Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 17/108-VIII "Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 279-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Курчатов қаласында тұрғын үй көмегінің мөлшері мен көрсету қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы тұрғын үй көмегінің мөлшері мен көрсету қағидасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26793 болып тіркелген) сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Қағида)";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.";
8-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасы қабылданған күннен бастап тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылдау не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. "Курчатов қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Курчатов калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | |
| Г. Хусайнова |