Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 6 ақпандағы № 578 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 ақпанда № 37961 болып тіркелді

      Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 "Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8540-04 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларында:

      1-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      2-тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.";

      3-тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын Қағидалардың 3 тарауымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді.";

      13-тармағы алынып тасталсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Шамбалаев

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221"Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе"

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 6 февраля 2026 года № 578. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2026 года № 37961

      Шалкарский районный маслихат Актюбинской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 "Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе" (зарегистровано в государственном реестре нормативных правовых актов № 8540-04) следующие изменения:

      в Размере и правиле оказания жилищной помощи в Шалкарском районе, утвержденным вышеуказанным решением:

      Часть шестую пункта 1 изложить в новой редакции:

      "Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели.";

      пункт 2 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи утвержденных приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила).";

      пункт 3 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемым главой 3 Правил.";

      пункт 13 исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Шалкарского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Шалкарского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
Ж. Шамбалаев