондай-ақ оның мекемелерінің дербестігін құрметтей отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар қолданылады:
1983 жылғы Конвенция
1983 жылы 16 желтоқсанда Бангкокта қабылданған Азия және Тынық мұхит мемлекеттеріндегі оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы өңірлік конвенция.
Қол жеткізу (жоғары білімге қол жеткізу)
Тиісті біліктілігі бар адамдардың өз кандидатурасын ұсыну және жоғары білім беру мекемесіне қабылдау мақсатында қаралу құқығы.
Аккредиттеу
Қандай да бір жоғары білім беру саласындағы бағдарлама немесе жоғары білім беру мекемесі белгілі бір стандарттарға сай келеді деп танылуы немесе аттестатталуы мүмкін бағалау және шолу рәсімі.
Қабылдау (жоғары білім беру мекемелеріне және бағдарламаларына қабылдау)
Тиісті біліктілігі бар кандидаттарға белгілі бір жоғары білім беру мекемесінде және/немесе белгілі бір жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін іс-қимыл немесе жүйе.
Бағалау (мекеме немесе бағдарламалардағы бағалау)
Нақты жоғары білім беру мекемесінде немесе нақты жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім сапасын айқындау процесі.
Бағалау (жеке біліктіліктерді бағалау)
Тану мәселелері бойынша өкілетті органның жеке адамның шетелдік жеке біліктілігін жазбаша қорытындылауы немесе бағалауы.
Қоныс аударған адам
Тұрғылықты жерінен немесе тыныс-тіршілік ортасынан кетуге және өз кәсіби қызметін тоқтатуға мәжбүр болған адам.
Тану мәселелері жөніндегі өкілетті орган
Үкімет шетелдік біліктілікті тану мәселелері бойынша ресми түрде шешім қабылдауға уәкілеттік берген мемлекеттік немесе мемлекеттік емес орган.
Тараптың құрамдас бөліктері
Ұлттық, облыстық, федералды немесе өңірлік деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар.
Қол жеткізуге (жоғары білімге) қойылатын жалпы талаптар
Жоғары білімге қол жеткізу үшін барлық жағдайда орындалуға тиіс шарттар.
Жоғары білім
Тараптың тиісті органдары оның жоғары білім беру жүйесін құрайды деп танитын орта білімнен кейінгі деңгейде білім беру, мамандар даярлау немесе зерттеулер.
Жоғары білім беру мекемесі
Тараптың тиісті органдары танитын жоғары білім беретін мекеме.
Жоғары білім беру бағдарламасы
Тараптың тиісті органдары оның жоғары білім беру жүйесін құрайды деп танитын және оны студент аяқтағаннан кейін жоғары білім беру саласында біліктілік алатын оқыту бағдарламасы.
Mutatis Mutandis
"Тиісті айырмашылықтар ескеріле отырып" деген мәнді білдіретін латын ұғымы.
Дәстүрлі емес модельдер
Баламалы оқу тетіктері арқылы алынған біліктіліктерге жатады.
Ішінара оқу курстары
Толық бағдарлама болмаса да, білім мен дағдыларды айтарлықтай меңгеру ретінде қаралуы мүмкін жоғары білім беру бағдарламасының кез келген біртекті бөлігі.
Жоғары білімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін біліктілік
Тиісті органдар оқу бағдарламасының ойдағыдай аяқталғанын растау үшін берген және оның иеленуші жоғары білім беру мекемесіне қабылдау үшін кандидат ретінде қаралу құқығын беретін кез келген біліктілік құжаты.
Жоғары білім беру саласындағы біліктілік
Жоғары білім беру мекемесі берген және жоғары білім беру бағдарламасының ойдағыдай аяқталғанын куәландыратын дәреже беру туралы кез келген құжат, диплом немесе өзге де куәлік.
Сапаны қамтамасыз ету
Мүдделі тараптарға қолайлы стандарттардың сақталып жатқанын және жетілдіріліп жатқанын көрсетуге арналған жоғары білім беру жүйесінің, мекемесінің немесе бағдарламасының сапасын бағалаудың және арттырудың тұрақты процесі.
