Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 маусымдағы № 202-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 129-баптың 12-тармағының 8) тармақшасындағы "бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды." деген сөздер "бақылау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.";

      2) 138-баптың 119) тармақшасындағы "сақталуына жүзеге асырылады." деген сөздер "сақталуына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 120) тармақшамен толықтырылсын:

      "120) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласындағы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.".

      2. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 31-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында:

      "қызметтік үй-жайлармен," деген сөздерден кейін "ғимараттармен, құрылысжайлармен," деген сөздермен толықтырылсын;

      "аумақтық әскерлерді арнаулы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды" деген сөздер "соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін арнайы өрістетуді жүргізуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиындар" деген сөз "әскери жиындар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 32-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында:

      "қызметтік үй-жайлармен," деген сөздерден кейін "ғимараттармен, құрылысжайлармен," деген сөздермен толықтырылсын;

      "аумақтық әскерлерді арнаулы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды" деген сөздер "соғыс уақытының штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін арнайы өрістетуді жүргізуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиындар" деген сөз "әскери жиындар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "қатынас жолдарын техникалық жабуды ұйымдастыру;";

      2) 11-баптың бірінші бөлігінің он екінші абзацындағы "жасауға міндетті." деген сөздер "жасауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "-әскери жолаушылар тасымалын орындау мақсатында, көлік түрлеріне ақысы нақты пайдаланылғаны үшін алынатын броньға қойылған орындар бөлуге міндетті.";

      3) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:

      "23-1-бап. Қатынас жолдарын техникалық жабу

      1. Қатынас жолдарын техникалық жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орындалады.

      2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде қатынас жолдарын техникалық жабу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.

      3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленетін мемлекеттік органдар немесе тұлғалар құзыреттері шегінде қатынас жолдарын техникалық жабуды жоспарлауға, қамтамасыз етуге және жүргізуге міндетті. Бұл ретте қатынас жолдарын техникалық жабуды қаржыландыру жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдарын және жұмылдыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Уәкілетті мемлекеттік орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бейбіт уақытта және соғыс уақытында көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қалпына келтіру үшін техникалық құжаттаманы, жобалау құжаттамасын, негіздеуші материалдарды және қажетті материалдарды жинақтауды қамтамасыз етеді.

      5. Магистральдық жолдар, халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары, оларда орналасқан көпірлер мен тоннельдер, теміржол тораптары, кеме қатынасы үшін пайдаланылатын порттар, гидротехникалық құрылысжайлар мен су шаруашылығы құрылысжайлары және ішкі су жолдарында орналасқан шлюздер, әуеайлақтар, магистральдық құбыржол техникалық жабуға жатады.

      Ескертпе:

      1) жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қирап-бұзылғанынан кейін тез қалпына келтіру мақсатында қатынас жолдарында бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін арнаулы іс-шаралар кешені техникалық жабу деп түсініледі;

      2) көлік құралдарын (әуе кемелерін) қабылдау мен жөнелтуді, жөнелту пункті мен межелі пункт арасында адамдар мен жүктердің өтуін қамтамасыз ететін жолдар (автомобиль жолдары, теміржолдар мен су жолдары, әуе трассалары), құрылысжайлар мен олардағы құрылғылар қатынас жолдары деп түсініледі;

      3) сұрыптау, жүк және жолаушылар станцияларының техникалық құрылысжайлары мен құрылғылары, станциялар арасындағы жалғайтын жолдар, айналма жолдар, жолаушыларға арналған станциялық құрылысжайлар, деполар, теміржол құрамын жөндеуге және жарақтауға арналған техникалық станциялар кешенін білдіретін бірнеше теміржол желісі тоғысқан пункт теміржол тораптары деп түсініледі.".

      4. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының міндеттерін орындауға қатысуға;".

      5. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      2) 4-баптың 20) тармақшасындағы "аумақтық қорғанысты" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 14) тармақшасындағы "аумақтық қорғанысты" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-1-баптың 1) тармақшасындағы "аумақтық әскерлердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      29-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет өткеруі салаларындағы, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы, сондай-ақ азаматтық қорғау туралы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;".

      7. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 5-1) тармақшасындағы "аумақтың көліктік жүйесін" деген сөздер "аумақты жедел жабдықтауды және қатынас жолдарын техникалық жабуды ескере отырып, аумақтың көліктік жүйесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-1-баптың 6-тармағының екінші абзацы "баға беріледі" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсыныстары сұратылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 60-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабының 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген жобалауға арналған тапсырма мен жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.".

      8. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      16-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін қолдану;".

      9. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      2) 5-баптың 5-тармағындағы "азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы іс-шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "азаматтық және аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысына басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы, аумақтық қорғанысы іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысы мүддесінде аумақты жедел жабдықтау жөніндегі тапсырмаларды белгілейді;".

      10. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      5), 6), 6-1) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) әскери қатынастар органдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына кіретін, әскери тасымалдарды жоспарлауды және ұйымдастыруды, әскери тасымалдарды орындау үшін теміржол, теңіз, ішкі су және әуе көлігінің дайындығын бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндеттерді орындауды жүзеге асыратын әскери бөлімшелер;";

      "20-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық əскерлерін арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық əскерлерінің əскери бөлімдері мен бөлімшелерін жасақтау;";

      32) тармақшадағы "Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, аумақтық қорғанысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      3) 4-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "азаматтық және аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы "арнаулы жиындарға" деген сөздер "арнаулы әскери жиындарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-баптың бірінші бөлігінің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысын жоспарлауды және оларға басшылық жасауды жүзеге асырады;";

      6) 8-бапта:

      1) тармақшадағы "аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) қатынас жолдарын техникалық жабуды және аумақты жедел жабдықтауды қамтамасыз етеді;";

      7) 9-бапта:

      6) тармақшадағы "азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы іс-шараларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-1), 6-2), 6-3), 7) және 7-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-2) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мүліктің бүлінуі (жойылуы) кезінде залалды айқындау жөніндегі комиссияны құрады;

      7-3) қатынас жолдарын техникалық жабуды және аумақты жедел жабдықтауды қамтамасыз етеді;";

      8) 10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі iс-шараларға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы iс-шараларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11-бапта:

      1) тармақшадағы "азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы iс-шараларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.";

      10) 18-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін арнайы өрістету жүзеге асырылуы мүмкін.";

      11) 22-бапта:

      1-тармақтағы "аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      15) және 15-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 16-3) және 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-3) қатынас жолдарына әскери-техникалық талаптарды белгілейді;

      16-4) көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      26-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қарулы Күштердің аумақтық әскерлеріне басшылық жасауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 26-32), 26-33) және 26-34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-32) әскери қатынастар органдары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      26-33) әскери қатынастар органдарының қызметін ұйымдастырады;

      26-34) әскери-техникалық талаптарды сақтау бөлігінде "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабы 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату үшін жобалауға арналған тапсырманы және жобалау құжаттамасын келіседі;";

      12) 23-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      13) 6-тараудың тақырыбындағы "Аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы

      1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы Қазақстан Республикасының халқын, аумақтық қорғаныс объектілерін және аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қарсыластың әрекеттерінен қорғау мақсатында ұйымдастырылады.

      2. Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының міндеттері мен іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.".

