"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 61-358 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 болып тіркелген) шешімі;
2) Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі "Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" № 61-358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 12-60 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24715 болып тіркелген) шешімі.
2. "Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Кербұлақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелінсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы | К. Бекиев |