Алдыңғы оқуды тану
Адамның формалды және/немесе формалды емес оқу нәтижесінде алған білімі мен дағдыларын ресми тану рәсімі.
Біліктілікті тану
Тараптардың тану мәселелері жөніндегі өкілетті органдары белгілейтін және беретін шетелдік білім беру біліктілігінің құндылығын ресми растау.
Орта білім
Бастауыш, қарапайым, дайындық, аралық немесе базалық білімнен кейінгі оқыту сатысының кез келген түрі, оның мақсаты оқушыларды жоғары білім беру жүйесінде оқуға дайындау болуы мүмкін және орта мектепті аяқтағаны туралы куәлік алатын болады немесе оқушыларға жоғары білім беру мекемесіне түсуге құқық береді.
Нақты талаптар (жоғары оқу орнына қабылдау үшін)
Белгілі бір жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқуға рұқсат алу үшін немесе қандай да бір білім саласында белгілі бір жоғары білім біліктілігін алу үшін жалпы талаптарға қосымша орындалуға тиіс шарттар.
ЮНЕСКО дипломдарына қосымша
Еуропа өңіріндегі жоғары білімге қатысты біліктілікті тану тұралы Конвенцияның Тану туралы Лиссабон конвенциясы деген атаумен белгілі анықтамалық құжаты осы қосымша қоса берілетін бастапқы біліктілікте көрсетілген адам өткен және ойдағыдай аяқтаған оқу курстарының сипаттамасын, деңгейін, мәнмәтінін, мазмұны мен мәртебесін сипаттайтын құжатты білдіреді.
II БӨЛІМ. ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАР
1. Қандай да бір Тараптың орталық органдары тану мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға өкілетті болған жағдайда, бұл Тарап осы Конвенцияның ережелерімен тікелей байланысты болып табылады және осы Конвенцияның ережелерінің өз аумағында орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады.
2. Тараптың құрамдас бөліктерін тану мәселелері жөніндегі шешімдер қабылдау өкілеттігіне ие болған жағдайда, бұл Тарап қол қойған кезде немесе ратификациялау, қабылдау туралы өз құжатын сақтауға беру кезінде, бекіту немесе қосылу туралы не кез келген уақытта депозитарийге өзінің конституциялық құрылымы туралы қысқаша мәлімдеме ұсынады. Мұндай жағдайларда Тараптың осылайша белгіленген құрамдас бөліктерін тану мәселелері жөніндегі осы өкілетті органдар Тараптың аумағында осы Конвенция ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады.
3. Жекелеген жоғары білім беру мекемелері немесе өзге де органдар тану мәселелері бойынша шешімдер қабылдау өкілеттігіне ие болған жағдайда, әрбір Тарап өзінің конституциялық құрылысына сәйкес немесе құрылымы осы Конвенцияның мәтінін осындай мекемелерге немесе органдарға береді және олардың ережелерін қолайлы қарауға және қолдануға жәрдемдесу үшін барлық шара қолданады.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері Тараптар өздері осы Конвенцияның кейінгі баптарына сәйкес қабылданатын міндеттемелеріне mutatis mutandis қолданылады.
Әрбір Тарап ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өз құжатына қол қойған кезде немесе одан әрі кез келген уақытта сақтауға берген кезде тану туралы мәселелер бойынша әртүрлі шешімдер қабылдауға өкілетті органдар туралы осы Конвенцияның депозитарийге хабарлайды.
Осы Конвенцияда ешнәрсе Тараптардың бірі берген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тануға қатысты және осы Тарап қолданыстағы немесе болашақ шарттың ережелерімен байланысты осындай шартта қамтылған немесе одан туындайтын неғұрлым қолайлы ережелердің күшін жояды деп есептелмейді.
III БӨЛІМ. БІЛІКТІЛІКТІ БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР
1. Тараптардың бірі берген біліктілік иеленушілер тану мәселелері жөніндегі өкілетті органға жүгінген кезде осы біліктілікті уақтылы бағалау үшін тиісті мүмкіндік алады.
