Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қамысты ауданының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) Осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы шешімді Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қамысты ауданының әкімі | Е. Жаулыбаев |
| Қамысты ауданының әкімінің | |
| 2026 жылғы 25 маусымдағы | |
| № 2 шешіміне | |
| қосымша |
Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 1 "Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9077 болып тіркелген).
2. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 "Қамысты ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 1 "Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25731 болып тіркелген).
3. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 3 "Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы "Қамысты ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29517 болып тіркелген).
4. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 2 "Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы Қамысты ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10424-10 болып тіркелген).