Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 61/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қыркүйекте № 39786 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 61/01
Қаулысымен бекітілді

Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнатылу, жұмыс істеуі және бөлшектелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын, олардың орнатылуы, жұмыс істеуі және бөлшектелуін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;

      2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

      3) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалды құрылыс;

      4) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);

      5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады;

      6) нобай (нобайлық жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi;

      7) елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбеті – құрылыс объектілерінің, құрылыс салудың, абаттандырудың және қоршаған ортаның барлық элементтерінің орналасуы тұтас эстетикалық сәулетті, жайлы, қолжетімді және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған аумақтың кеңістіктік-композициялық шешімі;

      8) стационарлық емес сауда объектісі – сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      9) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жиналмалы конструкциядардан жеңіл құрылатын құрылыс.

2-тарау. Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау тәртібі

      3. Стационарлық емес сауда объектілеріне мыналар жатады:

      1) автодүкен;

      2) автомат (сауда автоматы);

      3) дүңгіршек;

      4) жылжымалы сөре;

      5) шатыр (павильон).

      4. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату орындарын айқындау кезінде көрсетіледі:

      1) нақты орналасқан жері;

      2) маршрут сызбасы;

      3) алып жатқан алаң;

      4) кемінде бір жыл және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі;

      5) жақын маңдағы инфрақұрылымды ескере отырып қызмет саласы (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері).

      5. Стационарлық емес сауда объектілеріндегі сауда, Қазақстан Республикасының ҚР СТ 3675 "Сауда қызметтері. Шағын бөлшек сауда желілері объектілеріне қойылатын жалпы талаптар" стандартының талаптарын сақтай отырып жүзеге асады.

      6. Автокөлік дүңгіршектері арқылы тауарларды өткізу кезінде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуы және "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікте белгісі болуы тиіс.

      7. Автокөлік дүкендері (мамандандырылған автомобильдер) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін көрсетілген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен міндетті техникалық байқаудан өту шартымен пайдаланылады.

      8. Тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ұшырайтын, ластану, жануарлардың, соның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуі, тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінен қорғауды қамтамасыз ететін жуу және уытты емес материалдардан жасалған температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшеудің бақылау құралдарымен жарақтандырылған көлік құралдары және (немесе) контейнерлер пайдаланылады.

3-тарау. Қарағанды облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі, жұмыс істеуі және бөлшектеу

      9. Кәсіпкерлік субъектісі стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде:

      1) жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысын (жаяу жолдардың жаяу жүргіншілері бөлігінің ені кемінде 1,5 метр), мүгедектігі бар тұлғалар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасауды;

      2) өрт сөндіру бөлімшелерінің, авариялық-құтқару техникасының қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға кедергісіз кіруін қарастыру қажет.

      10. Қоғамдық тамақтану саласындағы стационарлық емес сауда объектісінің орналасқан жерінен инженерлік желілерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) қосылу нүктесіне дейінгі арақашықтық 20 метрден аспауы тиіс.

      11. Ішкі сауда субъектілері қызметін жүзеге асыру шеңберінде:

      1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдаланады;

      2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолданып, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермейді;

      3) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын уақтылы төлейді;

      4) жер учаскесiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтайды;

      5) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбайды.

      12. Cтационарлық емес сауда объектісін орнату кезінде ішкі сауда субъектісінің маңдайшасы болуы қажет.

      13. Демонтаждау жүргізілетін жағдайлар:

      1) жер учаскесін жалға алу мерзімі аяқталған кезде;

      2) кәсіпкерлік субъектісінің қызметі тоқтағанда;

      3) пайдалану шарттары бұзылғанда.

      14. Демонтаждау жұмыстары меншік иесінің есебінен бір ай ішінде жүргізіледі.

Об утверждении правил определения мест размещения, установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области

Постановление акимата Карагандинской области от 31 августа 2026 года № 61/01. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 сентября 2026 года № 39786

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1-8 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить правила определения мест размещения, установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области.

      2. Государственному учреждению "Управление предпринимательства и промышленности Карагандинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карагандинской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карагандинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Булекпаев

  Утверждены постановлением
Акимата Карагандинской области
от 31 августа 2026 года № 61/01

Правила определения мест размещения, установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения мест размещения, установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) пункта 1-8 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан" и устанавливают порядок определения места размещения, установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие термины:

      1) автолавка – оснащенное торговым оборудованием специализированное автотранспортное средство;

      2) автомат – автоматизированное устройство, предназначенное для продажи товаров;

      3) киоск – некапитальное переносное сооружение, оснащенное торговым оборудованием, не имеющее торгового зала и помещений для хранения продовольственных товаров, рассчитанное на одно или несколько торговых мест;

      4) выносной прилавок – переносное временное сооружение (конструкция), представляющее собой торговое место, располагаемое на специально определенном месте;

      5) субъекты предпринимательства - граждане, кандасы и негосударственные коммерческие юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность (субъекты частного предпринимательства), государственные предприятия (субъекты государственного предпринимательства);