2. Әрбір Тарап біліктілік иеленушінің осы құқықты іске асыруы мақсатында біліктілікті тану туралы өтінішін қарау үшін, ең алдымен, алған білімдер мен дағдылар бағалай отырып, тиісті шаралар қолдануға міндеттенеді.
Әрбір Тарап біліктілікті бағалау және тану кезінде пайдаланылатын рәсімдер мен өлшемшарттардың ашық, келісілген, сенімді, әділ және кемсітусіз сипатын қамтамасыз етеді.
1. Тану туралы шешімдер біліктілікке қатысты тану сұралатын осындай біліктілік туралы тиісті ақпарат негізінде қабылданады.
2. Тиісті ақпарат беру міндеті, ең алдымен, осындай ақпараттың анықтығын қамтамасыз ететін біліктілік иеленушіне жүктеледі.
3. Тараптар өздерінің білім беру жүйелеріне кіретін барлық білім беру мекемесіне осы мекемелерде алынған біліктілікті бағалау мақсатында ақпарат беру туралы кез келген негізі сұрау салуды қанағаттандыруды тапсырады немесе тиісті жағдайларда ұсынады. Атап айтқанда Тараптар өздерінің білім беру жүйелеріне кіретін мекемелерге сұрау салу бойынша және ақылға қонымды мерзімде, сондай-ақ тану сұралатын Тарапты тану мәселелері жөніндегі мекемеге немесе өкілетті органға біліктілік иеленушіге тиісті ақпарат беруді ұсынады.
4. Біліктілікті бағалауға қатысты ақпарат тиісті түрде ұсынылғаннан кейін қандай да бір өтініштің белгіленген талаптарға сай келмейтінің дәлелдеу үшін жауаптылық тану мәселелері жөніндегі өкілетті органға жүктеледі.
Әрбір Тарап біліктілікті тануға жәрдемдесу мақсатында өзінің білім беру жүйесі туралы жеткілікті және түсінікті ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Біліктілікті тану туралы шешімдер тану мәселелері жөніндегі өкілетті орган алдын ала ескерткен және осы сұрау салу бойынша барлық қажетті ақпарат берілген кезден бастап есептелетін ақылға қонымды мерзімдерде қабылданады. Танудан бас тартылған жағдайда осы бас тартудың себептері түсіндіріледі және біліктілік иеленуші тануды алу мақсатында неғұрлым кешірек мерзімде қолдана алатын ықтимал шаралар туралы ақпарат беріледі. Танудан бас тартылған немесе қандай да бір шешім болмаған жағдайда біліктілік иеленушінің қабылданған тиісті рәсімдерге сәйкес апелляцияны әрбір Тарапта ақылға қонымды мерзімде беруге құқығы бар.
IV БӨЛІМ. ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ
Біліктілік алынған Тарапта және осы біліктілікті тану сұралатын Тарапта қол жеткізуге қатысты жалпы талаптар арасында елеулі айырмашылықтардың болуы дәлелденуі мүмкін болатын жағдайлардан басқа әрбір Тарап өзінің жоғары білім беру бағдарламаларының әрқайсысына қол жеткізу мақсатында басқа Тараптар берген және осы тиісті жоғары білім беру бағдарламаларына қол жеткізуге қатысты жалпы талаптарға жауап беретін біліктілікті таниды.
Балама ретінде, Тарапқа басқа траптардың бірі берген біліктілік иеленушіге оның сұрау салуы бойынша осы біліктілікті бағалау мүмкіндігін беру жеткілікті; бұл жағдайда IV.l-баптың ережелері mutatis mutandis қолданылады.
Белгілі бір жоғары білім беру бағдарламасына қабылдау қол жеткізудің жалпы талаптарына қосымша нақты талаптардың орындалуына байланысты болған жағдайда тиісті Тараптың тану мәселелері жөніндегі өкілетті органдары басқа Тараптар берген жоғары білім беру саласындағы біліктілік иеленушіге қатысты қосымша талаптар белгілей алады немесе басқа Тараптар берген жоғары білім беру саласындағы біліктілік иеленушілердің салыстырмалы талаптарға сәйкес келетінін бағалауды жүргізе алады.
