БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23929 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы Экология кодексінің талаптарын сақтауды, оның ішінде қалдықтарды қабылдау, сәйкестендіру, жинақтау, сақтау, алдын ала өңдеу және энергетикалық кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ күлмен, қожбен, газ тазарту қалдықтарымен және энергетикалық кәдеге жарату нәтижесінде түзілетін өзге де қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі