"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 39/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38468 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі" 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730-15 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы
      Л. Топорова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2026 жылғы 27 наурыздағы
  № 39/4 шешіміне
  қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Жамбыл ауданы мәслихатының
  2024 жылғы 27 наурыздағы
  № 16/4 шешіміне
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 4-1-тармағына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның жиынтық табысы бойынша және көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес тоқсанына бір рет тағайындалады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін Қағидаларда айқындалған тәртіппен есептейді.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифролық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады. Шоттарға ақша аударуды көрсетілетін қызметті алушы өткен ай үшін ай сайын жүргізеді.

О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 27 марта 2024 года № 16/4 "Размер и порядок оказания жилищной помощи в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 27 марта 2026 года № 39/4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 апреля 2026 года № 38468

      Маслихат Жамбылского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области "Размер и порядок оказания жилищной помощи в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области" от 27 марта 2024 года № 16/4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7730-15) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции: "Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению";

      приложение 1 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе аппарата маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Жамбылского района
      Л. Топорова

  Приложение к
  решению маслихата
  Жамбылского района
  Северо-Казахстанской области
  от 27 марта 2026 года
  № 39/4
  Приложение 1 к решению
  маслихата Жамбылского района
  Северо-Казахстанской области
  от 27 марта 2024 года № 16/4

Размер и Правила оказания жилищной помощи в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель) Жамбылского района Северо-Казахстанской области, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, в размере 5 (пять) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее- Правила).

      4. Жилищная помощь назначается один раз в квартал независимо от времени подачи документов в текущем квартале по совокупному доходу и по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг предыдущего квартала.

      5. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, согласно Правилам.

      6. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33200).

      7. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется услугодателем через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи. Перечисление денежных сумм на счета производится услугополучателем ежемесячно за истҰкший месяц.