Қандай да бір Тараптан алынған орта білім туралы куәліктер қол жеткізудің алғы шарты ретінде тек қосымша емтихандармен бірге жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз еткен жағдайда басқа Тараптар да осы талаптарға байланысты қол жеткізу қоя алады немесе өздерінің меншікті білім беру жүйелері шеңберінде осындай қосымша талаптарды қанағаттандыру үшін балама нұсқа ұсына алады.
IV. 1- IV.4-баптардың ережелеріне нұқсан келтірмей белгілі бір жоғары білім беру мекемесіне немесе осындай мекемеде қандай да бір жоғары білім беру бағдарламасына қабылдау шектеулі немесе селективті болуы мүмкін. Жоғары білім беру мекемесіне және/немесе жоғары білім беру бағдарламасына қабылдау селективті болған жағдайларда III бөлімде баяндалған әділдік пен кемсітпеушіліктің негізгі салынатын қағидаттарына сәйкес жоғары білім беру саласындағы шетелдік біліктілікке бағалау жүргізуді қамтамасыз ететін қабылдау рәсімдері белгіленеді.
IV. 1-IV.5-баптардың ережелеріне нұқсан келтірмей белгілі бір жоғары білім беру мекемесіне біліктілік иеленуші тиісті оқытудан нәтижелі өтуге дайын болуы үшін қабылдау біліктілік иеленуші тиісті мекемесінде оқыту жүргізілетін тілді немесе тілдерді немесе арнайы айтылған басқа да тілдерді жеткілікті дәрежеде меңгергенін растау қажеттілігімен негізделуі мүмкін.
Бір Тарапта жоғары білімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін дәстүрлі емес модельдер арқылы алынған біліктілік басқа Тараптарда әділ бағаланады.
Әрбір Тарап Жоғары білім беру бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында өз аумағында жұмыс істеп тұрған шетелдік білім беру мекемелері берген біліктілікті ұлттық заңнаманың нақты талаптарына немесе осындай мекемелер ұсынған Тараппен жасалған нақты келісімдерге байланысты тани алады.
V. БӨЛІМ. ІШІНАРА ОҚУ КУРСТАРЫН ТАНУ
Әрбір Тарап тиісті жағдайларда басқа Тараптардың бірінде жоғары білім беру бағдарламасы бойынша өткен ішінара оқу курстарын таниды немесе кем дегенде бағалайды. Бұл тану Тараптың аяқталған ішінара оқу курстары мен жоғары білім беру бағдарламасының бір бөлігі және/немесе жоғары білім берудің толық бағдарламасы арасындағы елеулі айырмашылықтар көрсетілуі мүмкін жағдайлардан басқа, тану сұралатын Тараптың жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтау мақсатында осындай ішінара оқу курстарын есепке жатқызу болып табылады.
V. l-баптың ережелері дәстүрлі емес модельдер арқылы өткізілетін ішінара оқу курстарына mutatis mutandis қолданылады.
Атап айтқанда әрбір Тарап мынадай жағдайларда ішінара оқу курстарын тануға жәрдемдеседі:
(a) мыналар бұрын жасалған келісім болған жағдай:
(i) жоғары білім беру мекемесі немесе тиісті ішінара оқу курстарына жауап беретін тану мәселелері жөніндегі өкілетті орган, мен
(ii) жоғары білім беру мекемесі немесе сұралып отырған тануға жауап беретін тану мәселелері жөніндегі өкілетті орган, және
(b) ішінара оқу курстары аяқталған жоғары білім беру мекемесі білім алушының көрсетілген ішінара оқу курстарына қатысты белгіленген талаптарды сәтті орындағанын куәландыратын куәлік немесе сынақ- емтихан ведомосінен үзінді-көшірме берген жағдай.
VI БӨЛІМ. ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ
Елеулі айырмашылықтар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайлардан басқа, тану туралы шешім негізінен жоғары білім беру саласындағы біліктілікпен куәландырылатын білім мен дағдыларға негізделуіне байланысты әрбір Тарап, екінші Тарап берген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті таниды.
