"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |
| Атырау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы № 227-VIII шешіміне қосымша |
Кейбір шешімдерінің күші жойылған тізбесі
1. "Атырау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 94-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 болып тіркелген) шешімі;
2. "Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 242-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4239 болып тіркелген) шешімі;
3. "Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 120-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25821 болып тіркелген) шешімі.