БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
2) жерасты сулары – жерасты су объектілерінің су ресурстары;
3) жерүсті су ағынын реттеу – су объектілерін қорғауды және судың зиянды әсерін болғызбауды ескере отырып, әртүрлі су пайдаланушылардың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жылдың сулы болуына байланысты тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен өзен ағынын бөлу (қайта бөлу);
4) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
5) көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші – мемлекеттік қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше кезеңіне қатысатын және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынатын заңды тұлғалар;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – нысандарының бірі көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру;
7) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайтын, анықталған кемшіліктерді жою үшін 3(үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жауапты бөлімшенің қызметкері минералды жерасты суларын қоспағанда, суды тәулігіне елу текше метрден астам алып қою көлемімен жерасты суларын алуды және (немесе) пайдалануды көздейтін рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы су пайдалану талаптарын келісу үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші) сұрау салу жібереді.
Көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші сұраныс алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46-бабының 3-тармағына сәйкес жерасты суларының бекітілген баланстық қорларының болуы немесе болмауы бөлігінде көрсетілетін қызметті берушіге оң не теріс қорытынды ұсынады.
Жерасты суларының бекітілген баланстық қорлары болмаған және суға мәлімделген қажеттілік тәулігіне елу текше метрден астам болған жағдайда, келісу пайдалану тәжірибесі бойынша жерасты суларының қорын бағалау және сараптама жүргізу мақсатында, берілген рұқсат шеңберінде мониторингтік зерттеулер жүргізу шартымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.";
13-1, 13-2 және 13-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
13-2. Көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 8 - тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтатады.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
13-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 13-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 13-2 – тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда - мемлекеттік орган позицияны айқындағанға немесе кіргенге дейін сот актісінің немесе мәселені шешудің заңды күшіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен;
3) осы Қағидалардың 13-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
14 және 15-тармақтар алынып тасталсын;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
көрсетілген қағидалардың 4-қосымшасында:
1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары; |
";
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 45-бабының 4,5,6,7 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
3) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасуды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне, сарқынды суларды жинақтағыштарға немесе жергілікті жер бедеріне ағызуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
4) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайтын, анықталған кемшіліктерді жою үшін 3(үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
12-1, 12-2 және 12-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
12-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтатады.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
12-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 12-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындау;
2) осы Қағидалардың 12-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган позицияны айқындағанға немесе кіргенге дейін сот актісінің немесе мәселені шешудің заңды күшіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен;
3) осы Қағидалардың 12-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
13 және 14-тармақтар алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.";
көрсетілген қағидалардың 2-қосымшасында:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 45-бабының 4,5,6,7 және 8-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
3) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
4) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
5) суды бастапқы есебі – арнаулы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайтын, анықталған кемшіліктерді жою үшін 3(үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
10-1, 10-2 және 10-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
10-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 8 - тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
10-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 10-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындау;
2) осы Қағидалардың 10-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган позицияны айқындағанға немесе кіргенге дейін сот актісінің немесе мәселені шешудің заңды күшіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен;
3) осы Қағидалардың 10-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
12 және 13-тармақтар алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.";
көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасында:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) суды есепке алу аспабы ұсынылған материалдарға сәйкес еместігі немесе оның жарамсыздығының анықталуы; |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) гидротехникалық құрылысжайлар (бұдан әрі – ГТҚ) – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
2) ГТҚ класы – гидротехникалық құрылысжайларды жобалау нормалары мен ережелеріне сәйкес белгіленетін, оған байланысты ГТҚ сенімділігіне қойылатын талаптар анықталатын көрсеткіш;
3) ГТҚ қауіпті I-і сыныбы – биіктігі отыз метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі жүз миллион текше метрден асатын бөгеттер және өткізу қабілеті секундына жүз текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастау құрылысжайлары;
4) ГТҚ қауіпті II-і сыныбы – биіктігі жиырма метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі елу миллион текше метрден асатын бөгеттер және өткізу қабілеті секундына елу текше метрден асатын гидротораптар немесе су тастау құрылысжайлары;
5) ГТҚ қауіпті III-і сыныбы – биіктігі он метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі жиырма миллион текше метрден асатын бөгеттер және өткізу қабілеті секундына жиырма текше метрден асатын су тораптары немесе су тастау құрылысжайлары;
6) ГТҚ қауіпті IV-і сыныбы – биіктігі бес метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі он миллион текше метрден асатын бөгеттер және өткізу қабілеті секундына он текше метрге дейінгі гидротораптар немесе су тастау құрылысжайлары;
7) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
8) қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар - құрылысжайлардағы авария адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтіру қаупін төндіретін ГТҚ жекелеген түрлері;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайтын, анықталған кемшіліктерді жою үшін 3(үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
9-1, 9-2 және 9-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
9-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
9-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 9-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындау;
2) осы Қағидалардың 9-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган позицияны айқындағанға немесе кіргенге дейін сот актісінің немесе мәселені шешудің заңды күшіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен;
3) осы Қағидалардың 9-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасында:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №119-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36240 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) гидротехникалық құрылысжайлар (бұдан әрі – ГТҚ) – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
2) ГТҚ қауіпсіздігі туралы декларация – ГТҚ қауіпсіздігі негізделетін, оның қауіпсіздік өлшемшарттарына сәйкестігі анықталатын және ГТҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар тізбесі айқындалатын негізгі құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайтын, анықталған кемшіліктерді жою үшін 3(үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
9-1, 9-2 және 9-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
9-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.
9-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 9-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындау;
2) осы Қағидалардың 9-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган позицияны айқындағанға немесе кіргенге дейін сот актісінің немесе мәселені шешудің заңды күшіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен;
3) осы Қағидалардың 9-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.";
көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасында:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің 72-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
".
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі