Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Каратал ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Каратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 18-68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №141-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қаратал аудандық мәслихаты | |
| Төрағасының міндетін атқарушы | Р. Тасыбаев |