      11. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 26-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "жасалған жағдайларда жүргізіледі." деген сөздер "жасалған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған жағдайларда жүргізіледі.";

      2) 33-бапта:

      1) тармақшаның екінші абзацындағы "аумақтық әскерлердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      "аумақтық әскерлердің" деген сөздер "Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 36-баптың 3-тармағындағы "арнаулы жиындардан" деген сөздер "арнаулы әскери жиындардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 43-баптың 5-тармағындағы "Арнайы жиындар" деген сөздер "Арнаулы әскери жиындар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Әскери тасымалдарды ұйымдастыру үшін әскери қатынастар органдарының әскери қызметшілері өткізу пункттеріне орналасады.";

      2) 32-баптың 2-тармағының бірінші абзацы "Шекара қызметі" деген сөздерден кейін ", әскери қатынастар органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 33-баптың 1-тармағы "мемлекеттік кіріс" деген сөздерден кейін ", әскери қатынастар" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 35-баптың 3-тармағы "Шекара қызметінің" деген сөздерден кейін ", әскери қатынастар органдарының" деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      22-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацындағы "аумақтық қорғаныстың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындауға қатысуға;".

      15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындауға қатысу;";

      2) 7-баптың 5) тармақшасындағы "аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Әскери полиция органдары туралы" 2023 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "аумақтық қорғаныс" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам территориальной обороны

Закон Республики Казахстан от 30 июня 2025 года № 202-VIII ЗРК

Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Предпринимательский кодекс Республики Казахстан от 29 октября 2015 года:

      1) пункт 12 статьи 129 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) государственного контроля в сфере территориальной обороны.";

      2) статью 138 дополнить подпунктом 120) следующего содержания:

      "120) за соблюдением законодательства Республики Казахстан в сфере территориальной обороны.".

      2. В Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 15 марта 2025 года:

      1) в абзаце втором подпункта 2) пункта 1 статьи 31:

      после слов "служебными помещениями" дополнить словами ", зданиями, сооружениями";

      слова "военного времени при проведении" заменить словами "военного времени, проведение";

      после слов "развертывания территориальных войск" дополнить словами "Вооруженных Сил Республики Казахстан";

      слово "сборов" заменить словами "воинских сборов";

      слова "подразделений территориальной обороны" заменить словами "подразделений территориальных войск Вооруженных Сил Республики Казахстан";

      2) в абзаце втором подпункта 2) пункта 1 статьи 32:

      после слов "служебными помещениями" дополнить словами ", зданиями, сооружениями";

      слова "военного времени при проведении" заменить словами "военного времени, проведение";

      после слов "развертывания территориальных войск" дополнить словами "Вооруженных Сил Республики Казахстан";

      слово "сборов" заменить словами "воинских сборов";

      слова "подразделений территориальной обороны" заменить словами "подразделений территориальных войск Вооруженных Сил Республики Казахстан".

      3. В Закон Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан":

      1) часть вторую статьи 6 дополнить абзацем третьим следующего содержания:

      "организация технического прикрытия путей сообщений;";

      2) часть первую статьи 11 дополнить абзацем тринадцатым следующего содержания:

      "- в целях выполнения перевозки воинских пассажиров выделять броневые места на видах транспорта, оплата за которые взимается за фактическое их использование.";

      3) дополнить статьей 23-1 следующего содержания:

      "Статья 23-1. Техническое прикрытие путей сообщений

      1. Техническое прикрытие путей сообщений выполняется в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      2. В целях устранения ситуаций, угрожающих национальной безопасности Республики Казахстан, государственные органы в пределах компетенции, установленной законодательством Республики Казахстан, принимают нормативные правовые акты по вопросам технического прикрытия путей сообщений.

      3. В пределах компетенции государственные органы или лица, владеющие на праве собственности или ином законном основании объектами транспортной инфраструктуры, указанными в пункте 5 настоящей статьи, обязаны планировать, обеспечивать и проводить техническое прикрытие путей сообщений. При этом финансирование технического прикрытия путей сообщений осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан в области мобилизационной подготовки и мобилизации, для финансирования мобилизационной подготовки, мобилизационных органов и мобилизации.

      4. Уполномоченный государственный орган совместно с уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства обеспечивает накопление технической, проектной документации, обосновывающих материалов и материалов, необходимых для строительства и восстановления объектов транспортной инфраструктуры в мирное и в военное время.

      5. Техническому прикрытию подлежат магистральные пути, автомобильные дороги международного, республиканского и областного значения, расположенные на них мосты и тоннели, железнодорожные узлы, порты, гидротехнические и водохозяйственные сооружения, используемые для судоходства, и шлюзы, расположенные на внутренних водных путях, аэродромы, магистральный трубопровод.

      Примечание:

      1) под техническим прикрытием понимается комплекс специальных мероприятий, проводимых в мирное и в военное время на путях сообщений в целях обеспечения функционирования и быстрого восстановления после разрушений;

      2) под путями сообщений понимаются пути (автомобильные дороги, железнодорожные и водные пути, воздушные трассы), сооружения и устройства на них, обеспечивающие прием и отправление транспортных средств (воздушных судов), перемещение людей и грузов между пунктами отправления и назначения;

      3) под железнодорожными узлами понимается пункт пересечения нескольких железнодорожных линий, представляющий собой комплекс технических сооружений и устройств сортировочных, грузовых и пассажирских станций, соединительных путей между станциями, обходных путей, станционных сооружений для пассажиров, депо, технических станций для ремонта и экипировки железнодорожного состава.".

      4. В Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан":

      статью 12 дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:

      "8-1) участвовать в выполнении задач территориальной обороны Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О территориальной обороне Республики Казахстан";".

      5. В Закон Республики Казахстан от 16 июня 1997 года "О мобилизационной подготовке и мобилизации":

      1) часть вторую статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "Международные договоры, ратифицированные Республикой Казахстан, имеют приоритет перед настоящим Законом. Порядок и условия действия на территории Республики Казахстан международных договоров, участницей которых является Республика Казахстан, определяются законодательством Республики Казахстан.";

      2) подпункт 20) статьи 4 дополнить словами "Республики Казахстан";

      3) подпункт 14) статьи 7 после слов "территориальной обороны" дополнить словами "Республики Казахстан";

      4) подпункт 1) статьи 8-1 после слов "территориальных войск" дополнить словами "Вооруженных Сил".

      6. В Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан":

      подпункт 11) пункта 1 статьи 29 изложить в следующей редакции:

      "11) организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан об обороне и Вооруженных Силах, в сферах территориальной обороны Республики Казахстан, прохождения воинской службы гражданами Республики Казахстан, в области мобилизационной подготовки и мобилизации, а также о гражданской защите в пределах своей компетенции;".

      7. В Закон Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан":

      1) подпункт 5-1) статьи 1 после слов "транспортной системы территории" дополнить словами "с учетом оперативного оборудования территории и технического прикрытия путей сообщений";

      2) абзац второй пункта 6 статьи 9-1 после слов "каркаса территории" дополнить словами ", запрашиваются предложения Министерства обороны Республики Казахстан";

      3) статью 60 дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Строительство, расширение, реконструкция, модернизация, консервация и постутилизация объектов транспортной инфраструктуры, указанных в пункте 5 статьи 23-1 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", осуществляются по заданию на проектирование и по проектной документации, согласованным с Министерством обороны Республики Казахстан.".

      8. В Закон Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении":

      подпункт 1-1) части первой пункта 1 статьи 16 изложить в следующей редакции:

      "1-1) применение территориальных войск Вооруженных Сил Республики Казахстан;".

      9. В Закон Республики Казахстан от 5 марта 2003 года "О военном положении":

      1) статью 3 изложить в следующей редакции:

      "Статья 3. Законодательство Республики Казахстан о военном положении

      1. Законодательство Республики Казахстан о военном положении основывается на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. Международные договоры, ратифицированные Республикой Казахстан, имеют приоритет перед настоящим Законом. Порядок и условия действия на территории Республики Казахстан международных договоров, участницей которых является Республика Казахстан, определяются законодательством Республики Казахстан.";

      2) в пункте 5 статьи 5 слова "гражданской и территориальной обороны" заменить словами "гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан";

      3) в подпункте 4) пункта 1 статьи 6 слова "гражданской и территориальной обороны" заменить словами "гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан";

      4) подпункт 7) пункта 1 статьи 10 изложить в следующей редакции:

      "7) руководит гражданской обороной и территориальной обороной Республики Казахстан, устанавливает задания местным исполнительным органам по проведению мероприятий гражданской обороны, территориальной обороны Республики Казахстан, а также оперативному оборудованию территории в интересах обороны Республики Казахстан в соответствии с законами Республики Казахстан;".

      10. В Закон Республики Казахстан от 7 января 2005 года "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан":

      1) в статье 1:

      подпункты 5), 6), 6-1) и 7) исключить;

      дополнить подпунктами 10-1) и 20-1) следующего содержания:

      "10-1) органы военных сообщений – воинские подразделения, входящие в состав Вооруженных Сил Республики Казахстан, осуществляющие планирование и организацию воинских перевозок, контроль подготовки железнодорожного, морского, внутреннего водного и воздушного транспорта для выполнения воинских перевозок, а также выполнение задач в соответствии с законами Республики Казахстан;";

      "20-1) специальное развертывание территориальных войск Вооруженных Сил Республики Казахстан – комплектование воинских частей и подразделений территориальных войск Вооруженных Сил Республики Казахстан путем призыва военнообязанных на специальные воинские сборы по выполнению мероприятий при введении и обеспечении режима чрезвычайного положения, ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий и в иных случаях, определяемых Президентом Республики Казахстан;";

      подпункт 32) дополнить словами "Республики Казахстан";

      2) пункт 2 статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Международные договоры, ратифицированные Республикой Казахстан, имеют приоритет перед настоящим Законом. Порядок и условия действия на территории Республики Казахстан международных договоров, участницей которых является Республика Казахстан, определяются законодательством Республики Казахстан.";

      3) в подпункте 10) пункта 1 статьи 4 слова "гражданской и территориальной обороны" заменить словами "гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан";

      4) в подпункте 11) пункта 2 статьи 5 слова "специальные сборы" заменить словами "специальные воинские сборы";

      5) подпункт 17) части первой статьи 7 изложить в следующей редакции:

      "17) осуществляет планирование гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан и руководство ими в соответствии с законами Республики Казахстан;";

      6) в статье 8:

      подпункт 1) после слов "территориальной обороны" дополнить словами "Республики Казахстан";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) создают специальные формирования и обеспечивают их материально-техническими средствами, а также проводят мероприятия по инженерно-технической укрепленности и противодиверсионной безопасности подведомственных объектов при их наличии;";

      дополнить подпунктом 6-1) следующего содержания:

      "6-1) обеспечивают техническое прикрытие путей сообщений и оперативное оборудование территории;";

      7) в статье 9:

      в подпункте 6) слова "по гражданской и территориальной обороне" заменить словами "гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан";

      подпункты 6-1), 6-2), 6-3), 7) и 7-1) исключить;

      дополнить подпунктами 7-2) и 7-3) следующего содержания:

      "7-2) создают комиссию по определению ущерба при порче (уничтожении) имущества в период военного положения и в военное время совместно с заинтересованными государственными органами и организациями;

      7-3) обеспечивают техническое прикрытие путей сообщений и оперативное оборудование территории;";

      8) в подпункте 2) пункта 2 статьи 10 слова "по гражданской и территориальной обороне" заменить словами "гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан";

      9) в статье 11:

      в подпункте 1) слова "по гражданской и территориальной обороне" заменить словами "гражданской обороны и территориальной обороны Республики Казахстан";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) создают специальные формирования и обеспечивают их материально-техническими средствами, а также проводят мероприятия по инженерно-технической укрепленности и противодиверсионной безопасности подведомственных объектов при их наличии.";

      10) статью 18 дополнить пунктом 5 следующего содержания:

      "5. В целях введения и обеспечения режима чрезвычайного положения, а также ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий и в иных случаях, определяемых Президентом Республики Казахстан, может осуществляться специальное развертывание территориальных войск Вооруженных Сил.";

      11) в статье 22:

      пункт 1 дополнить словами "Республики Казахстан";

      в пункте 2:

