БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығымен бекітілген"; |
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
12) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) радиоизотоптық (радионуклидтік) диагностика – радионуклидтермен, радиофармацевтикалық дәрілік препаратпен таңбаланған радиоактивті изотоптарды немесе қосылыстарды пайдалануға негізделген сәулелік зерттеу;";
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) референс-орталық – мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ патологоанатомиялық диагностикалау кезінде үйлестіруді, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, сапаны және қауіпсіздікті сырттай бағалау жүйесін ендіруді үйлестіретін, қамтамасыз ететін мемлекеттік медициналық ұйымдардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдардың уәкілетті орган айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) сәулелік терапия (радиотерапия, фотондық және протондық терапия) – бағытталған және арнайы мөлшерленген иондаушы сәулелену жолымен ісіктерді және кейбір ісік емес ауруларды емдеу әдісі;";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті уәкілетті органның шешіміне сәйкес үшінші деңгейде онкологиялық көмек көрсететін республикалық ұйымдар, сондай-ақ референс-орталықтар, оның ішінде: патоморфологиялық диагностика және иммуногистохимиялық зерттеулер, молекулалық-генетикалық зерттеулер, радиациялық онкология, ядролық медицина жөніндегі референс-орталықтар үйлестіреді. Өңірлердегі онкологиялық көмекті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті мемлекеттік органдарының шешімімен айқындалатын медициналық ұйым үйлестіреді.";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) верификацияланған ҚІ диагнозы бар барлық бастапқы пациенттер. Жоспарлы операциялық емдеуден кейін ҚІ диагнозы қойылған жағдайда МДТ отырысы алынған гистологиялық қорытындының және/немесе иммуногистохимиялық зерттеудің нәтижелері бойынша бөлімшеде өткізіледі;";
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. МДТ қорытындысы медициналық цифрлық жүйеге (бұдан әрі – МЦЖ) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) № 052/е нысаны бойынша науқастың амбулаториялық медициналық картасына (бұдан әрі – науқастың амбулаториялық медициналық картасы) және (немесе) № 001/е нысаны бойынша науқастың стационарлық медициналық картасына (бұдан әрі – науқастың стационарлық медициналық картасы) және кейіннен МДТ отырыстарының журналына жазбаны автоматты түрде қалыптастыру арқылы енгізіледі.
19. Пациенттерді екінші немесе үшінші деңгейлерде онкологиялық көмек көрсететін ұйымға емдеуге жіберген жағдайда, МЦЖ-де МДТ отырысының хаттамасынан қабылданған шешімі бар үзінді қалыптастырылады, ол келісуге жіберілген ұйымға түседі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдарда екінші және үшінші деңгейлерде құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылады:
1) динамикалық байқау бөлімшесі бар клиникалық-диагностикалық бөлімше;
2) сәулелік терапия бөлімшесі (радиологиялық бөлімше);
3) химиотерапия бөлімшесі;
4) ісіктер хирургиясы бөлімшесі.
Қосымша мынадай бөлімшелер ұйымдастырылады:
1) ядролық медицина бөлімшесі (орталығы); радионуклидтік (радиоизотоптық) диагностика бөлімшесі, радионуклидтік терапия бөлімшесі;
2) арнайы мамандандырылған бөлімшелер мен орталықтар, оның ішінде референс-орталықтар;
3) онкологиялық науқастарды қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесі (кабинеті);
4) паллиативтік медициналық көмек және қолдаушы терапия бөлімшесі (орталығы).";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Пациенттерді емдеуді даралау мақсатында ісіктердің молекулалық-биологиялық ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ ҚІ диагнозын растау (верификациялау) үшін иммуногистохимиялық зерттеулер (бұдан әрі – ИГХ зерттеулер) және молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізіледі. ИГХ зерттеулер екінші деңгейде онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардың патоморфологиялық зертханалары және үшінші деңгейдегі референс-орталықтар деңгейінде жүргізіледі және клиникалық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. ИГХ зерттеулер жүргізу мерзімдері материал алынған күннен бастап он төрт жұмыс күнінен аспайды. Зерттеудің ИГХ қорытындысы зерттеудің күнін, нөмірін, орындаушының тегін көрсете отырып, МЦЖ-ге енгізіледі және материалды зерттеуге жіберген ұйымға ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы немесе пошта арқылы беріледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Пациенттерді ядролық медицина әдістерін қолдана отырып зерттеп-қарау және емдеу ядролық медицина бөлімшелерінде (орталықтарында) жүзеге асырылады.";
40-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Амбулаториялық жағдайларда ҚІ күдігі бар пациенттерді зерттеп-қараудың барлық кезеңі мынадай зерттеп-қарау мерзімдері шеңберінде онкосақтық маркерлері көрсетіле отырып, МЦЖ-де көрсетіледі:";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Өмірінде алғаш рет диагнозы қойылған әрбір пациентке № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша, оның ішінде МЦЖ арқылы науқастың амбулаториялық медициналық картасына "Пациентті динамикалық (диспансерлік) бақылау" 5-қосымша парағы толтырылады.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Сәулелік терапия (радиотерапия, фотондық және протондық терапия) пациентті клиникалық қадағалап қарау, сәулелеу алдындағы дайындықты және сәулелік емдеуді бір дәрігердің – радиациялық онкологтың (сәулелік терапевтің) жүргізуін көздейтін "бір дәрігер – радиациялық онколог (сәулелік терапевт)" қағидаты бойынша жүргізіледі және медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.";
4-тарау мынадай мазмұндағы 8-параграфпен толықтырылсын:
"8-параграф. Онкология саласындағы референс-орталықтар
92. Референс-орталықтар қызметкерлерінің ұсынылатын штаттары осы Стандартқа 7-қосымшада белгіленген.
Референс-орталықтарды медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыру осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Референс-орталықтарды ұйымдастыру және олардың қызметі "Референс-орталықтың қызметі, референс-орталық мәртебесін беру немесе кері қайтарып алу қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40023 тіркелді), сондай-ақ осы Стандартқа 9, 10, 11 және 12-қосымшаларда көзделген референс-орталықтар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.";
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшалармен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және "Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25880 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығымен бекітілген"; |
2-тармақ мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) референс-орталық – мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ патологоанатомиялық диагностикалау кезінде үйлестіруді, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, сапаны және қауіпсіздікті сырттай бағалау жүйесін ендіруді үйлестіретін, қамтамасыз ететін мемлекеттік медициналық ұйымдардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдардың уәкілетті орган айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Амбулаториялық жағдайларда бейінді мамандармен мамандандырылған медициналық көмек көрсеткен кезде есепке алу құжаттамасын жүргізу "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген нысандар бойынша, оның ішінде медициналық цифрлық жүйелер (бұдан әрі – МЦЖ) арқылы жүзеге асырылады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) гематологиялық көмектің неғұрлым төмен деңгейіндегі медициналық ұйымның гематолог-дәрігері таргетті терапияны тағайындау не жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қажет болған кезде гематологиялық көмектің неғұрлым жоғары деңгейінің құзыреттілік орталығына сұрау салу жібереді. Сұрау салуда барлық жүргізілген диагностикалық қызметтер, олардың орындалу мерзімі, зерттеу нәтижелері, емдеудің өткен терапиялық кезеңдері және терапияға жауаптар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Төртінші деңгейдегі республикалық орталықтың үлгісі бойынша жолдама МЦЖ арқылы қалыптастырылады, ал техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда – қолмен ресімделеді және электрондық пошта арқылы жіберіледі;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) диагноз және емдеу бағдарламасы расталғаннан кейін жетекші қорытынды қалыптастырады және оны МЦЖ немесе электрондық пошта арқылы өтініш берушіге жібереді. Емдеу бағдарламасы расталмаған жағдайда жетекші себептері мен ұсынымдарын көрсете отырып, дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны өтініш берушіге сол әдіспен жібереді;";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Гематологиялық көмектің төртінші деңгейіндегі медициналық ұйымның гематолог-дәрігерлері бес жұмыс күні ішінде қорытындыны қалыптастырады және оны МЦЖ немесе электрондық пошта арқылы жібереді. Қорытынды жоғары технологиялық медициналық көмекті жүзеге асыру мүмкіндігін растаудан және пациентті оны қабылдауға дайындау бойынша ұсыныстардан не баламалы емдеудің себептері мен ұсынымдары көрсетілген дәлелді бас тартудан тұруға тиіс.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Осы Стандартта көрсетілген медициналық ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері көрсететін гематологиялық көмекті үйлестіру астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бұйрықтарымен айқындалатын құзыреттілік орталықтары арқылы жүзеге асырылады.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Гематологиялық көмектің үшінші деңгейінде гематологиялық көмекті үйлестіру уәкілетті органның бұйрығына сәйкес ересек халыққа гематологиялық көмекті үйлестіруді жүзеге асыратын төртінші деңгейдегі республикалық орталықпен келісу бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бірлескен бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.";
95-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"пациентті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық жүйелерінде есепке қоюды, сондай-ақ терапияға жауапты бағалауды қоса алғанда, жетекшілік ететін өңірде қан ауруларын статистикалық есепке алуды жүргізу және оларды талдау;";
көрсетілген стандартқа 3-қосымшада:
7-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) көрсетілетін медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізу кезінде Құзырет орталығының қызметкерлері медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізуге және әдістемелік қамтамасыз етуге уәкілетті ұйымдармен және органдармен, оның ішінде референс-орталықтармен, Қормен, олардың қызметі қан қызметі саласында және АИТВ-инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелерінде маманданатын ұйымдармен байланыс жасайды.";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |
Референс-орталықтар қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
1-кесте. Онкологиядағы молекулалық-генетикалық зерттеулер жөніндегі Референс-орталық қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
Орталықтың/зертхананың басшысы | 1 |
Клиникалық зертханалық диагностика дәрігері және (немесе) генетик дәрігер | 4 |
Биолог (молекулалық биолог, молекулярлық диагностика жөніндегі маман, биотехнолог) | кемінде 4 |
Биоинформатика жөніндегі маман | 2 |
2-кесте. Онкологиядағы ядролық медицина жөніндегі Референс-орталық қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
3-кесте. Радиациялық онкология жөніндегі Референс-орталық қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
4-кесте. Медициналық көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде төсек санына қарай стационарлық жағдайларда мейіргердің 1 тәулік бойғы постына онкологқа (сәулелік терапевтке) жүктемені ескере отырып ұсынылатын штат нормативтері
Аудандық аурухана | Қалалық аурухана | Астананың ауруханасы, облыстық аурухана және республикалық маңызы бар қаланың ауруханасы | Ұлттық орталық |
Штат халықтың 10 000 адамына шаққандағы жоспарлы-нормативтік төсек санына және көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне сәйкес белгіленеді | 12 | 10 | 8 |
5-кесте. Пациенттер санына қарай күндізгі стационар жағдайларында радиациялық онколог (сәулелік терапевт) дәрігердің 1 лауазымына және мейіргердің 1 лауазымына жүктемені ескере отырып ұсынылатын штат нормативтері
Бөлімше меңгерушісі | бөлімшеге 1 лауазым |
Радиациялық онколог (сәулелік терапевт) дәрігер |
жылына 200 пациентке 1 лауазым, |
Аға мейіргер | 1 лауазым |
Мейіргер | жылына 250 пациентке дейін ем алатын бөлімшеге 1 лауазым не 1 мейіргерге ем алып жатқан 15 пациентке дейін |
6-кесте. Тәулік бойы және/немесе күндізгі стационар жағдайларында сәулелік терапияны қамтамасыз ету үшін физика-техникалық персоналдың ұсынылатын штат нормативтері
Бөлім меңгерушісі | бөлімшеге 1 лауазым |
Медициналық физик |
1 мегавольттық қондырғыға ауысымына 2 лауазым; |
Сәулелік аппараттарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер | ауысымына 1 мегавольттық қондырғыға 1 лауазым |
Сәулелік жабдық мейіргері (радиотерапия технологы) |
күніне 25 пациентке дейін ем алатын 1 мегавольттық қондырғыға 2 лауазым |
Рентгензертханашы (симуляторларда жұмыс істеу үшін) | жылына әрбір 500 пациентке симуляция жүргізу үшін 2 лауазым. |
7-кесте. Онкологиядағы цитопатоморфология және иммуногистохимиялық зерттеулер жөніндегі Референс-орталық қызметкерлерінің ұсынылатын штаты
Лауазымдардың атауы | Лауазымдардың саны | |
1 | Референс-орталықтың басшысы | 1 лауазым |
2 | Патологоанатом дәрігер | 1 жылға 1 лауазымға орындалатын зерттеулер көлемі есебінен: операциялық-биопсиялық материалдың 3000 гистологиялық зерттеуі, иммуногистохимиялық зерттеулер |
3 | Цитолог (цитопатолог) дәрігер |
1 жылға 1 лауазымға орындалатын зерттеулер көлемі есебінен: |
4 | ИГХ, ISH биотехнологы | патологоанатом дәрігердің әрбір лауазымына 1 лауазым |
5 | Зертханашы | дәрігердің әрбір лауазымына 1,5 лауазым |
6 | Тіркеуші | дәрігердің әрбір лауазымына 1 лауазым, бірақ бөлімшеге кемінде біреу. |
7 | Архивариус | дәрігердің әрбір лауазымына 1 лауазым, бірақ бөлімшеге кемінде біреу. |