Тараптың екінші Тарап берген жоғары білім беру саласындағы біліктілік иеленушісіне осындай біліктілікті бағалау мүмкіндігін оның иеленушісінің сұрау салуы бойынша балама ретінде беруі жеткілікті болады; бұл жағдайда VI.l.-баптың ережелері mutatis mutandis қолданылады.
VI. 1 және VI.2-баптардың ережелері mutatis mutandis Тараптың білім беру жүйесі шеңберінде және ішкі регламенттеу талаптарына сәйкес дәстүрлі емес модельдер арқылы алынған жоғары білім беру саласындағы біліктілікке қолданылады.
Тараптың басқа Тараптардың бірі берген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тануы мынадай бір немесе бірнеше салдарға алып келуі мүмкін:
(a) тиісті емтихандарды қоса алғанда, білім беру жүйесінде одан әрі оқуға немесе тану сұралатын Тараптың біліктілік иеленушілеріне қолданылатын шарттарға ұқсас жоғары оқу орнынан кейінгі оқуға даярлыққа қол жеткізу;
(b) тану сұралатын Тараптың заңдары мен қағидаларын сақтай отырып немесе оның юрисдикциясымен ғылыми дәрежені пайдалану;
(c) тану сұралатын Тараптың заңдары мен қағидаларына сәйкес немесе оның юрисдикциясымен сәйкес жалдау бойынша жұмыс істеу мүмкіндіктеріне қол жеткізу.
Екінші Тарап берген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану мәселелері бойынша Тараптың өкілетті органының бағалауы мынадай бір немесе бірнеше құрылымдарға/тұлғаларға:
(a) оның бағдарламаларына қабылдау мақсатында қандай да бір білім беру мекемесіне;
(b) тану мәселелері жөніндегі кез келген басқа өкілетті органға;
(c) әлеуетті жұмыс берушілерге бағытталған ұсыным нысанында пайдаланылуы мүмкін.
Әрбір Тарап ұлттық заңнаманың нақты талаптары немесе осындай білім беру мекемелері тиесілі Тараппен жасалған нақты келісімдер сақталған жағдайда өзінің аумағында жұмыс істеп тұрған шетелдік жоғары білім беру мекемелері берген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тани алады.
VII БӨЛІМ. БІЛІКТІЛІК ИЕЛЕНУШІЛЕРІ БОСҚЫНДАР, ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР ЖӘНЕ БОСҚЫНДАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АДАМДАР БОЛАТЫН БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ
Әрбір Тарап өзінің білім беру жүйесі шеңберінде және өзінің конституциялық, құқықтық және регламенттеуші ережелеріне сәйкес босқындар, қоныс аударушылар және босқындар жағдайындағы адамдар жоғары білім беру бағдарламаларына қол жеткізу үшін немесе еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында біліктілікті тану үшін, тіпті Тараптардың бірінде алған біліктілікті құжатпен растауға болмайтын жағдайларда да тиісті талаптарға сай келетін - сай келмейтінін әділ және жылдам бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған алдыңғы оқытуды тануды қоса алғанда, рәсімдерді әзірлеу бойынша барлық ақылға қонымды шара қолданады.
VIII БӨЛІМ. БАҒАЛАУ/АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТ
Әрбір Тарап өзінің жоғары білім беру жүйесіне кіретін кез келген білім беру мекемесі бойынша және өзінің сапаны қамтамасыз ету жүйесі бойынша басқа Тараптарды тану мәселелері жөніндегі өкілетті органдарға осы мекемелер берген біліктілік сапасын осы тану сұралатын Тараптың тануына негіз беретініне көз жеткізу үшін тиісті ақпарат береді. Мұндай ақпарат:
(a) оның жоғары білім беру жүйесінің сипатын;
(b) оның жоғары білім беру жүйесіне кіретін жоғары білім беру мекемелерінің әр түріне шолуды және білім беру мекемелерінің әрбір түрінің негізгі сипаттамаларын;
(c) біліктіліктің әр түрін беру жөніндегі өкілеттіктерін, сондай-ақ білім беру мекемесінің және бағдарламасының әрбір түріне қол жеткізу үшін қойылатын талаптар көрсетіле отырып, оның жоғары білім беру жүйесін құрайтын, танылған және/немесе аккредиттелген жоғары білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және жекеменшік) тізбесін;
(d) сапаны қамтамасыз ету тетіктерін түсіндіруді; және
(e) осы Тарап өзінің жоғары білім беру жүйесіне кіреді деп санайтын, оның аумағынан тыс жерлерде орналасқан білім беру мекемелерінің тізбесін қамтиды.