      подпункты 15) и 15-1) исключить;

      дополнить подпунктами 16-3) и 16-4) следующего содержания:

      "16-3) устанавливает военно-технические требования к путям сообщений;

      16-4) разрабатывает и утверждает совместно с центральным исполнительным органом, осуществляющим реализацию государственной политики в области транспорта, правила эксплуатации, обслуживания, содержания, ремонта и планирования строительства подъездных путей, используемых Министерством обороны;";

      подпункт 26-5) изложить в следующей редакции:

      "26-5) осуществляет руководство территориальными войсками Вооруженных Сил во взаимодействии с местными исполнительными органами области, города республиканского значения, столицы;";

      дополнить подпунктами 26-32), 26-33) и 26-34) следующего содержания:

      "26-32) разрабатывает и утверждает положение об органах военных сообщений;

      26-33) организует деятельность органов военных сообщений;

      26-34) согласовывает задание на проектирование и проектную документацию на строительство, расширение, реконструкцию, модернизацию, консервацию и постутилизацию объектов транспортной инфраструктуры, указанных в пункте 5 статьи 23-1 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", в части соблюдения военно-технических требований;";

      12) подпункт 8) пункта 1 статьи 23 исключить;

      13) заголовок главы 6 после слов "Территориальная оборона" дополнить словами "Республики Казахстан";

      14) статью 31 изложить в следующей редакции:

      "Статья 31. Территориальная оборона Республики Казахстан

      1. Территориальная оборона Республики Казахстан организуется в целях защиты населения, объектов территориальной обороны и территории Республики Казахстан от действий противника в период мобилизации, военного положения и в военное время.

      2. Задачи и мероприятия территориальной обороны Республики Казахстан определяются законами Республики Казахстан.".

      11. В Закон Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих":

      1) часть первую пункта 2 статьи 26 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:

      "12) управления транспортным средством в состоянии алкогольного и (или) наркотического, и (или) токсикоманического опьянения.";

      2) в статье 33:

      абзац второй подпункта 1) после слов "территориальных войск" дополнить словами "Вооруженных Сил";

      подпункт 2):

      после слов "территориальной обороны" дополнить словами "Республики Казахстан";

      после слов "территориальных войск" дополнить словами "Вооруженных Сил";

      3) в пункте 3 статьи 36 слова "специальных сборов" заменить словами "специальных воинских сборов";

      4) в пункте 5 статьи 43 слова "Специальные сборы" заменить словами "Специальные воинские сборы".

      12. В Закон Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан":

      1) статью 19 дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Для организации воинских перевозок военнослужащие органов военных сообщений размещаются в пунктах пропуска.";

      2) абзац первый пункта 2 статьи 32 после слов "Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" дополнить словами ", органов военных сообщений";

      3) пункт 1 статьи 33 после слов "органами государственных доходов" дополнить словами ", военных сообщений";

      4) пункт 3 статьи 35 после слов "Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" дополнить словами ", органов военных сообщений".

      13. В Закон Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите":

      абзац седьмой подпункта 2) пункта 1 статьи 22 после слов "территориальной обороны" дополнить словами "Республики Казахстан".

      14. В Закон Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан":

      пункт 1 статьи 6 дополнить подпунктом 29-1) следующего содержания:

      "29-1) участвовать в выполнении задач территориальной обороны Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О территориальной обороне Республики Казахстан";".

      15. В Закон Республики Казахстан от 10 января 2015 года "О Национальной гвардии Республики Казахстан":

      1) подпункт 6) пункта 1 статьи 4 изложить в следующей редакции:

      "6) участие в выполнении задач территориальной обороны Республики Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О территориальной обороне Республики Казахстан";";

      2) подпункт 5) статьи 7 после слов "территориальной обороны" дополнить словами "Республики Казахстан".

      16. В Закон Республики Казахстан от 14 марта 2023 года "Об органах военной полиции":

      подпункт 12) пункта 1 статьи 7 после слов "территориальной обороны" дополнить словами "Республики Казахстан".

Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