8 | Санитар | дәрігердің әрбір лауазымына 1 лауазым, бірақ бөлімшеге кемінде біреу. |
Ескертпе:
ИГХ – иммуногистохимиялық зерттеулер
ISH – in situ гибридтеу
Медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыру
1-кесте. Онкологиядағы молекулалық-генетикалық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықты медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыру
Референс-орталыққа арналған жалпы жабдық | |
II класты биологиялық қауіпсіздік ламинарлық боксы | 4 |
Сорып-тартатын шкаф | 1 |
Кариотиптеуге арналған CO2-инкубатор | 1 |
Ұштықтар жиынтығы бар айнымалы көлемді автоматты мөлшерлегіштер (0,5–10; 10–200; 100–1000 мкл) | 4 |
10-200 мкл айнымалы көлемді көпарналы мөлшерлегіштер жиынтығы | 2 |
Микроцентрифуга 14000 rpm | 2 |
2-15 мл түтікшелерге арналған 4000 rpm центрифуга | 1 |
96 ұяшықты планшеттерге арналған центрифуга | 2 |
1,5 мл және 2 мл түтікшелерге арналған қатты денелі шейкер-инкубатор | 2 |
2500g дейінгі 96 ұяшықты планшеттерге арналған шейкер | 1 |
Көлемі 0,2; 0,5; 1,5 мл түтікшелерге, 96 ұяшықты планшеттерге арналған магниттік штативтер жиынтығы (микроматрицалық талдау үшін) | 1 |
Вортекс | 4 |
Термошейкер | 1 |
Құрғақ термостат | 1 |
1,5 мл түтікшелерге арналған қатты денелі термостат | 1 |
2 мл түтікшелерге арналған қатты денелі термостат | 1 |
Зертханалық тоңазытқыш (+2…+8 °С) | 2 |
Мұздатқыш камера (-20 °С) | 2 |
Төмен температуралы мұздатқыш камера (-70…-80 °С) | 1 |
Аквадистиллятор – кемінде 1 | 1 |
Ультракүлгін бактерицидті ауа сәулелендіргіш-рециркуляторы – зертхананың әрбір үй-жайына 1-ден | 1 |
Зертханалық немесе хирургиялық сорғыш – нуклеин қышқылдарын бөліп алу аймағындағы әрбір жұмыс орнына кемінде 1 | 1 |
I типті ультратаза су алуға арналған суды тазарту жүйесі (кедергісі 18,2 МОм·см) | 1 |
Өлшеу диапазоны 1 мг – 100 мг электрондық таразы | 2 |
Өлшеу диапазоны 1 г – 200 г электрондық таразы | 2 |
Үздіксіз қуат көзі (UPS) | аса маңызды жабдықтың санына қарай |
ДНҚ/РНҚ бөліп алуға және сапасын бағалауға арналған жабдық | |
ДНҚ/РНҚ автоматты бөліп алу станциясы | 1 |
Флуориметр (жоғары дәлдіктегі, NGS үшін пайдалану мүмкіндігі бар) | 1 |
Спектрофотометр (жоғары дәлдіктегі, NGS үшін пайдалану мүмкіндігі бар) | 1 |
Электрофорезге арналған қуат көзі | 2 |
Көлденең электрофорезге арналған камера | 2 |
Трансиллюминатор | 1 |
Молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған жабдық | |
Үш температура диапазоны бар термоциклер (PCR) | 2 |
Ашық типті нақты уақыт режиміндегі амплификатор (Real-Time PCR) | 1 |
Цифрлық ПТР жүйесі | 1 |
Фрагменттік талдауға және секвенирлеуге арналған капиллярлық анализатор | 1 |
Сэнгер бойынша секвенирлеуге арналған генетикалық талдауыш | 1 |
Жаңа буын секвенаторы (NGS) | 1 |
NGS кітапханаларын дайындаудың автоматты станциясы (аптасына 100-ден астам зерттеу ағыны болған кезде) | 1 |
Кітапханаларды тазартудың магниттік станциясы | 1 |
Бағдарламалық қамтамасыз етуі бар сынама дайындауға және микроматрицалық талдау жүргізуге арналған жабдық жиынтығы (гибридтеу пеші) | 1 |
Препараттарды қараңғы өрісте сканерлеу мүмкіндігі бар сканер | 1 |
Бағдарламалық қамтымы бар сынама дайындауға және микроматрицалық талдау жүргізуге арналған жабдық жиынтығы (жуу станциясы) | 1 |
FISH-қа арналған гибридайзер | 1 |
Препараттарды қараңғы өрісте талдау мүмкіндігі бар микроскоп | 1 |
Кариотиптеуге арналған станция | 1 |
Сапаны қамтамасыз етуге арналған жарақтандыру | |
Бақылау материалдары (оң және теріс бақылаулар) | тұрақты |
Калибрлеу материалдары | өндірушінің нұсқаулығына сәйкес |
Жабдыққа техникалық қызмет көрсету журналы | 1 |
Стандартты операциялық рәсімдер (SOP) | жиынтық |
2-кесте. Радиациялық онкология жөніндегі Референс-орталықты медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыру
3-кесте. Онкологиядағы ядролық медицина жөніндегі Референс-орталықты медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыру
4-кесте. Онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының сәулелік терапия бөлімшесін (радиологиялық бөлімшені) ұсынылатын жарақтандыру
5-кесте. Онкологиядағы цитопатоморфология және иммуногистохимиялық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықты ұсынылатын жарақтандыру
Ультрадыбысы/вакуумы бар автоматты декальцинациялау жүйесі | 1 |
Гистологиялық өңдеу станциясы – жабық типті автоматты вакуумдық процессор, кемінде 300 кассета жүктеу | 1 |
Салқындату модулі бар парафин блоктарын құю станциясы | 1 |
Жартылай автоматты ротациялық микротом | 3 |
Кесінділерді жазуға арналған жарықтандырғышы бар су моншасы | 3 |
Микропрепараттарды кептіруге арналған үстел | 3 |
Гистологиялық препараттарды күнделікті бояуға (гематоксилинмен және эозинмен) арналған автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған стейнер | 1 |
Цитологиялық препараттарды күнделікті бояуға (Папаниколау, Романовский немесе Гимза бойынша) арналған автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған стейнер | 1 |
Цитоцентрифуга (цитоспин) | 1 |
Цитологиялық процессор/ ПАП-тесттерге арналған жасушаларды сүзуге және шыныға тұндыруға арналған автоматты станция | 1 |
Шығыс ыдыстары мен консервілеу орталары: бекіткіш сұйықтықтар және арнайы цитощеткалар | жүргізілетін зерттеулер санына байланысты |
Цитологиялық зерттеулерге арналған жабдық: цитопрепараттарды цитоспин әдісімен дайындауға арналған цитоцентрифуга, сұйық цитологияның автоматтандырылған жүйесі, жасушалық блоктарды дайындауға арналған жабдық | 1 жиынтық |
Ашық типті ИГХ-бояудың автоматтандырылған жүйесі | 1 |
Антигендерді демаскировкалау, депарафиндеу, детекциялау, контрастты бояу және иммуногистохимиялық реакциялардың сапасын бақылау жүйелері | жүргізілетін зерттеулер санына байланысты |
Валидацияланған антиденелер, детекциялық жүйелер, бақылау тіндері, оң және теріс бақылаулар, ИГХ-ға арналған шығыс материалдары | жүргізілетін зерттеулер санына байланысты |
ISH-зерттеулерге арналған гибридайзер | 1 |
Зондтар спектріне арналған сүзгілері бар флуоресценттік микроскоп | 1 |
ISH орындалған жағдайда зондтар жинақтары, нәтижелерді визуализациялау және құжаттау жүйелері | жүргізілетін зерттеулер санына байланысты |
Температуралық режимді бақылай отырып, реагенттерді, бақылау және шығыс материалдарын сақтауға арналған тоңазытқыш жабдық | 2 |
Талдауларға, консилиумдарға және оқытуға арналған көпбасты микроскоп | 1 |
Фото- және бейнетіркеу мүмкіндігі бар Plan объективтері бар микроскоптар | патоморфолог дәрігерлер мен цитолог дәрігерлердің санына қарай |
Цифрлық патологияға арналған микропрепараттар сканері | 1 |
Қараңғы өрісті гистосканер (немесе қараңғы өріс функциясы бар гистологиялық препараттар сканері) | 1 |
Цифрлық слайдтарды сақтау сервері/жүйесі | 1 |
Сәйкестендіру жүйесі: штрих-код принтерлері, штрих-код сканерлері, кассеталар мен шыныларды таңбалауға арналған құрылғылар не материалды сәйкестендірудің өзге де құралдары | әр түрінен 1 бірліктен 1 жиынтық |
Парафин блоктарын, микропрепараттарды, цитологиялық препараттарды, жолдамаларды, қорытындыларды және цифрлық деректерді сақтауға арналған шкафтар, сөрелер және есепке алу жүйелері | зерттеулер көлеміне байланысты |
Формальдегид буларын сүзу жүйесі бар формалинмен жұмыс істеуге арналған сорып-тартатын шкаф | 1 |
Желдету жүйесі | 1 |
Қауіптілік класына байланысты медициналық қалдықтарға арналған контейнерлер | 3 |
Авариялық жиынтықтар, жеке қорғану құралдары және қауіпсіз жұмыс жөніндегі нұсқаулықтар | қызметкерлер штатына байланысты |
Формалинді, ксилолды, спирттерді, бояғыштарды, ИГХ реагенттерін, молекулалық реагенттерді және өзге де химиялық заттарды қауіпсіз сақтауға арналған жабдық | жүргізілетін зерттеулер санына байланысты |
Ескертпе:
3D-CRT — Three-Dimensional Conformal Radiation Therapy — үш өлшемді конформды сәулелік терапия.
CBCT (Cone Beam Computed Tomography) — конустық-сәулелік компьютерлік томография
CO₂ (Carbon Dioxide) — көміртек диоксиді (көмірқышқыл газы).
FISH (Fluorescence in situ Hybridization) — in situ флуоресценттік гибридтеу.
GMP (Good Manufacturing Practice) — Тиісті өндірістік практика.
HDR (High Dose Rate) — доза қуаты жоғары брахитерапия.
