ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Төлеби ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6503-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Н. Койбагаров |