Батыс Қазақстан облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 24-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 сәуірде № 38490 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Батыс Қазақстан облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Хайруллин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаты 2026 жылғы
6 сәуірдегі № 24-6 шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану қағидалары), "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары) бұйрықтарына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізудің тәртібін анықтайды.

      2. Қағида Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен кәсіпорындары мен ұйымдарының энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі қызметінің тәртібін үйлестіреді.

      3. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын – энергетикалық кешеніне кіретін ұйымдар мен мекемелер тұтынушыларды тұрақты жылумен жабдықтауды, сумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, отынмен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз етеді, сондай – ақ энергия көздерінің қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттардағы олардың мақсаты мен энергия тұтынудың төлем тәртібін ескере отырып, нормативтік температуралық режимді қамтамасыз етеді.

      4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

      2) басқарушы компания – кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі

      3) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      5. Батыс Қазақстан облысының энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау жыл сайын жүзеге асырылады.

      6. Жылу беру маусымына дайындықты және оны өткізуді жалпы үйлестіруді облыстың жергілікті атқарушы органымен құрылған облыстық жұмыс тобы жүзеге асырады.

      7. Облыстың қала және аудандарында жылу беру маусымына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыруды қала және аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен құрылған қаланың және аудандық жұмыс топтары жүзеге асырады.

      8. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың басқарушы компаниямен және тұтынушылармен өзара қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

2-тарау. Жылу маусымына дайындық

      9. Жылу маусымына дайындық және өткізуге байланысты іс-шаралар кешені бес кезеңнен тұрады:

      1) жылу беру маусымына дайындық;

      2) жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерін іске қосу;

      3) температуралық кестеге сәйкес тұрақты жылумен жабдықтау және энергетикалық жүктемелердің қысқы максимумынан өту;

      4) жылу беру маусымын аяқтау және жылыту жүйелерін өшіру;

      5) жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

      10. Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну объектілерінде авариялардың алдын алу немесе оны жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау Жылу энергиясын пайдалану қағиданың 51-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Инженерлік желілерде авариялық және жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін апат болған немесе ақау пайда болған көше жолдарында, орамішілік және аула аумақтарында асфальт жабынын, көгалдар мен жасыл желектерді қалпына келтіру жүргізіледі.

      12. Жылу маусымына дайындық және оны өткізу үшін жауапкершілік Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар мен қызметтер, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.

      Қала мен аудандардың әкімдері жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның қызметкерлері қатарынан келесі жылдың алдағы жылу маусымына дайындық үшін жауапты адамдарды бекітеді.

      13. Қала және аудандар әкімдіктері жыл сайын 1 маусымға дейін облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органына қала және аудандық коммуналдық меншіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілері бойынша қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ қарамағында осы объектілер бар облыстың атқарушы органдарының келесі күнтізбелік жылға арналған отынды тұтынудың шекті жылдық көлемін (лимиттерін) ұсынады.

      14. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін кезекті жылу беру маусымына дайындау алдыңғы жылу беру маусымын өткізу кезеңінде анықталған ақаулар мен нормативтерден ауытқуларды жүйелендіруден, техникалық жай – күйін, нақты жұмыс режимдерін және белгіленген жабдықты пайдалану деңгейін талдаудан, жөндеу көлемін нақтылаудан, ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың тізбесін жасаудан, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырыстарды ресімдеуден, мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасудан басталады.

      15. Жылу беру маусымына дайындық:

      1) өткен жылу беру маусымы бойынша кемшіліктерді анықтау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша іс – шараларды орындауды;

      2) жылу беру маусымына дайындық жоспарын әзірлеуді;

      3) қаржыландыру мәселелерін шешу және мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасу, жөндеу және құрылыс – монтаж жұмыстарын материалдық –техникалық қамтамасыз етуді;

      4) жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу пункттерінде қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде қазандықтарды, ыдыстарды, құбырларды қарау және сынақтан өткізуді;

      5) жылу беру кестесін және жылу желілері жұмысының гидравликалық режимін әзірлеуді;

      6) инженерлік желілерде, оның ішінде қайта жаңартуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге, сынауға және шаюға байланысты жұмыстарды орындауды;

      7) электр көздерінде, жылу көздерінде және инженерлік желілерде профилактикалық, жоспарлы жөндеулерді орындауды;

      8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимараттардың (үйлердің) ішіндегі инженерлік жүйелердің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру, алдын алу жұмыстарын жүргізуді;

      9) энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық аварияларды жою және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою үшін негізгі және резервтік отынның нормативтік қорларын, сондай – ақ материалдық – техникалық ресурстардың авариялық қорларын құруды;

      10) отын қоймаларын дайындау, резервтік отын шаруашылықтарының инженерлік жабдықтарын, отын дайындау, отын беру, қож пен күлді жою жүйелерін, темір жол және автомобиль кірме жолдарын, өртке қарсы шаруашылықты жөндеуді орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

      16. Жылумен жабдықтау көздері мен орталық жылу беру пункттеріндегі жұмыстар:

      1) күзгі кезеңде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар – қыркүйек айының 1-не дейін;

      2) қысқы ең жоғары жүктемелерден өту кезеңінде жылыту қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті – тиісті жылдың қазан айының 1-күніне дейін;

      3) жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз ететін электр, су және газ коммуникацияларын жөндеу және алдын-алу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

      Барлық жылу көздері бойынша қысқы кезеңіндегі жұмысқа әзірлік паспорттары күзгі – қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидасына сәйкес белгіленген тәртіпте және мерзімдерде ресімделеді.

      17. Жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жылу желілеріндегі, ғимараттарға кірмелердегі және ішкі үй жүйелеріндегі жұмыстар тиісті жылдың қазан айының 1-не дейін аяқталуы тиіс.

      18. Жылу желілерінде мынадай:

      1) механикалық беріктікке және гидравликалық тығыздыққа;

      2) жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына сынақтарды өткізу қажет.

      19. Жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілерін жоспарлы жөндеу (тоқтату), сондай – ақ жылу желілеріне сынақтар жүргізу көктемгі – жазғы кезеңде жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жылумен жабдықтау көздерін жоспарлы жөндеудің (тоқтату), жылу желілерін жөндеу мен қайта қалпына келтірудің, жылу желілерін гидравликалық сынаудың (беріктігі мен тығыздығына), жылу желілерін жылу тасымалдағыштың ең жоғары температурасына сынаудың келісілген және бекітілген кестелерін жергілікті атқарушы органға ұсыну мерзімі – тиісті жылдың ақпан айының 1-күніне дейін.

      21. Бір апта мерзімде жергілікті атқарушы орган кестелерді келіседі және бекітеді. Жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілерін жоспарлы жөндеу (тоқтату) кестелері келісілгеннен кейін энергиямен жабдықтаушы ұйым жөндеу жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін 1 ай бұрын мүдделі ұйымдардың, оның ішінде: кондоминиум объектілерін басқару органдарының; тұтынушылардың; Ішкі істер органдарының; жылумен жабдықтау көздерін, жылу желілерін және үйішілік жүйелерді реконструкциялау жөніндегі келісілген жобалары бар құрылыс ұйымдарының назарына қолданыстағы желілерге қосылуға байланысты ақпаратты жеткізеді.

      22. Жылу беру маусымына дайындық бойынша іс-шараларды орындау бойынша есептер ағымдағы жылдың 1 мамыры мен 1 қазаны аралығында қағаз және электронды түрде осы бойынша облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметіне және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі жөніндегі атқарушы органға апта сайын сәрсенбі күні ұсынылады:

      1) қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары тараптарынан қалалық, аудандық коммуналдық меншікке тиесілі объектілерге қатысты;

      2) облыстық атқарушы органдар тараптарынан облыстық коммуналдық меншікке тиесілі объектілерге қатысты.

      23. Жылу беру маусымының аяқталу мерзімі өзгерген және ауыстырылған кезде жөндеу мерзімдері тиісті мерзімге (жылу беру маусымының өзгертілген, ауыстырылған мерзіміне) ауыстырылады.

      24. Монтаждаудан, күрделі жөндеуден кейін жылу желілері және қайта жаңарту гидравликалық жуылады. Жылу желілерінің учаскелерін гидравликалық жуу авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындағаннан кейін де жүргізіледі.

      25. Жөндеу және құрылыс ұйымдары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жұмыс істеп тұрған жылу көздерінің немесе жылу желілерінің жабдықтарында жұмыс басталғанға дейін 15 күн бұрын жұмыстарды жүргізу кестесін жергілікті атқарушы органға ұсынады. Егер жұмыстың технологиялық циклі ыстық сумен жабдықтауды өшіру кезеңінен көп уақытты қажет етсе, жұмысты ұйымдастыру жобасында тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шаралар көзделеді.

