Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VІ "Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" шешеміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 42/3-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 маусымда № 38972 болып тіркелді

      Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7484 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары және мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;

      көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында Бесқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:

      "Бесқарағай аудандық мәслихатының

      2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VI

      шешіміне 2-қосымша";

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 42/3-VIII шешіміне
қосымша

Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі -мамандар).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы шот-банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шартының негізінде ашатын банк шоты;

      2) Коммуналдық қызметтер-тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;

      3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады (бұдан әрі - ММ).

2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      4. Әлеуметтік көмек бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімі негізінде (ары қарай – тізім), ақшалай нысанда "Қазпошта" акционерлік қоғамы аумақтық бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржылық операцияларды реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолдарымен көрсетіледі.

      5. Күнтізбелік жылда бір рет 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Бесқарағай ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      7. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.

      Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.

О внесении изменений и дополнения в решение Бескарагайского районного маслихата от 11 августа 2020 года № 55/8-VІ "Об утверждении Порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района"

Решение Бескарагайского районного маслихата области Абай от 16 июня 2026 года № 42/3-VIII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июня 2026 года № 38972

      Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бескарагайского районного маслихата "Об утверждении Порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района" от 11 августа 2020 года № 55/8-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7484) следующие изменения и дополнение:

      заголовок к указанному решению изложить в новой редакции:

      "Об утверждении Правил и размеров оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района, согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      пункты 2 и 3 указанного решения исключить;

      пункт 4 указанного решения изложить в новой редакции:

      "4. Признать утратившими силу некоторые решения Бескарагайского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.";

      в приложении указанного решения текст в правом верхнем углу перечня утративших силу некоторых решений Бескарагайского районного маслихата изложить в следующей редакции:

  "Приложение 2 к решению
Бескарагайского районного маслихата
от 11 августа 2020 года № 55/8-VI";

      дополнить приложением 1 согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Бескарагайского районного маслихата области Абай" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе государственного учреждения "Аппарат Бескарагайского районного маслихата области Абай" после его первого официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бескарагайского районного маслихата
      М. Абылгазинова

  Приложение к решению
Бескарагайского районного
маслихата
от 16 июня 2026 года
№ 42/3-VIII

Правила и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяет порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района (далее – специалисты).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) текущий счет – банковский счет, открываемый банком или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций, на основании договора банковского счета;

      2) коммунальные услуги – услуги, предоставляемые потребителю, включающие водоснабжение, водоотведение, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление для обеспечения безопасных и комфортных условий проживания (пребывания);

      3. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Бескарагайского района" (далее - уполномоченным орган).

Глава 2. Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам

      4. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций, без истребования заявлений от специалистов, на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций (далее - список), в денежной форме путем перечисления на текущие счета специалистов через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых операций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта".

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в календарный год в размере 14 (четырнадцать) месячных расчетных показателей.

      6. Финансирование расходов на оказания социальной поддержки осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Бескарагайского района на текущий финансовый год.

      7. Срок принятия решения об оказании социальной поддержки специалистам по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива составляет 8 (восемь) рабочих дней со дня поступления списка специалистов (далее – список).

      8. Работник ГУ рассматривает списки государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии в течении 8 (восьми) рабочих дней.

      9. В случае не соответствия списков предоставленных первыми руководителями организаций в соответствии со статьями 73 и 74 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, ГУ уведомляет первых руководителей организаций о предварительном решении, об отказе в оказании социальной поддержки, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить позицию по предварительному решению.

      При отсутствии замечаний по результатам рассмотрения списков, ГУ принимает положительное решение и оказывает выплату социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива на текущие счета специалистов.