БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 243 "Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27943 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;";
7) тармақша алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тауар және оны өндіруші туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу үшін өтініш берушілер уәкілетті органға осы Өзара іс – қимыл жасау қағидаларына 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өнеркәсіптік тауары және оны өндіруші туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізіліміне енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) уәкілетті органға тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің немесе сертификаттың электрондық көшірмесі СТ-1.
Сараптама актісін уәкілетті ұйым "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 41-5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сараптаманы жүргізу, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданылуын жою қағидаларында айқындалған тәртіппен береді.
СТ-1 тауардың шығу тегі туралы сертификатын уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларына сәйкес береді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген).".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |