"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 27/2-08 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6624-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түлкібас ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | С. Сарсенбаев |