Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын бекіту және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Қарағанды қаласының жерлеріне салықтың базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5354 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы | А. Букенов |