      6) эскиз (эскизный проект) – упрощенный вид проектного (планировочного, пространственного, архитектурного, технологического, конструктивного, инженерного, декоративного или другого) решения, выполненный в форме схемы, чертежа, первоначального наброска (рисунка) и объясняющий замысел этого решения;

      7) архитектурный облик населенного пункта (составных частей населенного пункта) – пространственно-композиционное решение территории, при котором расположение строительных объектов, всех элементов застройки, благоустройства и окружающей среды направлено на формирование целостной эстетичной архитектуры, комфортной, доступной и безопасной среды;

      8) нестационарный торговый объект – используемые для торговой деятельности и (или) общественного питания временное сооружение или временная конструкция, непрочно связанные с землей вне зависимости от наличия или отсутствия подключения (технологического присоединения) к сетям инженерно-технического обеспечения, в том числе автоматизированное устройство или транспортное средство;

      9) палатка (павильон) – легко возводимое строение из сборно-разборных конструкций, оснащенное торговым оборудованием для одного или нескольких торговых мест, имеющее площадь для торгового запаса и располагаемое на специально определенном месте.

Глава 2. Порядок определения мест размещения нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области

      3. К нестационарным торговым объектам относятся:

      1) автолавка;

      2) автомат (вендинговый автомат);

      3) киоск;

      4) выносной прилавок;

      5) палатка (павильон).

      4. При определении мест установки нестационарных торговых объектов указывается:

      1) точное месторасположение;

      2) схема маршрута;

      3) занимаемая площадь;

      4) период осуществления торговой деятельности, составляющий не менее одного года и не более пяти лет;

      5) сфера деятельности с учетом близлежащей инфраструктуры (торговые объекты, в которых реализуется схожий ассортимент товаров, а также объекты общественного питания).

      5. Торговля в нестационарных торговых объектах осуществляется с соблюдением требований национального стандарта Республики Казахстан СТ РК 3675 "Услуги торговли. Общие требования к объектам мелкорозничных сетей".

      6. При реализации товаров через автолавки специализированное транспортное средство должно быть технически исправно и иметь отметку в свидетельстве о регистрации транспортного средства согласно приказу Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10056).

      7. Автолавки (специализированные автомобили) используются для торговли на ярмарках при условии государственной регистрации указанных транспортных средств и прохождения обязательного технического осмотра в порядке установленном приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 329 установленном "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичность прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, за исключением механических транспортных средств и прицепов к ним Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11333) и соответствия требованиям законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      8. Используются транспортные средства и (или) контейнеры, оснащенные оборудованием, обеспечивающими возможность поддержания условий транспортировки и (или) хранения пищевой продукции, поддерживающими необходимые температуры транспортировки и контрольными средствами измерения соответствующих параметров температурных режимов, внутренняя поверхность которых выполнена из моющих и нетоксичных материалов, подвергающихся очистке, мойке и дезинфекции, обеспечивающих защиту пищевой продукции от загрязнения, проникновения животных, в том числе грызунов и насекомых.

Глава 3. Порядок установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории Карагандинской области

      9. Субъект внутренней торговли при установке нестационарных торговых объектов предусматривает:

      1) свободное движение пешеходов (ширина пешеходной части тротуара не менее 1,5 метров), создание условий для лиц с инвалидностью и иных маломобильных групп населения, беспрепятственный подъезд спецтранспорта при чрезвычайных ситуациях;

      2) беспрепятственный доступ пожарных подразделений, аварийно-спасательной техники к существующим зданиям и сооружениям.

      10. Расстояние от места расположения нестационарного торгового объекта в сфере общественного питания до точки подключения к инженерным сетям (водоснабжение, водоотведение, электроснабжение) не превышает 20 (двадцати) метров.

      11. В рамках функционирования субъекты внутренней торговли:

      1) используют землю в соответствии с ее целевым назначением или функциональной зоной, при временном землепользовании – в том числе, в соответствии с договором аренды (договором временного безвозмездного землепользования);

      2) применяют технологии производства, соответствующие санитарным и экологическим требованиям, не допускают причинения вреда здоровью человека, ухудшения санитарно-эпидемиологической и радиационной обстановки, причинения экологического ущерба в результате осуществляемой ими деятельности;

      3) своевременно вносят плату за пользование земельными участками;

      4) при осуществлении хозяйственной деятельности на земельном участке соблюдают строительные, экологические, санитарно-гигиенические и иные специальные требования (нормы, правила, нормативы);

      5) не нарушают прав других собственников и землепользователей.

      12. При установке нестационарного торгового объекта субъекту внутренней торговли необходимо иметь вывеску.

      13. Демонтаж осуществляется в случаях:

      1) окончания срока аренды земельного участка;

      2) прекращения деятельности субъекта предпринимательства;

      3) нарушения условий эксплуатации.

      14. Демонтажные работы выполняются за счет собственника в течение одного месяца.