Алтынсарин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 "Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 188 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 наурызда № 38178 болып тіркелді

      Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 21 тамыздағы № 91 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10262-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алтынсарин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешім қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алтынсарин ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алтынсарин ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайды тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.".

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.";

      көрсетілген шешім қосымшасының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мусапирова

О внесении изменений в решение Алтынсаринского районного маслихата от 21 августа 2024 года № 91 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алтынсаринском районе"

Решение маслихата Алтынсаринского района Костанайской области от 17 марта 2026 года № 188. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2026 года № 38178

      Алтынсаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алтынсаринском районе" от 21 августа 2024 года № 91 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10262-10) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Алтынсаринском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Алтынсаринском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      заголовок приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Алтынсаринском районе";

      пункт 1 приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), проживающим в Алтынсаринском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.".

      пункт 4 приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере пяти (5) процентов.";

      пункт 7 приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Алтынсаринского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Алтынсаринского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Мусапирова