Әрбір Тарап жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тануға жәрдемдесу мақсатында тиісті, нақты және жаңартылған ақпаратты:
(a) өзінің жоғары білім беру жүйесі және жоғары білім беру саласындағы біліктіліктері туралы сенімді және нақты ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету;
(b) жоғары білім беру жүйелері және басқа Тараптардың жоғары білім беру саласындағы біліктіліктері туралы ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету; және
(c) ұлттық заңдар мен кағидаларға сәйкес біліктілікті тану және бағалау мәселелері бойынша консультация беру немесе хабардар ету арқылы ұсынады.
Әрбір Тарап жоғары білім беру жүйесі туралы ақпарат беретін ұлттық ақпараттық орталықты құру және қолдау бойынша тиісті шаралар қолданады. Ұлттық ақпарат орталығының түрлері өзгеруі мүмкін.
Тараптар өздерінің ұлттық ақпарат орталықтары арқылы немесе өзге де тәсілдермен, мыналарды:
(a) "ЮНЕСКО дипломдарына қосымшаларды" немесе кез келген басқа салыстырмалы біліктілік қосымшаларын; және
(b) ЮНЕСКО/ЭЫДҰ дайындаған "Трансшекаралық жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету" басты қағидаттарын және/немесе олардың тиісті ұлттық заңдары мен қағидаларын ескере отырып, олардың тиісті жоғары білім беру мекемелері әзірлеген кез келген салыстырмалы құжатты пайдалануға жәрдемдеседі.
Осы Конвенцияның орындалуын бақылау, оны жүзеге асыруға жәрдемдесу және жеңілдету жөніндегі орган бұдан әрі "Комитет" деп аталатын Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхит өңірлік конвенцияның комитеті болып табылады.
1. Осымен құрамына әр Тараптан бір-бірден өкіл кіретін Комитет құрылады.
2. Осы Конвенцияның Тараптары болып табылмайтын мемлекеттер Комитет отырыстарына байқаушылар ретінде қатыса алады. Осы өңірдегі тану мәселелері бойынша айналысатын үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Комитет отырыстарына байқаушылар ретінде шақырылуы мүмкін.
3. Комитет Тараптардың өкілетті органдарын осы Конвенцияны жүзеге асыру процесінде тану мәселелері бойынша және олар жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы өтініштерді қараған кезде бағдарлау үшін ұсынымдарды, декларацияларды, хаттамалар мен озық практика модельдерін Тараптардың көпшілік дауысымен қабылдай алады. Бұл құжаттардың Тараптар үшін міндетті күші болмаса да, Тараптар оларды ұстануға, оларды тану мәселелері бойынша барлық жағынан өкілетті органдардың назарына жеткізуге және олардың қолданылуын көтермелеуге ұмтылады.
4. ЮНЕСКО қамқорлығымен қабылданған оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы конвенцияларды қолдану мәселелерімен айналысатын Комитет ЮНЕСКО-ның өңірлік комитеттерімен байланыс орнатады.
5. Тараптардың қарапайым көпшілігі кворум құрайды.
6. Комитет өзінің Рәсім қағидаларын қабылдайды. Ол өзінің кезекті отырыстарын кемінде үш жылда бір рет өткізеді. Комитет осы Конвенция күшіне енген жыл ішінде бірінші рет, содан кейін - оны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешу үшін алғашқы бес жыл ішінде жыл сайын жиналады.
