Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Созақ аудандық мәслихатының төрағасы | О. Жәмиев |
| 2026 жылғы 25 ақпандағы № 246 шешіміне қосымша |
Созақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29803 болып тіркелген) шешімі.
2. "Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №127 "Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 58 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6354-13 болып тіркелген) шешімі.
3. "Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №127 "Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 160 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6638-13 болып тіркелген) шешімі.