      26. Басқарушы компания (тұтынушылар) 10 мамырға дейінгі мерзімде жыл сайын энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен ғимараттардың кірістеріне, жеке жылу пункттеріне және үйішілік жүйелерге жылу беру маусымына дайындығын ұсыну кестесін келіседі. Ғимараттарға және үйішілік жүйелерге кіреберістерді дайындау мерзімдері ыстық сумен жабдықтауды өшіру кезеңімен сәйкес келуі тиіс. Келісілген кестелерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жыл сайын 31 мамырға дейін жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

      27. Жылу маусымына дайындық барысында басқарушы компания, тұтынушылар тұрғын үй қорында жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

      28. Жұмыстарды орындағаннан кейін жылу тұтыну жүйелерін қабылдауды энергиямен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады және екі жақты актімен ресімделеді. Акт бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйелері жылу маусымына дайындалмаған деп есептеледі және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 33-тармағының 5) тармақшасына сәйкес 10 жұмыс күні ішінде қайта куәландыруға жатады.

      29. Жылу жүйелерін дайындағаннан кейін оларды сақтау желілік сумен толтыру арқылы жүзеге асырылады, одан әрі сыртқы желіден ажыратылады, қажет болған жағдайда штепсельдерді орнатады.

      30. Жылумен жабдықтау көздерінің, орталық жылу пункттерінің, қала мен аудандардағы жылу желілерінің және тұтастай энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жылу маусымына әзірлігін жергілікті атқарушы органдар құратын комиссиялар қыркүйек айының 1-күнінен кешіктірмей айқындайды.

      31. Жаңадан қосылатын жылу пайдаланатын қондырғылар жобалық құжаттамаға сәйкес орындалады. Жылу қондырғылары мен желілерін пайдалануға қосқанға дейін Басқарушы компания, тұтынушы монтаждау ұйымымен бірлесіп, энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілінің қатысуымен қажетті сынақтарды, реттеуді және жууды жүргізеді.

      32. Басқарушы компания, тұтынушылар және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдалануға қабылдамаған жаңа құрылыс-үйлердің қазандықтарын, жылу желілерін, орталық жылу пункттерін, сорғы станцияларын, орталық жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді. Қолданыстағы инженерлік коммуникацияларға қажетті жалғаулар 1 қыркүйекке дейін орындалуы тиіс.

      33. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде су құбыры желісінен су алудың ұлғаюына байланысты кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдын ала (2-3 күн бұрын) бұл туралы сумен жабдықтау ұйымына хабарлауы тиіс.

      Осы тармақтың талаптары орындалуы ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қолданылмайды.

      34. Резервтік отын шаруашылықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары қыркүйек айының 15-не дейін аяқталуы тиіс, ал негізгі және резервтік отынның нормативтік қорлары қазан айының 1-не дейін құрылуы тиіс.

3-тарау. Жылу беру маусымын бастау және оны өткізу тәртібі

      35. Сыртқы ауа температурасы үш тәулік бойы орта есеппен +8°С және одан да төмен болғанда немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болған кезде қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары тараптарынан жылу маусымы жарияланады.

      Жылумен жабдықтаушы ұйымдар 1 қыркүйекке дейін жылумен жабдықтау жүйелерін іске қосу кестесін әзірлейді және қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісімдейді, коммуналдық қызметті тұтынушыларға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетикалық кешен ұйымдарына жолдайды. Кестеде тұтынушыларды қосудың келесі кезегі сақталуы қажет:

      1) білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау нысандары;

      2) тұрғын үй ғимараттары, қонақ үйлер, жатақханалар, мәдени және спорт объектілері;

      3) әкімшілік ғимараттар, өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілер.

      36. Жұмысты талдау, энергиямен, жылу беруші ұйымдармен жылумен жабдықтау режимдерінің бұзылуын уақтылы анықтау және жою үшін жылумен жабдықтаушы ұйымға жылумен жабдықтаушы ұйыммен келісілген бақылау нүктелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері туралы ақпаратты үнемі, бірақ аптасына кемінде екі рет ұсынады.

      37. Жылу маусымының өтуі кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым келесілерді орындауы қажет:

      1) тұтынушыларға есептік гидравликалық және температуралық параметрлермен қамтамасыз етуге. Жылу көзінің есептік температуралық жұмыс кестесінің жоспарлы ауытқуына қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының келісімімен жол беріледі;

      2) жоспардан тыс шектеулер, жылу берілуінің тоқтатылуы немесе ыстық су сапасының нашарлауы туралы қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы атқарушы органына, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың кезекші қызметтеріне себептерін, қолданылатын шаралар мен жою мерзімдерін көрсете отырып хабарланады;

      3) жылумен жабдықтау көздері мен инженерлік желілердегі апатты жағдайлар кезінде өздерінің өкілдерінің шығуын қамтамасыз етеді;

      4) жылу желілері құбырларындағы ақаулар мен зақымдануларды жою бойынша жұмыстар қолданыстағы нормативтерге сәйкес мерзімде жүргізіледі;

      5) ұйымның балансында тұрған инженерлік желілер мен жабдықтардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

      38. Жылу маусымының өтуі кезінде энергия беруші ұйымдар:

      1) тұрғындардың наразылықтарын қабылдауды ұйымдастыруға және наразылықтардың себептерін анықтау мен жою бойынша шаралар қабылдауға;

      2) өз бетінше ойымдарға (жылумен жабдықтаушы ұйымның рұқсатынсыз), диафрагма мен қақпақтарды шешуге немесе бұрғылауға, тіреушелер арқылы суды ағызуға жол бермеуі;

      3) барлық қыздырғыш аспаптардың бірқалыпты қыздыруын қамтамасыз етуі;

      4) ыстық сумен жабдықтау жүйесінде судың температурасының реттелуін қамтамасыз етуі;

      5) ұйым балансында тұрған инженерлік желілердегі технологиялық бұзылуларды оқшаулау мен жою бойынша жедел шаралар қабылдауға және нормативті мерзімде тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарының инженерлік қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар мен ақауларды жоюды іске асыруы;

      6) тұтынушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылумен жабдықтауды шектеудің немесе ажыратудың себептері мен ұзақтығы туралы хабарлау;

      7) технологиялық бұзылулар кезінде ажырату аймағына кіретін тиісті нысандар мен ведостволық нысандардағы апатты жағдайлар кезінде өз өкілдерінің шығуын қамтамасыз етуі қажет.

4-тарау. Жылу беру маусымын аяқтау және жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтауды ұйымдастыру тәртібі

      39. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 10°С-тан жоғары және сыртқы ауа температурасының одан әрі көтерілуінің болжамы кезінде жергілікті атқарушы органдар және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жылу беру маусымын тұрақты оң температураның үшінші тәулігінен тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      40. Энергиямен жабдықтаушы ұйым үш күнтізбелік күн ішінде тұтынушыларды жылу маусымының аяқталғаны туралы және жылыту жүйесін ажырату қажеттілігі туралы хабардар етеді, жылу тұтыну жүйесін ажырату актілерін ресімдейді.

      41. Жылыту маусымы аяқталғаны туралы хабарландырудан кейін басқарушы компания, тұтынушылар жылумен жабдықтау жүйелерін жазғы жұмыс режиміне (ыстық сумен жабдықтау) ауыстыру кезінде үзілістерді болдырмау үшін ғимараттардың жылыту жүйелерін бекіту арматурасының көмегімен ажыратады, қажет болған жағдайда, тығындарды орнатады және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жүйелерді консервациялау үшін желілік сумен толтырады, сондай-ақ жылу тұтынатын су өткізгіш жылытқыштарды құрғату және желдетуді орындайды және жазғы схема бойынша ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етеді.

      42. Жылытуаралық кезеңде энергиямен жабдықтаушы ұйым:

      1) жабдықтар мен жылу желілерінің бекітілген жұмыс схемасы бойынша тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді;

      2) қолайсыз метеожағдайларды (бұдан әрі – ҚМЖ) жариялау кезеңінде бактериялық зарарлану шарттары бойынша тікелей желілік су температурасының ыстық су жүйесінде +70 °С төмендеуіне жол бермей, хабарланатын ҚМЖ дәрежесіне сәйкес ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) ыстық сумен жабдықтауды ажыратуға 15 тәуліктен аспайтын уақытқа рұқсат етіледі. Тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтауды ажырату туралы кемінде 3 күн бұрын хабарланады.

5-тарау. Жылумен жабдықтау жүйелеріне жаңа нысандарды қосу тәртібі

      43. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергиясы саласындағы заңнамасына сәйкес сапалы жылу энергиясымен жабдықтау техникалық мүмкін емес жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүргізілмейді.

      44. Жергілікті атқарушы органдар желілерге рұқсатсыз қосылу бойынша энергиямен жабдық таушы ұйымдарға бақылауды жүзеге асырады.

Об утверждении правил подготовки и проведения отопительного сезона в Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 6 апреля 2026 года № 24-6. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 2026 года № 38490

      В соответствии с пунктом 4-1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить "Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Западно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему решению.

      2. Руководителю государственного учреждения "Аппарат Западно-Казахстанского областного маслихата" (А. Хайруллин) обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в республиканском государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Западно-Казахстанского областного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата М. Мукаев

  Приложение к решению
Западно-Казахстанский
областной маслихат
от 6 апреля 2026 года № 24-6

Правила подготовки и проведения отопительного сезона в Западно-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила подготовки к отопительному сезону и его проведения в Западно-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "Об электроэнергетике", "О теплоэнергетике", приказами Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 211 "Об утверждении Правил пользования тепловой энергией" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10234) (далее – Правила пользования тепловой энергией), от 2 февраля 2015 года № 55 "Об утверждении Правил получения энергопроизводящими, энергопередающими организациями и теплопроизводящими, теплотранспортирующими субъектами паспорта готовности к работе в осенне-зимний период" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10516) (далее – Правила получения паспорта готовности) и определяют порядок подготовки к отопительному сезону и его проведения в Западно-Казахстанской области.

      2. Настоящие Правила координируют порядок деятельности местных исполнительных органов Западно-Казахстанской области, предприятий и организаций жилищно-коммунального и энергетического комплекса по подготовке объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы к отопительному сезону.

      3. Организации и учреждения, входящие в жилищно-коммунальный и топливно-энергетический комплекс области, обеспечивают бесперебойное теплоснабжение, водоснабжение, электроснабжение, газоснабжение, топливоснабжение и водоотведение потребителей, а также соблюдают необходимые параметры источников энергии и обеспечивают нормативный температурный режим в жилых домах и зданиях с учетом их назначения и установленного порядка оплаты энергопотребления.

      4. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) энергоснабжающая организация – организация, осуществляющая реализацию приобретенной энергии потребителям;

      2) управляющая компания – субъект предпринимательства, оказывающий услуги по управлению объектом кондоминиума на основании заключенного договора управления либо протокола собрания собственников квартир и нежилых помещений многоквартирного жилого дома;

      3) потребитель – физическое или юридическое лицо, потребляющее электрическую и (или) тепловую энергию на договорной основе.

      5. Подготовка объектов энергетического комплекса, жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы Западно-Казахстанской области к работе в осенне-зимних условиях осуществляется ежегодно.

      6. Общее координирование подготовки к отопительному сезону и его проведения осуществляется областной рабочей группой, создаваемой местным исполнительным органом области.

      7. В городах и районах области организацию подготовки и проведения отопительного сезона осуществляют городские и районные рабочие группы, создаваемые местными исполнительными органами городов и районов.

      8. Взаимоотношения энергоснабжающих организаций с управляющими компаниями и потребителями определяются заключенными между ними договорами и действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Подготовка к отопительному сезону

      9. Комплекс мероприятий, связанных с подготовкой и проведением отопительного сезона, состоит из пяти этапов:

      1) подготовка к отопительному сезону;

      2) запуск систем теплоснабжения и теплопотребления;

      3) обеспечение устойчивого теплоснабжения в соответствии с температурным графиком и прохождение зимнего максимума энергетических нагрузок;

      4) завершение отопительного сезона и отключение систем отопления;

      5) обеспечение горячего водоснабжения в межотопительный период.

      10. Принятие оперативных мер по предупреждению и ликвидации аварий на объектах теплоснабжения и теплопотребления осуществляется в соответствии с пунктом 51 Правил пользования тепловой энергией.

      11. После проведения аварийных и ремонтных работ на инженерных сетях производится восстановление асфальтового покрытия, газонов и зеленых насаждений на улицах, внутриквартальных и дворовых территориях, где произошла авария или возник дефект.

      12. Ответственность за подготовку к отопительному сезону и его проведение возлагается на предприятия, организации и службы, расположенные на территории Западно-Казахстанской области, независимо от их ведомственной подчиненности и формы собственности, под координацией местных исполнительных органов городов и районов.

      Акимы городов и районов ежегодно, не позднее 31 декабря, утверждают из числа работников местных исполнительных органов, осуществляющих управление и координацию деятельности в сфере жилищно-коммунального хозяйства, ответственных лиц за подготовку к следующему отопительному сезону.

