"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) "Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26589 тіркелген);
2) "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 "Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8547-04 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |