Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 23/216 "Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6653-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы";
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.";
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
тақырып мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";
4-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалды.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
7-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"7-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағында көрсетілген нормалар шегінде есептейді.".
2. "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Абай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Сакенов |