"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Н. Амиров |
| Әкімінің | |
| 2026 жылғы 11 маусымдағы | |
| № 2 шешіміне | |
| қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қарасу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24055 болып тіркелген).
2. "Қарасу ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 2 "Қарасу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 қарашадағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10077 болып тіркелген).
3. "Қарасу ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 2 "Қарасу ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10399-10 болып тіркелген).