"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Махамбет ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 105 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 5150-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Мәслихат төрағасы | К. Мажиев |