      13. Акиматы городов и районов ежегодно до 1 июня представляют в местный исполнительный орган области по вопросам энергетики и жилищно-коммунального хозяйства предельные годовые объемы потребления топлива (лимиты) на следующий календарный год по объектам жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы, находящимся в коммунальной собственности города, района, а также в ведении областных исполнительных органов.

      14. Подготовка объектов жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы к очередному отопительному сезону начинается с систематизации выявленных в предыдущем отопительном сезоне дефектов и отклонений от нормативов, анализа технического состояния, фактических режимов работы и уровня использования установленного оборудования, уточнения объемов ремонта, составления перечня организационно-технических мероприятий, оформления заказов на разработку проектно-сметной документации и заключения договоров с подрядными организациями.

      15. Подготовка к отопительному сезону включает:

      1) выявление недостатков прошедшего отопительного сезона и выполнение мероприятий по устранению выявленных дефектов и нарушений;

      2) разработку плана подготовки к отопительному сезону;

      3) решение вопросов финансирования и заключение договоров с подрядными организациями, материально-техническое обеспечение ремонтных и строительно-монтажных работ;

      4) проведение необходимых ремонтных работ на источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах, включая осмотр и испытание котлов, сосудов и трубопроводов;

      5) разработку температурного графика и гидравлического режима работы тепловых сетей;

      6) выполнение работ на инженерных сетях, включая реконструкцию, капитальный и текущий ремонт, испытания и промывку;

      7) проведение профилактических и плановых ремонтов на электрических и тепловых источниках, а также инженерных сетях;

      8) подготовку зданий (жилых домов), ремонт и замену оборудования внутренних инженерных систем, проведение профилактических работ;

      9) создание нормативных запасов основного и резервного топлива, а также аварийных запасов материально-технических ресурсов для ликвидации технологических аварий и последствий чрезвычайных ситуаций;

      10) подготовку топливных складов, ремонт инженерного оборудования резервных топливных хозяйств, систем подготовки и подачи топлива, удаления шлака и золы, железнодорожных и автомобильных подъездных путей, а также противопожарного хозяйства.

      16. Сроки окончания работ на источниках теплоснабжения и центральных тепловых пунктах:

      1) необходимые для обеспечения нужд отопления в осенний период – до 1 числа сентября месяца;

      2) необходимые для обеспечения нужд отопления в период прохождения зимнего максимума нагрузок – до 1 числа октября месяца соответствующего года;

      3) работы по ремонту и профилактике электро-, водо- и газовых коммуникаций, обеспечивающих источники теплоснабжения – до 25 августа.

      По всем теплоисточникам оформляются паспорта готовности к работе в зимних условиях в порядке и сроки, установленные в соответствии с Правилами получения паспорта готовности к работе в осенне-зимний период.

      17. Работы на тепловых сетях, вводах в здания и внутренних домовых системах, необходимые для обеспечения теплоснабжения, должны быть закончены до 1 числа октября месяца соответствующего года.

      18. На тепловых сетях необходимо провести следующие испытания:

      1) механическую прочность и гидравлическую плотность;

      2) максимальную температуру теплоносителя.

      19. Плановый ремонт (остановка) источников теплоснабжения и тепловых сетей, а также проведение испытаний тепловых сетей осуществляются в весенне-летний период в соответствии с графиками, согласованными с местными исполнительными органами.

      20. Срок представления энергоснабжающими организациями согласованных и утвержденных графиков планового ремонта (остановок) источников теплоснабжения, ремонта и реконструкции тепловых сетей, гидравлических испытаний тепловых сетей (на прочность и плотность), испытаний тепловых сетей на максимальную температуру теплоносителя – до 1 числа февраля месяца соответствующего года в местный исполнительный орган.

      21. В недельный срок местный исполнительный орган согласовывает и утверждает графики. После согласования графиков планового ремонта (остановок) источников теплоснабжения и тепловых сетей энергоснабжающая организация за 1 месяц до начала проведения ремонтных работ, доводит до сведения заинтересованных организаций, в том числе: органов управления объектами кондоминиумов; потребителей; органов внутренних дел; строительных организаций, имеющих согласованные проекты по реконструкции источников теплоснабжения, тепловых сетей и внутридомовых систем теплоснабжения, связанные с врезками в действующие сети.

