"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің "Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 299 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4548 болып тіркелген) және "Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 299 "Атырау облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5168-06 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |