"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешмінің қосымшасына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғалиев Бауыржан Қамарғалиұлына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары | Е. Еспенов |
| шешіміне қосымша |
Т.Рысқұлов аудан әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) "Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген);
2) "Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 05 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4628 болып тіркелген).
3) "Т. Рысқұлов ауданы аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы" Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4987 болып тіркелген).