      22. Отчеты по выполнению мероприятий по подготовке к отопительному сезону представляются с 1 мая по 1 октября текущего года в бумажном и электронном виде, в единую диспетчерскую службу области и в исполнительный орган по вопросам энергетики и жилищно-коммунального хозяйства области еженедельно в среду:

      1) местными исполнительными органами города и районов – в отношении объектов, находящихся в городской, районной коммунальной собственности;

      2) исполнительными органами области – в отношении объектов, находящихся в областной коммунальной собственности.

      23. При изменении и переносе сроков окончания отопительного сезона сроки ремонтов переносятся на соответствующий срок (на которые было изменены, перенесены сроки окончания отопительного сезона).

      24. Тепловые сети после монтажа, капитального ремонта и реконструкции подвергаются гидравлической промывке. Гидравлическая промывка участков тепловых сетей производится также после выполнения аварийно-восстановительных работ.

      25. Ремонтные и строительные организации за 15 дней до начала работ на действующем оборудовании теплоисточников или тепловых сетей с энергоснабжающей организацией представляют график производства работ в местный исполнительный орган. Если технологический цикл работ требует больше времени, чем период отключения горячего водоснабжения, в проекте организации работ предусматриваются мероприятия, позволяющие обеспечить потребителей горячим водоснабжением.

      26. Управляющая компания (потребители) в срок до 10 мая ежегодно согласовывают с энергоснабжающими организациями графики предъявления вводов в здания, индивидуальных тепловых пунктов и внутридомовых систем на готовность к отопительному сезону. Сроки подготовки вводов в здания и внутридомовых систем должны совпадать с периодом отключения горячего водоснабжения. Согласованные графики представляются энергоснабжающими организациями в местные исполнительные органы ежегодно до 31 мая.

      27. В процессе подготовки к отопительному сезону управляющая компания, потребители проводят ремонтные и профилактические работы в жилищном фонде.

      28. Приемка систем теплопотребления после выполнения работ осуществляется энергоснабжающей организацией и оформляется двухсторонним актом. Системы теплопотребления, не принятые по акту, считаются не подготовленными к отопительному сезону и подлежат повторному освидетельствованию в течение 10 рабочих дней в соответствии с подпунктом 5) пункта 33 Правил пользования тепловой энергией.

      29. После подготовки систем отопления производится их консервация путем заполнения сетевой водой с дальнейшим отключением от внешней сети, а при необходимости с установкой заглушек.

      30. Готовность к отопительному сезону источников теплоснабжения, центральных тепловых пунктов, тепловых сетей в городе и районах и в целом энергоснабжающих организаций определяется не позднее 1 числа сентября месяца комиссиями, образуемыми местными исполнительными органами.

      31. Вновь присоединяемые теплоиспользующие установки выполняются в соответствии с проектной документацией. До пуска тепловых установок и сетей в эксплуатацию управляющая компания, потребитель совместно с монтажной организацией в присутствии представителя энергоснабжающей организации производит необходимые испытания, наладку и промывку.

      32. Подготовку к отопительному сезону котельных, тепловых сетей, центральных тепловых пунктов, насосных станций, систем центрального отопления и горячего водоснабжения домов-новостроек, не принятых в эксплуатацию управляющей компании, потребителями и энергоснабжающими организациями, обеспечивают строительные организации. Необходимые присоединения к действующим инженерным коммуникациям должны быть выполнены до 1 сентября.

      33. При проведении любых ремонтных работ на объектах жилищно-коммунального хозяйства, связанных с увеличением водоразбора из водопроводной сети, энергоснабжающим организациям необходимо заблаговременно (за 2-3 дня) ставить об этом в известность водоснабжающую организацию.

      34. Работы по планово-предупредительному ремонту резервных топливных хозяйств необходимо завершить к 15 числу сентября месяца, а нормативные запасы основного и резервного топлива созданы к 1 числу октября месяца.

Глава 3. Порядок начала и проведения отопительного сезона

      35. При средней температуре наружного воздуха +8оС и ниже в течение трех суток или прогнозе о резком понижении температуры наружного воздуха местными исполнительными органами города и районов объявляется отопительный сезон.

      Теплоснабжающие организации до 1 сентября разрабатывают и согласовывают графики подключения систем теплоснабжения с местными исполнительными органами города и районов, направляют потребителям коммунальных услуг, организациям жилищно-коммунального хозяйства и энергетического комплекса. В графиках должна соблюдаться следующая очередность подключения потребителей:

      1) объекты образования, здравоохранения и социальной защиты;

      2) жилые здания, гостиницы, общежития, объекты культуры и спорта;

      3) административные здания, промышленные предприятия и прочие объекты.