7. Комитетке хатшылық қызмет көрсету ЮНЕСКО-ның Бас директорына жүктеледі.
1. Осы Конвенцияны тану мәселелері жөніндегі ұлттық өкілетті органдардың академиялық ұтқырлық және тану мәселелері жөніндегі іс жүзінде жүзеге асыруына қолдау және жәрдем көрсететін ұлттық ақпарат орталықтарының желісі құрылады.
2. Әрбір Тарап ұлттық ақпарат орталықтары желісінде жұмыс істеу үшін өзінің ұлттық ақпарат орталығы мүшелерінің бірін тағайындайды. Бірнеше ұлттық ақпарат орталықтары құрылған немесе болған жағдайда, олардың барлығы осы желінің мүшелері болып табылады, бірақ тиісті ұлттық акпарат орталықтары бір ғана дауысқа ие болады.
3. Ұлттық ақпарат орталықтар желісі жыл сайын жалпы отырыс өткізеді, онда ол өзінің Төрағасы мен Төралқасын сайлайды.
4. Ұлттық ақпарат орталықтар желісіне хатшылық қызмет көрсету ЮНЕСКО-ның Бас директорына жүктеледі.
5. Ұлттық ақпарат орталықтар желісі Тараптардан академиялық тану және ұтқырлық мәселелері бойынша тиісті ақпарат жинауды жүзеге асырады.
1. Осы Конвенция ЮНЕСКО-ға мүше барлық мемлекеттер мен Қасиетті тақ қол қоюы және ратификациялауы, қабылдауы, бекітуі немесе қосылуы үшін ашық болады.
2. Бұл мемлекеттер осы Конвенцияның ережелерімен байланысты болуға өз келісімін төмендегі жолмен білдіре алады:
(a) ратификациялауға, қабылдауға, бекітуге немесе қосылуға қатысты ескертпесіз қол қою;
(b) ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе кейіннен ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу арқылы; немесе
(c) ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру.
3. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттар бұдан әрі "депозитарий" деп аталатын ЮНЕСКО-ның Бас директорына сақтауға тапсырылады.
Осы Конвенция Азия-Тынық мұхит өңірінен ЮНЕСКО-ға мүше бес мемлекет осы Конвенцияның ережелерімен байланысты болуға өзінің келісімін білдірген күннен бастап бір ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді. Ол әрбір басқа мемлекет үшін осы мемлекет Конвенцияның ережелерімен байланысты болуға өзінің келісімін білдірген күннен бастап бір ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.
1. 1983 жылғы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылмайтын осы Конвенцияның Тараптары 1983 жылғы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болудан бас тартуға міндеттенеді.
2. бір уақытта 1983 жылғы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын осы Конвенцияның Тараптары:
(a) осы Конвенцияның ережелерін өздерінің өзара қатынастарында қолданады; және
(b) осы Конвенцияның Тарапы болып табылмайтын 1983 жылғы Конвенцияның кез келген басқа Уағдаласушы Тарапымен өз қатынастарында 1983 жылғы Конвенцияны қолдануды жалғастырады.
1. Кез келген мемлекет ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою немесе сақтауға тапсыру сәтінде осы Конвенция қолданылатын аумақты немесе аумақтарды көрсете алады.
2. Кез келген Tapan бұдан әрі кез келген уақытта депозитарийдің атына жіберілген өтініш арқылы осы Конвенцияның қолданылуын өтініште көрсетілген кез келген басқа аумаққа тарата алады. Мұндай аумаққа қатысты Конвенция депозитарий осындай өтінішті алған күннен бастап бір ай кезең өткеннен кейін айдың бірінші күні күшіне енеді.
1. Кез келген Tapaп кез келген уақытта депозитарийге хабарлама жіберу арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады.
2. Мұндай күшін жою депозитарий хабарламаны алған күннен бастап он екі ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді. Бұл ретте күшін жою осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес бұрын қабылданған тану туралы шешімдерді қозғамайды.
