Ақжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6 "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 37-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 ақпанда № 38015 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру еңгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";

      көрсетілген шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес нормалар шегінде есептейді.";

      5-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға бекітілген қағидаларына сәйкес тәртіппен есептейді.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы
М. Жусупбеков

О внесении изменений и дополнения в решение Акжарского районного маслихата от 29 февраля 2024 года № 16-6 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области"

Решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 18 февраля 2026 года № 37-1. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 февраля 2026 года № 38015

      Акжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Акжарского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области" от  29 февраля 2024 года № 16-6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7703-15) следующие изменения и дополнение:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и Правил оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Определить размер и Правила оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области";

      абзац второй пункта 3 исключить;

      пункт 3 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания: 

      "3-1. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм, согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее – Правила).";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи в порядке, согласно утвержденных Правил.".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области" после его первого официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Акжарского районного маслихата
Северо-Казахстанской области
М. Жусупбеков