Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
| Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 42 қаулысына қосымша |
Атырау облысы аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу қағидаларын бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атырау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 27, 37-баптарына сәйкес әзірленді және Атырау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақтандырылған мамандандырылған автокөлік құралы;
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалданатын құрылыс;
4) жұмыс органы – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті құрылымдық бөлімшесі;
5) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);
6) кәсіпкерлік субъектісі – бұл жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);
7) сәулеттік келбет – бұл тұтас эстетикалық сәулет, жайлы, қол жетімді және қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған қалалық кеңістік элементтерінің міндетті көрнекі құрамдас бөлігін: ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін, көркейтуді, маңдайшаларды, көрсеткіштерді, шағын сәулеттік нысандар мен қала инфрақұрылымының басқа да элементтерін реттейтін ұсынымдар жиынтығы;
8) стационарлық емес сауда объектісі – сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосылу) болуына неиесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
9) шатыр (павильон) – құрастырмалы-жиналмалы конструкциялардан, бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қорына арналған алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңіл құрастырылатын құрылыс;
10) эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi;
2-тарау. Стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау тәртібі
3. Стационарлық емес сауда объектілеріне мыналар жатады:
1) автодүкен;
2) автомат (сауда автоматы);
3) дүңгіршек;
4) жылжымалы сөре;
5) шатыр (павильон).
4. Стационарлық емес сауда объектілеріндегі сауда Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты ҚР СТ 3675 "Сауда қызметтері. Шағын бөлшек сауда желілері объектілеріне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Автокөлік дүңгіршектері арқылы тауарларды өткізу кезінде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10056 болып тіркелген) (бұдан әрі – №862 бұйрық) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікте белгісі болуы тиіс.
6. Автокөлік дүкендері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11333 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін көрсетілген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен міндетті техникалық байқаудан өту шартымен пайдаланылады.
7. Пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) контейнерлер тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ұшырайтын, ластану, жануарлардың, соның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуі, тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінен қорғауды қамтамасыз ететін жуу және уытты емес материалдардан жасалған температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшеудің бақылау құралдарымен жарақтандырылған болуы қажет.
8. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын жергілікті атқарушы органдарымен (әкімдіктермен) Атырау облысының жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органның келісімі арқылы бекітіледі.
9. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлу Атырау облысының жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органның өткізетін конкурстық негізде айқындалады.
Конкурстың шарттары мен өткізу тәртібін Атырау облысының жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органы айқындайды және бекітеді.
10. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату орындарын айқындау кезінде көрсетіледі:
1) нақты орналасқан жері
2) маршрут сызбасы;
3) алып жатқан алаң;
4) кемінде бір жыл және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі;
5) жақын маңдағы инфрақұрылымды ескере отырып қызмет саласы (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері);
3-тарау. Стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібі
11. Ішкі сауда субъектісі стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысы (тротуардың жаяу жүргіншілер бөлігінің ені кемінде 1,5 (бір жарым) метр, мүгедек адамдар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасау, төтенше жағдайлар кезінде арнайы көліктің кедергісіз кіруін қарастырады.
12. Қоғамдық тамақтану саласындағы стационарлық емес сауда объектісінің орналасқан жерінен инженерлік желілерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) қосылу нүктесіне дейінгі арақашықтық 20 метрге дейін қосылу ұсынылады.
13. Түрі бойынша стационарлық емес сауда объектісінің эскиздік жобасы жергілікті жердің архитектуралық-көркемдік келбетін, эстетикалық сипаттамаларын (пайдаланылатын жабдықтың түрі, оның пішіні, параметрлері (өлшемдері), пропорциялары, масштабы) сақтай отырып қасбеттердің колористикалық шешімін және объектінің стилін, сондай-ақ қоршаған құрылыстың сәулет-қала құрылысы шешімін сақтай отырып әзірленеді.
14. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде ішкі сауда субъектісі объектінің орналасқан жерін, техникалық параметрлері мен сипаттамаларын, жақын маңдағы инженерлік желілерге дейінгі қашықтықты, инженерлік желілерге қосылуға тиісті жағдайларды және/немесе дербестікті ескере отырып технологиялық мүмкіндік болған кезде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, кәріз, су құбыры желілеріне және электр желілеріне қосылуы қажет.
15. Ішкі сауда субъектілерінің жұмыс істеуі шеңберінде:
1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдаланады;
2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолданып, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермейді;
3) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын уақтылы төлейді;
4) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтайды;
5) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбайды.
16. Cтационарлық емес сауда объектісін орнату кезінде ішкі сауда субъектісінің маңдайшасы болуы ұсынылады.
17. Бөлшектеу мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1) жер учаскесін жалға алу мерзімі аяқталған кезде;
2) кәсіпкерлік субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
3) пайдалану шарттары бұзылғанда.
18. Бөлшектеу жұмыстары меншік иесінің есебінен бір ай ішінде жүзеге асырылады.
19. Меншік иесі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда мәжбүрлі бөлшектеу жүргізіледі.