"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Занының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Денисов ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 174 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10317-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Аудан әкімі | Р. Катпаев |