IGRT (Image-Guided Radiation Therapy) — пациенттің орналасуын визуалды бақылайтын сәулелік терапия.
IMRT (Intensity-Modulated Radiation Therapy) — шоқ қарқындылығы модуляцияланған сәулелік терапия.
ISH (In Situ Hybridization) — in situ гибридтеу.
kV — киловольттық рентгендік визуализация.
MLC (Multi-Leaf Collimator) — көпжапырақшалы коллиматор.
MV — мегавольттық визуализация.
NGS (Next Generation Sequencing) — жаңа буынның жоғары өнімді секвенирлеуі.
PCR (Polymerase Chain Reaction) — полимеразды тізбекті реакция.
QA (Quality Assurance) — сапаны қамтамасыз ету.
Real-Time PCR — нақты уақыт режиміндегі полимеразды тізбекті реакция.
rpm (revolutions per minute) — минутына айналым саны.
SGRT (Surface-Guided Radiation Therapy) — пациенттің дене беті бойынша бақыланатын сәулелік терапия.
SOP (Standard Operating Procedure) — стандартты операциялық рәсім.
SRS (Stereotactic Radiosurgery) — стереотаксис радиохирургиясы.
SRT (Stereotactic Radiotherapy) — стереотаксистік сәулелік терапия.
TRS-398 (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Technical Reports Series No. 398) — сәулелік терапиядағы абсолюттік дозиметрия жөніндегі халықаралық хаттама.
TRS-483 (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Technical Reports Series No. 483) — шағын және эталондық емес сәулелеу өрістерінің дозиметриясы жөніндегі халықаралық хаттама.
UPS (Uninterruptible Power Supply) — үздіксіз қуат көзі.
VMAT (Volumetric Modulated Arc Therapy) — үдеткіштің айналуымен көлемдік-модуляцияланған сәулелік терапия (доғалық сәулелік терапия).
ДНҚ — дезоксирибонуклеин қышқылы.
ИГХ — иммуногистохимиялық зерттеу.
МР-бағдарланған — магниттік-резонанстық бағдарланған (сәулелік терапия жүргізу кезінде магниттік-резонанстық навигация мен визуализацияны пайдалана отырып).
МРТ — магниттік-резонанстық томография.
БФЭКТ/КТ — компьютерлік томографиямен біріктірілген бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография.
ПЭТ/КТ — компьютерлік томографиямен біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томография.
ПЭТ/МРТ — магниттік-резонанстық томографиямен біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томография.
РНҚ — рибонуклеин қышқылы.
РФДП — радиофармацевтикалық дәрілік препарат
Онкологиядағы молекулалық-генетикалық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Онкологиядағы молекулалық-генетикалық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) онкология саласындағы молекулалық-генетикалық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықтың (бұдан әрі – МГЗ жөніндегі Референс-орталық) негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. МГЗ жөніндегі Референс-орталықтың қызметі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, "Референс-орталықтың қызметі, референс-орталық мәртебесін беру немесе кері қайтарып алу қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 120 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40023 тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) және осы Ережемен реттеледі.
2-тарау. Негізгі міндеттері мен функциялары
3. МГЗ жөніндегі Референс-орталықтың негізгі міндеттері Қағидаларда көзделген.
4. Жүктелген міндеттерге сәйкес МГЗ жөніндегі Референс-орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) молекулалық-генетикалық зерттеулер нәтижелерін сараптамалық бағалауды талап ететін күрделі диагностикалық жағдайларды талдауға, оның ішінде мультидисциплинарлық топтар мен консилиумдар құрамында қатысу;
2) молекулалық-генетикалық зерттеулер сапасын сыртқы бағалау жүйесін енгізуді және сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
3) молекулалық-генетикалық зерттеулердің анық болуын, салыстырмалылығын және қайта жаңғыртылуын бағалау мақсатында зертханалық процестерге және олардың нәтижелеріне талдау жүргізу;
4) молекулалық-генетикалық зерттеулер нәтижелерінің алшақтықтарын бағалау;
5) онкология саласында молекулалық-генетикалық зерттеулерді қолдануды сараптамалық-талдамалық бағалауды, оның ішінде олардың клиникалық көрсетілімдерге және диагностика мен емдеудің белгіленген тәсілдеріне сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру;
6) диагностиканың дәлдігі мен анықтығын арттыру, диагностикалық қателерді азайту және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында молекулалық-генетикалық зерттеулерді қолдануды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
7) мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде молекулалық-генетикалық зерттеулерді қолдану тәсілдерін әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;
8) ұлттық және халықаралық клиникалық ұсынымдарды, стандарттар мен хаттамаларды ескере отырып, молекулалық-генетикалық зерттеулердің заманауи әдістерін енгізуге қатысу;
9) молекулалық-генетикалық зерттеулер нәтижелерінің сапасы, анықтығы және түсіндірілуі мәселелері бойынша референс-зертханалармен және өзге де бейінді ұйымдармен сараптамалық-талдамалық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
10) медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін жетілдіруге байланысты бөлігінде молекулалық-генетикалық диагностика саласындағы ғылыми және инновациялық қызметке қатысу;
11) Қағидаларда көзделген өзге де функциялар.
3-тарау. Негізгі өкілеттіктері
5. Функциялар мен міндеттерді орындау үшін МГЗ жөніндегі Референс-орталықтың:
1) тәжірибе алмасу және озық практикаларды енгізу мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) жұмыс топтарының, комиссиялардың, консультативтік органдардың және өзге де алқалы органдардың қызметіне қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4-тарау. Қызметті ұйымдастыру
6. МГЗ жөніндегі Референс-орталықтың қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Референс-орталық базасында айқындалған медициналық ұйымның бірінші басшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
7. МГЗ жөніндегі Референс-орталықтың жұмысы "Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № ҚР ДСМ-125 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30388 тіркелді) көзделген талаптарға сай келеді.
8. МГЗ жөніндегі Референс-орталықтың үй-жайларына қойылатын талаптар бірнеше функционалдық аймақты бөлуді қамтиды:
биологиялық материалды қабылдау мен тіркеуге арналған дербес үй-жай не цитогенетикалық талдауларды қабылдаумен және тіркеумен біріктірілген үй-жай;
дәрігерлер кабинеттері/ординаторлық;
реакциялық қоспаларды дайындау аймағы;
бокс алды бөлмесі бар нуклеин қышқылдарын бөліп алу аймағы;
бокс алды бөлмесі бар амплификация аймағы;
бокс алды бөлмесі бар детекция аймағы;
бокс алды бөлмесі бар секвенирлеу аймағы;
NGS үшін кітапханаларды дайындау аймағы;
қауіпті қалдықтарды уақытша сақтау бөлмесі;
материалдық бөлме / шығыс материалдары қоймасы;
архивке арналған үй-жай.
9. Үлгілер түскен кезде тасымалдау, қаптау және таңбалау шарттарының сәйкестігіне бақылау жүргізіледі. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда үлгілер қабылданбайды және зерттелмейді.
10. МГЗ жөніндегі Референс-орталық өз құзыреті шегінде МГЗ жөніндегі Референс-орталық базасында айқындалған медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де медициналық ұйымдармен, өзге де референс-орталықтармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қызметті жүзеге асырады.
11. Ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік қызметті жүзеге асыру кезінде МГЗ жөніндегі Референс-орталық:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдарды, қорытындыларды және өзге де құжаттарды есепке алуды, жүйелеуді және архивтік сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескертпе:
NGS – жаңа буын секвенирлеуі (ағылш. Next-Generation Sequencing).
Радиациялық онкология жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Радиациялық онкология жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) радиациялық онкология жөніндегі Референс-орталықтың (бұдан әрі – РО жөніндегі Референс-орталық) негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. РО жөніндегі Референс-орталықтың қызметі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, "Референс-орталықтың қызметі, референс-орталық мәртебесін беру немесе кері қайтарып алу қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 120 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40023 тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) және осы Ережемен реттеледі.