3. Тараптардың бірі осы Конвенцияның міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізу үшін елеулі маңызды болып табылатын қандай да бір ережені бұзу нәтижесінде осы Конвенцияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы мәселе халықаралық құқыққа сәйкес шешіледі.
1. Кез келген мемлекет ратификациялау, тану, бекіту немесе қосылу туралы өз құжатына қол қою немесе сақтауға тапсыру сәтінде осы Конвенцияның мынадай баптарының бірін немесе бірнешеуін толық немесе ішінара қолданбау құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдей алады: IV.7-бaп, V.l-бап, V.2-бaп, V.3-бaп, VI.3-бaп және VIII.4-бaп. Басқа ескертпелерге жол берілмейді.
2. Алдыңғы тармаққа сәйкес ескертпе жасаған кез келген Тарап депозитарийге хабарлама жіберу арқылы оны толық немесе ішінара алып тастай алады. Ескертпені алып тастау депозитарий осындай хабарламаны алған күні күшіне енеді.
3. Осы Конвенцияның қандай да бір ережесіне қатысты ескертпе жасаған Тарап кез келген басқа Тараптың осы ережені қолдануын талап ете алмайды; алайда, егер оның ескертпесі ішінара немесе шартты болса, ол бұл ережені өзі қабылдаған дәрежеде қолдануды талап етуі мүмкін.
1. Осы Конвенцияға түзетулерді Комитет Тараптардың үштен екі көпшілік даусымен қабылдай алады. Осылайша қабылданған кез келген түзету осы Конвенцияның хаттамасына енгізіледі. Хаттамада оның күшіне ену шарттары көрсетіледі, олар кез келген жағдайда Тараптардың осы Хаттаманың міндетті сипатымен келісуін талап етеді.
2. Жоғарыда 1-тармақта көзделген рәсімге сәйкес осы Конвенцияның III бөліміне түзетулер енгізуге жол берілмейді.
3. Түзетулер енгізу туралы кез келген ұсыныс депозитарийдің назарына жеткізіледі, ол оны Комитет отырысына дейін үш айдан кешіктірмей Тараптарға береді. Депозитарий ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесін хабардар етеді.
Депозитарий осы Конвенцияның Тараптарын, сондай-ақ ЮНЕСКО-ға басқа мүше-мемлекеттерді төменде көрсетілген оқиғалардың кез келгені туралы хабардар етеді:
(a) X. 1.2-баптың ережелеріне сәйкес жасалған кез келген қол қою;
(b) X. 1.2-баптың ережелеріне сәйкес ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы кез келген құжатты сақтауға тапсыру;
(c) Х.2-баптың ережелеріне сәйкес осы Конвенцияның күшіне ену күні;
(d) Х.6-баптың ережелеріне сәйкес жасалған кез келген ескертпені енгізу немесе алып тастау;
(e) Х.5-баптың ережелеріне сәйкес осы Конвенцияның кез келген күшін жою;
(f) X. 4-баптың ережелеріне сәйкес жасалған кез келген мәлімдеме;
(g) X. 7-баптың ережелеріне сәйкес енгізілген кез келген ұсыныс;
(h) ІІ. 2-баптың ережелеріне сәйкес жасалған тану мәселелері бойынша өкілетті органдарға қатысты кез келген хабарлама;
(і) осы Конвенцияға қатысты кез келген басқа әрекетке, хабарландыруға немесе хабарламаға.
Төменде қол қойған тиісті түрде уәкілетті өкілдер куәландыру үшін осы Конвенцияға қол қойды.
Токиода 2011 жылғы қарашаның жиырма алтыншы күні ағылшын, қытай және орыс тілдерінде жасалды, барлық үш мәтіннің күші бірдей, бір данада Біріккен Ұлттар Ұйымының архивіне сақтауға тапсырылды.
ҚОЛ ҚОЮШЫЛАР
26 ҚАРАША 2011
Куәландырылған көшірме | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БАСҚАРМАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ШЫНАЙЫ КӨШІРМЕ |
Париж, | 31/10/2024 |
Мөрі | |
Қолы | |
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі заң кеңесшісі | |
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы |
Г.Көбенова |