Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 "Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 403 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38424 болып тіркелді

      Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының "Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8561-04 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Тулеуов

  Алға аудандық мәслихатының
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 403 шешіміне қосымша
  Алға аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 137 шешіміне 1 қосымша

Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

      1. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда Алға ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекетік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға

      "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін, коммуналдық қызметтер тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы органның жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады және отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстарының үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді.

      6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.

      9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.

      10. Тұрғын үй көмегін жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 28 марта 2024 года № 137 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе"

Решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 14 апреля 2026 года № 403. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 апреля 2026 года № 38424

      Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 28 марта 2024 года № 137 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8561-04) следующие изменения:

      заголовок к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Алгинском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить размер и правила оказания жилищной помощи в Алгинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      Приложение 1 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Алгинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Алгинского района после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Алгинского
районного маслихата
М. Тулеуов

  Приложение к решению
Алгинского районного
маслихата от 14 апреля
2026 года № 403
  Приложение 1 к решению
Алгинского районного
маслихата от 28 марта
2024 года № 137

Размер и правила оказания жилищной помощи в Алгинском районе

      1. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Алгинский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – услугодатель).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище на территории Алгинского района, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов к совокупному доходу семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пять) процентов.

      5. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в пределах норм, утвержденных Правилами предоставления жилищной помощи.

      6. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации, осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      7. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" или на веб-портал "электронного правительства" с предоставлением документов согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      8. Назначение жилищной помощи производится в течение текущего квартала, при этом совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) и расходы о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде учитываются за предшествующий квартал.

      9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации "Правительство для граждан", либо через веб-портал "электронного правительства" определяется в порядке, установленном Правилами предоставления жилищной помощи.

      10. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      11. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      12. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.