2-тарау. Негізгі міндеттері мен функциялары
1. РО жөніндегі Референс-орталықтың негізгі міндеттері Қағидаларда көзделген.
2. Жүктелген міндеттерді шешу үшін РО жөніндегі Референс-орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) радиациялық онкология қызметін ұйымдастыруға және дамытуға бірыңғай тәсілдерді енгізу бөлігінде сәулелік терапияны жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
2) сәулелік терапия қызметтерінің қолжетімділігіне және оларға қажеттілікке мониторинг жүргізу, оның ішінде медициналық ұйымдардың жабдықпен және кадр ресурстарымен қамтамасыз етілуін бағалау;
3) радиациялық онкология қызметінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысу;
4) сәулелік терапия алатын пациенттердің маршруттауын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) сәулелік терапия әдісімен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы жүйелік проблемалар мен тәуекелдерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) сәулелік терапия саласында заманауи ұйымдастырушылық және технологиялық шешімдерді енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
7) ғылыми, білім беру және инновациялық қызметке қатысу;
8) Қағидаларда көзделген өзге де функциялар.
3-тарау. Негізгі өкілеттіктері
3. Функциялар мен міндеттерді орындау үшін РО жөніндегі Референс-орталықтың:
1) тәжірибе алмасу және озық практикаларды енгізу мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) жұмыс топтарының, комиссиялардың, консультативтік органдардың және өзге де алқалы органдардың қызметіне қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4-тарау. Қызметті ұйымдастыру
4. РО жөніндегі Референс-орталықтың қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Референс-орталық базасында айқындалған медициналық ұйымның бірінші басшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
5. РО жөніндегі Референс-орталықтың қызметі денсаулық сақтау, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ радиациялық онкология саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
6. Ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік қызметті жүзеге асыру кезінде РО жөніндегі Референс-орталық:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдарды, қорытындыларды және өзге де құжаттарды есепке алуды, жүйелеуді және архивтік сақтауды қамтамасыз етеді.
Онкологиядағы ядролық медицина жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Онкологиядағы ядролық медицина жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) онкологиядағы ядролық медицина жөніндегі Референс-орталықтың (бұдан әрі – ЯМ жөніндегі Референс-орталық) негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. ЯМ жөніндегі Референс-орталықтың қызметі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, "Референс-орталықтың қызметі, референс-орталық мәртебесін беру немесе кері қайтарып алу қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 120 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40023 тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) және осы Ережемен реттеледі.
2-тарау. Негізгі міндеттері мен функциялары
3. ЯМ жөніндегі Референс-орталықтың негізгі міндеттері Қағидаларда көзделген.
4.Жүктелген міндеттерді шешу үшін ЯМ жөніндегі Референс-орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ядролық медицина саласындағы күрделі клиникалық жағдайлар бойынша медициналық ұйымдар мен мамандарға консультация беру жүйесін ұйымдастырады;
2) медициналық ұйымдар мен мамандарға радионуклидтік диагностикалық және терапиялық әдістерді қолдану, дозалық жүктемелерді оңтайландыру, сондай-ақ персонал мен пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультация береді;
3) ядролық медицина саласында медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету, радиофармацевтикалық препараттарды қолдану және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
4) радионуклидтік терапия мен тераностика жүргізу үшін пациенттерді іріктеу, сондай-ақ жүргізілетін емнің тиімділігін бағалау мәселелері бойынша мультидисциплинарлық консилиумдарға қатысады;
5) ядролық медицина мен тераностиканың заманауи әдістері саласында олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға, сондай-ақ диагностика және емдеу әдістерін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен клиникалық сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді;
6) радиофармацевтика, радионуклидтік терапия, тераностика және радиациялық қауіпсіздік саласындағы озық отандық және халықаралық тәжірибені енгізуді және таратуды қамтамасыз етеді;
7) Қағидаларда көзделген өзге де функциялар.
3-тарау. Негізгі өкілеттіктері
5. Функциялар мен міндеттерді орындау үшін ЯМ жөніндегі Референс-орталықтың:
1) тәжірибе алмасу және озық практикаларды енгізу мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) жұмыс топтарының, комиссиялардың, консультативтік органдардың және өзге де алқалы органдардың қызметіне қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4-тарау. Қызметті ұйымдастыру
6. ЯМ жөніндегі Референс-орталықтың қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Референс-орталық базасында айқындалған медициналық ұйымның бірінші басшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
7. ЯМ жөніндегі Референс-орталықтың қызметі денсаулық сақтау, атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың айналымы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ ядролық медицина саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік қызметті жүзеге асыру кезінде ЯМ жөніндегі Референс-орталық:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдарды, қорытындыларды және өзге де құжаттарды есепке алуды, жүйелеуді және архивтік сақтауды қамтамасыз етеді.
Онкологиядағы цитопатоморфология және иммуногистохимиялық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Онкологиядағы цитопатоморфология және иммуногистохимиялық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықтың қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) онкологиядағы цитопатоморфология және иммуногистохимиялық зерттеулер жөніндегі Референс-орталықтың (бұдан әрі – Референс-орталық) негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Референс-орталықтың қызметі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, "Референс-орталықтың қызметі, референс-орталық мәртебесін беру немесе кері қайтарып алу қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 120 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40023 тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) және осы Ережемен реттеледі.
2-тарау. Негізгі міндеттері мен функциялары
3. Референс-орталықтың негізгі міндеттері Қағидаларда көзделген.
4. Жүктелген міндеттерге сәйкес Референс-орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) гистологиялық, цитологиялық, иммуногистохимиялық шыны препараттарды және олардың цифрлық бейнелерін қайта қарауды жүзеге асырады;
2) қолда бар жарақтандыру, бекітілген әдістемелер және мамандардың құзыреті шегінде патоморфологиялық, цитологиялық, иммуногистохимиялық және ISH-зерттеулерді орындайды;
3) морфологиялық көріністі, клиникалық деректерді, ісіктің орналасуын, анамнезді, визуализация деректерін және бұрын орындалған зерттеулерді ескере отырып, қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелерін кешенді интерпретациялауды қамтамасыз етеді;
4) әртүрлі орналасудағы ісіктерге арналған диагностикалық алгоритмдерді, оның ішінде иммуногистохимиялық және ISH-маркерлерді қолдану алгоритмдерін әзірлейді;
5) материалды қабылдау, оны тіркеу, таңбалау, өңдеу, құю, микротомия, бояу, иммуногистохимиялық және ISH-зерттеулер, материалды сақтау және қорытындылар беру жөніндегі стандартты операциялық рәсімдерді әзірлейді және енгізеді;
6) материалды құжаттауға, бекітуге (фиксациялауға), тасымалдауға, таңбалауға және сақтауға қойылатын талаптарды әзірлеуге қатысады;
7) бейінді зерттеулердің преаналитикалық, аналитикалық және постаналитикалық кезеңдерінің сапасын бағалауды жүзеге асырады;
8) бейінді зерттеулер сапасының ішкі бақылауын ұйымдастырады, сапаны сыртқы бағалауға және зертханааралық сынақтарға қатысады;
9) сапаны сыртқы бағалау нәтижелерін талдайды, түзету іс-шараларын айқындайды және олардың орындалуын бақылайды;
10) күрделі клиникалық жағдайларды және медициналық ұйымдар арасындағы диагностикалық алшақтықтарды талдауға қатысады;
11) Референс-орталықтың құзыреті шегінде патоморфологиялық, цитологиялық, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық диагностика мәселелері бойынша мамандандырылған консультациялық көмек көрсетеді;
12) Қағидаларда көзделген өзге де функциялар.
3-тарау. Негізгі өкілеттіктері
5. Функциялар мен міндеттерді орындау үшін Референс-орталықтың:
1) тәжірибе алмасу және озық практикаларды енгізу мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) жұмыс топтарының, комиссиялардың, консультативтік органдардың және өзге де алқалы органдардың қызметіне қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4-тарау. Қызметті ұйымдастыру
6. Референс-орталықтың қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Референс-орталық базасында айқындалған медициналық ұйымның басшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
7. Референс-орталықтың құрылымына мыналар кіреді:
1) патоморфологиялық диагностика бөлімшесі;
2) цитологиялық және цитопатологиялық диагностика бөлімшесі;
3) иммуногистохимиялық зерттеулер бөлімшесі;
4) гибридтеу зерттеулері бөлімшесі;
5) цифрлық патология және телепатология бөлімшесі;
6) ұйымдастырушылық-әдістемелік блок;
7) сапаны бақылау блогы;
8) тіркеу бөлімі;
9) гистологиялық және цитологиялық шыны препараттардың, парафин блоктарының, жолдамалар мен қорытындылардың архиві;
10) техникалық және санитариялық блоктар.
8. Референс-орталықтың құрамына орындалатын жұмыстардың бейінін ескере отырып мамандар енгізіледі.
9. Референс-орталықтың штат санын медициналық ұйым мыналарды ескере отырып айқындайды:
1) гистологиялық, цитологиялық, иммуногистохимиялық және ISH-зерттеулердің көлемі;
2) Референс-орталық жүргізген зерттеулердің саны;
3) қызмет көрсетілетін өңірлер мен медициналық ұйымдардың саны;
4) зерттеулерді орындау және қорытындылар беру мерзімдері;
5) мамандардың консилиумдарға, білім беру, әдістемелік, талдамалық және ғылыми жұмысқа қатысуы;
6) сапаның ішкі бақылауы мен сапаны сыртқы бағалаудың көлемі;
7) шынылардың, блоктардың, цитологиялық препараттардың және цифрлық деректердің архивін жүргізу қажеттілігі;
8) жыл бойы үздіксіз жұмыс істеу қажеттілігі.
10. Референс-орталық ісіктердің заманауи жіктемесі, стандартталған макроскопиялық және микроскопиялық диагностика, цитопатология, ИГХ және ISH-зерттеулер, сапаны бақылау, биоқауіпсіздік, цифрлық патология және медициналық этика мәселелері бойынша қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыруды қамтамасыз етеді.
11. Референс-орталық әдістемелерді валидациялауды және верификациялауды, сапаның ішкі бақылауын, сапаны сыртқы бағалауға қатысуды, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді және сәйкессіздіктерді құжатталған басқаруды қамтамасыз етеді.
12. Материалды Референс-орталыққа жіберу тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, шыныларға, блоктарға, цитологиялық препараттарға, биологиялық материалға, цифрлық бейнелерге, тасымалдау мерзімдері мен сақтау шарттарына қойылатын талаптар Референс-орталықтың ішкі құжаттарымен айқындалады және жіберуші медициналық ұйымдардың назарына жеткізіледі.
13. Референс-орталыққа мыналар жіберілуі мүмкін:
1) гистологиялық шыны препараттар;
2) иммуногистохимиялық шыны препараттар;
3) парафин блоктары;
4) цитологиялық препараттар;
5) жасушалық блоктар;
6) бұрын орындалған иммуногистохимиялық, гибридтеу және молекулалық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері;
7) микропрепараттардың цифрлық бейнелері;
8) зерттеулердің сапасын бағалау үшін қажетті барлық медициналық құжаттама.
14. Референс-орталық материалдың барлық кезеңдерде қадағалануын қамтамасыз етеді, оның ішінде:
1) қабылдау;
2) тіркеу;
3) таңбалау;
4) сақтау;
5) қажет болған кезде кесу және зертханалық өңдеу;
6) қосымша зерттеу әдістерін орындау;
7) бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін қайта қарау;
8) қорытындыны ресімдеу;
9) нәтижені беру;
10) қажет болған кезде материалды қайтару;
11) деректерді архивтеу.
15. Диагностикалық тұрғыдан маңызды алшақтықтар анықталған кезде Референс-орталық белгіленген тәртіппен материалды жіберген медициналық ұйымды хабардар етеді және диагнозды нақтылау, қосымша зерттеу, материалды қайта алу қажеттілігі немесе преаналитикалық кезеңді жақсарту жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.
16. Референс-орталық өз құзыреті шегінде Референс-орталық базасында айқындалған медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де медициналық ұйымдармен, өзге де референс-орталықтармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қызметті жүзеге асырады.
17. Ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік қызметті жүзеге асыру кезінде Референс-орталық:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдарды, қорытындыларды және өзге де құжаттарды есепке алуды, жүйелеуді және архивтік сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескертпе:
ISH – in situ гибридтеу
Гематологиялық көмек көрсету кезіндегі пациенттердің маршруттары және өңірлендіру деңгейлері бойынша медициналық ұйымдардағы медициналық көмектің көлемдері
Шартты белгілер мен қысқартулар:
![]()
Міндетті оқиға, қадам
![]()
Қосымша ақпарат (қосымша бет) – схемалардан кейін көрсетіледі КХ – диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасы



Қан ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы бар пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызу жай-күйі тұрақтанғанға дейін гематологтың міндетті түрде жүргізуімен және зертханалық мониторингпен ең жақын стационарға емдеуге жатқызуды талап етеді. Жай-күйі тұрақтанғаннан кейін (ауырсыну синдромының қарқындылығы төмендегенде, миға қан құйылу қаупі басылғанда, өмірге қауіп төндіретін айқын қан кетулер тоқтатылғанда) – гематология бөлімшесіне ауыстыру.
Гематологиялық аурулардың белгілері (қан ауруларына күдік).
1. Пациенттердің санаттары:
1) созылмалы аурулары бар пациенттер, оның ішінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, аутоиммундық аурулар, гематологиялық емес бейіндегі қатерлі жаңа түзілімдер, басқа да созылмалы аурулар;
2) бұрын қан аурулары анықталған және ремиссияға қол жеткізілген пациенттер;
3) сүйек кемігінің тежелуін туғызуы мүмкін препараттармен ем алып жүрген пациенттер (цитостатиктер, иммуносупрессорлар, кортикостероидтық гормондар, эпилепсияға қарсы препараттар және миелосупрессия әсері бар басқа да дәрілік заттар);
4) тамақтануы бұзылған пациенттер (вегетариандар, дәрумендер мен микроэлементтер, мысалы, B12, фолий қышқылы, темір тапшылығы бар пациенттер);
5) шаршауы, полименореясы бар фертильді жастағы әйелдер;
6) геморрагиялық синдромдары бар пациенттер (қызыл иектің қанағыштығы, болмашы жарақаттан пайда болатын көгерулер, мұрыннан қан кету, геморрагиялық бөртпе, менструацияның мол болуы);
7) органомегалиясы және лимфаденопатиясы бар пациенттер;
8) бейспецификалық синдромдары бар пациенттер: себепсіз салмақ жоғалту, ұзаққа созылған қызба, ЭТЖ жоғарылау синдромы, сүйектердің ауыруы, сүйектердегі деструкция ошақтары, сәулелік визуализация әдісімен анықталған солидті түзілімдер (бас миы, жұлын, асқазан, құрсақ қуысы, кіші жамбас, бұлшықеттер, ішкі лимфа түйіндері), сарғаю, терінің және шырышты қабаттардың бозаруы, тері жабындарының трофикалық өзгерістері (құрғақтық, тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі), несептегі және қан сарысуындағы ақуыздың жоғарылауы, түнгі терлеу, терінің қышынуы;
9) жүктілік кезінде:
анамнездік факторлар:
бұрын көп ұрықты жүктілігі (егіздер, үшемдер және одан да көп) болған әйелдер;
2 жылдан аз аралықпен қайталанатын жүктіліктері бар әйелдер (темір мен микроэлементтер қорын қалпына келтіру кезеңінің жеткіліксіздігі);
анамнезінде акушерлік қан кетулердің болуы (алдыңғы босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде);
мұрыннан, қызыл иектен жиі және басқа да қан кетулер;
анамнезінде қан ауруының, оның ішінде темір тапшылығы анемиясының анықталған фактісінің болуы;
анамнезінде асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларының, аутоиммундық аурулардың, бүйректің, қалқанша безінің созылмалы ауруларының, қатерлі ісіктердің болуы;
анамнезінде сүйек кемігінің тежелуіне әкелуі мүмкін дәрілік заттарды қабылдау фактісінің болуы;
тамақтану факторлары:
гемдік темірдің және дәрумендердің (әсіресе B12 және фолий қышқылының) жеткілікті мөлшерде түсуін қамтамасыз етпейтін вегетариандық немесе вегандық тамақтану;
жүктілікке дейін және жүктілік кезінде шектеулі тамақтану немесе қатаң диеталарды сақтау.
2. Клиникалық деректер:
1) жүктілікке дейін дене салмағының индексі 18,5-тен төмен;
2) тері жабындарының бозаруы немесе сарғаюы;
3) геморрагиялық сипаттағы бөртпелердің болуы (көгерулер, петехиялар, экхимоздар);
4) кез келген қан кетулердің болуы;
5) лимфа түйіндерінің, бауырдың немесе көкбауырдың ұлғаюы;
6) сүйектердің ауыруының болуы;
7) шаршағыштық және әлсіздік;
8) түнгі терлеу;
9) салмақтың төмендеуі;
10) генезі белгісіз қызба;
11) ЭТЖ-ның себепсіз жоғарылауы;
12) жүктіліктің ерте мерзімінде (12 аптаға дейін) ферритин (<30 мкг/л) немесе сарысулық темір деңгейінің төмен болуы;
13) қанның жасушалық құрамының өзгеруі (формалы элементтердің – тромбоциттердің, лейкоциттердің азаюы немесе көбеюі);
14) коагулограмманың өзгеруі;
15) гемоглобин деңгейінің төмен болуы;
16) B12 дәрумені мен фолий қышқылы деңгейінің төмен болуы.
3. Зерттеп-қараудың міндетті ең аз көлемі:
1) жалпы қан талдауын және ЭТЖ-ны зерттеу;
2) лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейі төмендеген жағдайда лейкоциттерді формуласымен және тромбоциттерді қолмен санау;
3) коагулограмманы зерттеу;
4) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу (жалпы ақуыз, фракциялары бар билирубин, креатинин);
5) анемия кезінде сарысу темірі, ферритин, В12 және фолий қышқылы деңгейін зерттеу;
6) жалпы несеп талдауының көрсеткіштерін зерттеу;
7) лимфа түйіндерін, құрсақ қуысын пальпациялау;
8) құрсақ қуысы ағзаларын ультрадыбыстық диагностикалау.
Қан ауруына күдік болған немесе диагноз анықталған кезде шұғыл емдеуге жатқызуға арналған жай-күйлер:
1) фебрильді нейтропения (температура ≥38 °C және нейтрофилдер <0,5×10⁹/л);
2) анемиялық синдромы бар әртүрлі генездегі жедел гемолиз;
3) қан ауруларындағы жедел бүйрек жеткіліксіздігі;
4) жедел лейкоз немесе оған күдік (қандағы бластық жасушалар, айқын геморрагиялық, инфекциялық немесе анемиялық синдромдар);
5) гиперкальциемия немесе ісіктің лизис синдромы (гиперкалиемия, гиперурикемия, гиперфосфатемия);
6) қан кету қаупі жоғары ауыр тромбоцитопения (тромбоциттер 20×10⁹/л-ден төмен);
7) гемофилия мен басқа да тұқым қуалайтын коагулопатиялар кезіндегі жедел жай-күйлер (буындарға, ағзаларға, ОЖЖ-ға ауыр қан құйылулар, ірі гематомалар);
8) ауыр анемия (гемоглобин 60 г/л-ден төмен (гемоглобиннің осы көрсеткіші клиникалық тұрғыдан компенсацияланған жай-күйлерді қоспағанда (гематолог дәрігер айқындайды)) немесе Hb 80 г/л-ден төмен болғанда ауыр симптоматика — гипоксия, жүрек жеткіліксіздігі), гемоглобиннің тез төмендеуі;
9) қан ауруларындағы ауыр сепсис немесе септикалық шок;
10) сүйек кемігін трансплантаттаудың және жасушалық терапияның жедел асқынулары:
"трансплантат иесіне қарсы" реакциясы;
цитокиндік дауыл.
11. КХ-ға сәйкес басқа да көрсетілімдер.
1-кесте. Өңірлендіру деңгейлері бойынша диагностиканың және медициналық гематологиялық көмектің көлемдері
№ 2-кесте. Химиопрепараттарды шығындылық топтары бойынша бөлу (жоғары шығынды препараттарды міндетті түрде консилиум арқылы тағайындау)
46-топ | ||
Жоғары шығынды препарат | Орташа шығынды препарат | Төмен шығынды препарат |
Даратумумаб | Бортезомиб | Доксорубицин |
Брентуксимаб ведотин | Леналидомид | Циклофосфамид |
Акалабрутиниб | Ритуксимаб | Мелфалан |
Помалидомид | Обинутузумаб | Талидомид |
Иксазомиб | Цитарабин | |
Пембролизумаб | Цисплатин | |
Ниволумаб | Бендамустин | |
Ибрутиниб | Этопозид | |
Венетоклакс | Блеомицин | |
Полатузумаб ведотин | Винкристин | |
Дакарбазин | ||
Карбоплатин | ||
Гемцитабин | ||
Винбластин | ||
Хлорамбуцил | ||
Флударабин | ||
Ифосфамид | ||
L-аспарагиназа | ||
Метотрексат | ||
Оксалиплатин | ||
Интерферон (IFN-a) | ||
47-топ | ||
Блинатумомаб | Ритуксимаб | Циклофосфамид |
Понатиниб | Азацитидин | Даунорубицин |
Венетоклакс | Децитабин | Доксорубицин |
Мидостаурин | Дазатиниб | Винкристин |
Экулизумаб | Нилотиниб | Метотрексат |
Руксолитиниб | Цитарабин | |
Иматиниб | Митоксантрон | |
Мышьяк триоксиді | Идарубицин | |
Пэгаспаргаза | Третиноин | |
Антитимоцитарлық иммуноглобулин | L-аспарагиназа | |
Аспарагиназа, 10000 ХБ | Меркаптопурин | |
Гидроксикарбамид | ||
Аспарагиназа, 5000 ХБ | ||
Флударабин | ||
48-топ | ||
Понатиниб | Децитабин | Гидроксикарбамид |
Азацитидин | 6-меркаптопурин | |
Иматиниб | Цитарабин | |
Нилотиниб | ||
Дазатиниб | ||
Руксолитиниб | ||
№ 3-кесте. МЦЖ-де іске асыруға арналған таргеттік препараттар
*АДҚ бойынша берілетін препараттарды МҰ бастапқы терапия үшін сатып ала алады
Гематологиялық көмек сапасының индикаторлары
Сапа индикаторының атауы | Есептеу тәртібі | Мәні | Қалай бағалау керек | Индикаторды қолдану деңгейі (кімнің қызметі бағаланады) |
Геморрагиялық синдроммен байланысты тұқым қуалайтын коагулопатиялар кезінде өліммен аяқталған жағдайлар | Кезең ішінде өліммен аяқталған емделген жағдайлардың сомасы нақты есептеледі | 0 | 0-ден артық – теріс нәтиже | Тұқым қуалайтын коагулопатиялар кезінде өліммен аяқталған жағдайлардың барлығы гематологтарды тарта отырып, 100% арнайы сараптамаға жатуға тиіс. |
Стационарда қан ұюы факторының және оған ингибитордың деңгейі анықталмаған, қан ұюының VIII және IX факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы бар, гематологиялық бейіндегі бөлімшелерге емдеуге жатқызылған пациенттердің пайызы | % (емдеуге жатқызу кезінде қандағы фактор деңгейі анықталмаған, D 66 және D 67 кодтары бар гематологиялық бейіндегі бөлімшелерге емдеуге жатқызылған ересек пациенттердің санын D 66 және D 67 кодтары бар хирургиялық және гематологиялық бейіндегі бөлімшелерге емдеуге жатқызылған ересек пациенттердің жалпы санына бөліп, 100%-ға көбейту) | 0 | 0-ден артық – теріс нәтиже | Қан ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы бар пациенттерді емдеуге жатқызуға жедел қан кетулер немесе ингибиторлық түрі көрсетілім болып табылады. Бұл жағдайда қан ұю факторларының деңгейін анықтау препараттардың дозасын есептеу үшін маңызды. Мұндай фактілердің болуы туралы дәлелдер сараптамаға жатуға және ұйымның рейтингіне әсер етуге тиіс |
Амбулаториялық деңгейде қан ұю факторларын алатын, жылына 1 рет кезеңділікпен қан ұюы факторының және оған ингибитордың деңгейі анықталмаған, қан ұюының VIII және IX факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы бар пациенттердің пайызы | % (амбулаториялық деңгейде қан ұю факторларын алатын, жылына 1 рет кезеңділікпен қан ұюы факторының және оған ингибитордың деңгейі анықталмаған D 66 және D 67 кодтары бар ересек пациенттердің саны / амбулаториялық деңгейде қан ұю факторларын алатын D 66 және D 67 кодтары бар ересек пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 0 | 0-ден артық – теріс нәтиже | Пациентті динамикалық байқаудың ақауын көрсетеді |
Иммуногистохимиялық зерттеу жүргізілмеген, алғаш анықталған ходжкиндік емес лимфомасы бар пациенттердің пайызы | % (иммуногистохимиялық зерттеу жүргізілмеген, алғаш анықталған ходжкиндік емес лимфомасы бар ересек пациенттердің саны / ходжкиндік емес лимфомасы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Зерттеу (иммунофенотиптеу немесе иммуногистохимия) жүргізілмеген, алғаш анықталған созылмалы лимфолейкозы бар пациенттердің пайызы | % (зерттеу (иммунофенотиптеу немесе иммуногистохимия) жүргізілмеген, алғаш анықталған созылмалы лимфолейкозы бар пациенттердің саны / созылмалы лимфолейкозы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Миелограмма мен иммунофенотиптеу зерттеуі жүргізілмеген, алғаш анықталған жедел лимфобластық лейкозы бар пациенттердің пайызы | % (миелограмма мен иммунофенотиптеу зерттеуі жүргізілмеген, алғаш анықталған жедел лимфобластық лейкозы бар пациенттердің саны / жедел лимфобластық лейкозы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Миелограмма, иммунофенотиптеу және цитогенетика (немесе ФИШ немесе ПТР) зерттеуі жүргізілмеген, алғаш анықталған жедел В-лимфобластық лейкозы бар пациенттердің пайызы | % (миелограмма, иммунофенотиптеу және цитогенетика (немесе ФИШ немесе ПТР) зерттеуі жүргізілмеген, алғаш анықталған жедел В-лимфобластық лейкозы бар пациенттердің саны / жедел В-лимфобластық лейкозы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Миелограмма, иммунофенотиптеу және цитогенетика (немесе ФИШ немесе ПТР) зерттеуі жүргізілмеген, алғаш анықталған жедел миелобластық лейкозы бар пациенттердің пайызы | % (миелограмма, иммунофенотиптеу және цитогенетика (немесе ФИШ немесе ПТР) зерттеуі жүргізілмеген, алғаш анықталған жедел миелобластық лейкозы бар пациенттердің саны / жедел миелобластық лейкозы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Сүйек кемігінің трепанобиоптатын гистологиялық зерттеу және ПТГ клонына иммунофенотиптеу жүргізілмеген, алғаш анықталған апластикалық анемиясы бар пациенттердің пайызы | % (сүйек кемігінің трепанобиоптатын гистологиялық зерттеу және ПТГ клонына иммунофенотиптеу жүргізілмеген, алғаш анықталған апластикалық анемиясы бар пациенттердің саны / апластикалық анемиясы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Цитогенетикалық зерттеу (немесе ФИШ, немесе ПТР) жүргізілмеген, алғаш анықталған созылмалы миелолейкозы бар пациенттердің пайызы | % (цитогенетикалық зерттеу (немесе ФИШ, немесе ПТР) жүргізілмеген, алғаш анықталған созылмалы миелолейкозы бар пациенттердің саны / созылмалы миелолейкозы бар алғаш анықталған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Химиотерапиясы ауыстырылған және цитогенетикалық зерттеу (немесе ФИШ, немесе ПТР) жүргізілмеген созылмалы миелолейкозы бар пациенттердің пайызы | % (цитогенетикалық зерттеу (немесе ФИШ, немесе ПТР) жүргізілмей терапиясы ауыстырылған созылмалы миелолейкозы бар ересек пациенттердің саны / созылмалы миелолейкозы бар пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Сүйек кемігінің трепанобиоптатын гистологиялық зерттеу, стандартты цитогенетика (немесе ФИШ) жүргізілмеген, миелодиспластикалық синдром диагнозы алғаш қойылған пациенттердің пайызы | % (сүйек кемігінің трепанобиоптатын гистологиялық зерттеу, цитогенетика (немесе ФИШ немесе ПТР) жүргізілмеген, миелодиспластикалық синдром диагнозы алғаш қойылған пациенттердің саны / миелодиспластикалық синдром диагнозы алғаш қойылған пациенттердің саны, 100%-ға көбейту) | 10% | 10%-дан аз немесе тең – оң нәтиже; 10%-дан артық – теріс нәтиже | Теріс нәтиже өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудың ақауын көрсетеді |
Қан аурулары бар пациенттерді құзыреттілік орталығында динамикалық байқауға қою мерзімдері | Диагноз қойылған күннен (немесе цифрлық жүйедегі хабарлау жүйесінен) кейін есепке қойылған сәтке дейінгі күндер саны | 7 | 7 күннен артық – теріс нәтиже | МСАК ұйымдарының динамикалық байқауға қоюының ақауын көрсетеді |
Сырқаттанушылық | қан жүйесінің ҚІ алғаш анықталғандардың саны*100000 / есепті жылы өңірдегі халық саны; халықтың 100 000 адамына шаққанда есептеледі | халықтың 100 000 адамына шаққанда | Динамикада бағалануға жатады | Сырқаттанушылықтың артуы диагностика мен есепке алу сапасының жақсарғанын көрсетеді |
Өлім-жітім | қан жүйесінің ҚІ-мен қайтыс болғандардың саны*100000 / есепті жылы өңірдегі халық саны; халықтың 100 000 адамына шаққанда есептеледі | халықтың 100 000 адамына шаққанда | Динамикада бағалануға жатады | Өлім-жітімнің артуын тек сарапшы талдауға тиіс. Бұл әрдайым төмен сапаны көрсетпейді, кейде анықталудың артуына немесе есепте тұрғандар тізімдерінің "тазартылуына" байланысты болады |
Аурушаңдық (таралуы) | қан жүйесінің ҚІ бар барлық пациенттердің саны*100000 / есепті жылы өңірдегі халық саны; халықтың 100 000 адамына шаққанда есептеледі | халықтың 100 000 адамына шаққанда | Динамикада бағалануға жатады | Артуы анықталудың жоғарылағанын және пациенттер өмірінің ұзарғанын көрсетеді. |
Бес жылдық өміршеңдік оқиғаларды санау үшін пациенттер тіркелімі енгізілгеннен кейін бағалануға тиіс, статистикалық бағдарламалар көмегімен есептеледі. Бұл индикаторларды құзыреттілік орталығы ай сайын талдайды және жылына екі рет республикалық орталыққа береді. Өңірлендіру деңгейлері бойынша ұйымдарға арналған индикаторлар жылына екі рет жиналады және республикалық орталыққа беріледі.


