Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңның 27- бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Абай ауданындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелерінің көбеюі туралы" Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 29/324 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4730 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Сакенов |