      36. Для анализа работы, своевременного выявления и устранения нарушений режимов теплоснабжения энерго-, теплопередающие организации регулярно, но не реже двух раз в неделю представляют в теплоснабжающую организацию информацию о параметрах теплоносителя в контрольных точках, согласованных с теплоснабжающей организацией.

      37. Во время прохождения отопительного сезона теплоснабжающая организация должна:

      1) обеспечивать потребителям расчетные гидравлические и температурные параметры. Плановые отклонения от расчетного температурного графика работы источника теплоснабжения допускаются по согласованию с местными исполнительными органами города и районов;

      2) при внеплановых ограничениях или прекращениях подачи тепла или ухудшении качества горячей воды оповещать местные исполнительные органы города и районов, исполнительный орган по вопросам энергетики и жилищно-коммунального хозяйства, дежурные службы потребителей коммунальных услуг с указанием причин, принимаемых мер и сроков устранения;

      3) обеспечивать выезд своих представителей при аварийных ситуациях на источниках теплоснабжения и инженерных сетях;

      4) производить работы по ликвидации повреждений и дефектов на трубопроводах тепловых сетей в сроки согласно действующим нормативам.

      5) осуществлять контроль за техническим состоянием инженерных сетей и оборудования, находящихся на балансе организации.

      38. Во время прохождения отопительного сезона энергопередающие организации должны:

      1) организовывать прием претензий от населения и принимать меры по выявлению и устранению причин претензий;

      2) не допускать самовольных (без разрешения теплоснабжающей организации) врезок, снятий или рассверловок диафрагм и сопел, слива воды через стояки;

      3) обеспечивать равномерный прогрев всех нагревательных приборов;

      4) обеспечивать регулирование температуры воды в системах горячего водоснабжения;

      5) принимать незамедлительные меры по локализации и ликвидации технологических нарушений на инженерных сетях, находящихся на балансе организации, и осуществлять устранение аварий и дефектов в системах инженерного обеспечения жилых зданий и объектов социальной сферы в нормативные сроки;

      6) оповещать потребителей о причинах и длительности ограничения или отключения теплоснабжения через средства массовой информации;

      7) обеспечивать выезд своих представителей при аварийных ситуациях на подведомственные объекты или объекты, попадающие в зону отключения при технологических нарушениях.

Глава 4. Порядок завершения отопительного сезона и организации горячего водоснабжения в отопительный период

      39. При среднесуточной температуре наружного воздуха выше 10°С и прогнозе дальнейшем повышении температуры наружного воздуха, местными исполнительными органами и энергоснабжающими организациями принимается решение о прекращении отопительного сезона с третьих суток устойчивых положительных температур.

      40. Энергоснабжающая организация в течение трех календарных дней оповещает потребителей об окончании отопительного сезона и о необходимости отключения системы отопления, оформляет акты отключения системы теплопотребления.

      41. После объявления об окончании отопительного сезона управляющие компании и потребители отключают системы отопления зданий с использованием запорной арматуры, при необходимости устанавливают заглушки, до начала ремонтных работ заполняют системы сетевой водой в целях их консервации, выполняют осушение и вентиляцию водоподогревателей, потребляющих тепловую энергию, а также обеспечивают бесперебойную работу систем горячего водоснабжения по летней схеме.

      42. В межотопительный период энергоснабжающая организация:

      1) обеспечивает горячее водоснабжение потребителей по утвержденной схеме работы оборудования и тепловых сетей;

      2) в период объявления неблагоприятных метеоусловий (далее – НМУ) обеспечивает выполнение организационно-технических мероприятий, согласно степени объявляемых НМУ, не допуская при этом снижения температуры прямой сетевой воды на горячее водоснабжение ниже +70 оС по условиям бактериального заражения;

      3) отключение горячего водоснабжения допускается не более, чем на 15 суток. Потребители об отключении горячего водоснабжения уведомляются не менее чем за 3 дня.

Глава 5. Порядок подключения новых объектов к системам теплоснабжения

      43. При технической невозможности энергопередающих (энергопроизводящих) организации обеспечить качественную тепловую энергию потребителю в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере электроэнергетики подключение потребителей к системам теплоснабжения не осуществляется.

      44. Местные исполнительные органы осуществляют контроль над энергоснабжающими организациями по несанкционированной прокладки сетей.