"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 322-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40051 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген cу объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу Қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілген қызметті алушы Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайтын, анықталған кемшіліктерді жою үшін 3(үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-1, 12-2, 12-3 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы көрсетілетін қызметті беруші хабарлама жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

      12-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтары құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

      2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.

      4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, осы Қағидалардың 8 - тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмауы.

      Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.

      12-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрады:

      1) осы Қағиданың 12-2 тармағындағы 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

      2) осы Қағиданың 12-2 тармағындағы 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – мемлекеттік органның ұстанымы айқындалғанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселені Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де тәртіптермен шешкенге дейін;

      3) осы Қағиданың 12-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті көрсетуші белгілеген 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі Тізбенің 3-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімнен аспауға тиіс.";

      13 және 14 – тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі 2026 жылғы
29 қыркүйектегі № 322-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу" қағидаларына 1-қосымша

"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу" мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 98-бабы 4-тармағына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге асырылатын су объектiлерiнің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу.
3. Құрылыс қызметімен байланысты емес су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялар

2

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі

Порталға жүгінген сәтінен бастап – 10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. Порталдың жұмысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес қөрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе аяқталуға екі сағат қалғанда сонымен қатар, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Нысанды салу кезінде Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруді, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларын, ұңғымаларды бұрғылауды, жерүсті су объектілерін санациялауды, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік қызметтер қөрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйеде немесе цифрлық құжаттар сервисінде деректер болмаған жағдайда, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі);
3) жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
4) су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген орнатылған су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы;
Эллингтерді салу кезінде қосымша ұсынылады:
5) сәулет-жоспарлау тапсырмасының электронды көшірмесі;
Қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ құрылысты консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жағдайында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша өз ресурсын өтеген объектілерді кейіннен кәдеге жарату үшін көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды береді.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 98-бабы 4-тармағына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша су объектiлерiнің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы және өзге де жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік қызметтер қөрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйеде немесе цифрлық құжаттар сервисінде деректер болмаған жағдайда, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі);
3) эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі немесе жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазба;
4) су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген орнатылған су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы;
Эллингтерді салу кезінде қосымша ұсынылады:
5) сәулет-жоспарлау тапсырмасының электронды көшірмесі;
3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметімен байланысты емес су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1)өтініш;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (мемлекеттік қызметтер қөрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйеде немесе цифрлық құжаттар сервисінде деректер болмаған жағдайда, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі), ал пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерделеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылған жағдайда – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ашық сервитуттарын беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі, жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен жасалған жеке сервитут беру туралы шарттың электрондық көшірмесі;
3) жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі;
4) су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген орнатылған су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы;
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізілген жағдайда, қосымша ұсынылады:
5) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының көшірмесі;
6) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның көзделіп отырған қызмет учаскесінде ауызсу сапасындағы жерасты сулары кен орындарының болуы туралы қорытындысы.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының 1,2,3,4 және 6 тармақтарында, 91-бабының 1,2,3 тармақтарында және 92-бабының 5,7,8-тармақтарындағы талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) осы Қағидалардың 12-2 тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктерді жоймау;
6) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 133-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 50-бабының 4-тармағына сәйкес су ресурстарын немесе бекітілген қорларды, жер асты суларын пайдалану мүмкіндігінің болмауы немесе жоспарланған қызмет жобасының Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 20 июня 2025 года № 142-НҚ "Об утверждении Правил согласования размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах"

Приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 29 сентября 2026 года № 322-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 октября 2026 года № 40051

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 20 июня 2025 года № 142-НҚ "Об утверждении Правил согласования размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 36324) следующие изменения:

      в Правилах согласования размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах, утвержденных указанным приказом:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Сотрудник ответственного структурного подразделения услугодателя в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов, проверяет полноту представленных документов.

      В случаях обнаружения ошибок или неточностей в заявлении и (или) документах, представленных услугополучателем, их несоответствия требованиям по форме и содержанию, представления услугополучателем неполного пакета документов согласно пункту 8 Перечня, услугодатель принимает заявления посредством цифрового листа ожидания.

      При этом услугополучателю устанавливается срок 3 (три) рабочих дня для устранения выявленных недостатков, который не включается в общий срок оказания государственной услуги установленный в пункте 3 Перечня.

      В случае устранения недостатков днем приема заявления и (или) документов на получение государственной услуги считается день первоначального обращения услугополучателя.

      Течение срока оказания государственной услуги возобновляется с момента устранения выявленных недостатков.

      В случае неустранения выявленных недостатков в установленный срок услугодатель отказывает в приеме заявления и документов.

      При отказе в оказании государственной услуги заслушивание с услугополучателем не проводится.";

      пункт 11 исключить;

      пункты 12-1, 12-2, 12-3 изложить в следующей редакции:

      "12-1. Приостановление срока оказания государственной услуги начинается со дня направления услугополучателю уведомления услугодателем о приостановлении процесса оказания государственной услуги. Течение срока оказания государственной услуги возобновляется со дня вынесения решения услугодателем о возобновлении процесса оказания государственной услуги.

      12-2. Услугодатель приостановливает процесс оказания государственной услуги в случаях:

      1) смерти гражданина (в том числе объявления умершим) или реорганизации, ликвидации юридического лица, если права услугополучателей на получение соответствующих материальных или нематериальных благ допускает правопреемство;

      2) признания гражданина недееспособным и (или) ограниченно дееспособным в установленном законами Республики Казахстан порядке;

      3) невозможности оказания государственной услуги до разрешения вопросов, рассматриваемых государственными органами, судом или в ином порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;

      4) обнаружения ошибок или неточностей в заявлении и (или) документах, представленных услугополучателем, их несоответствия требованиям по форме и содержанию, представления неполного пакета документов, указанных в пункте 8 Перечня.

      Повторное представление документов осуществляется услугополучателем после устранения выявленных недостатков в пределах срока приостановления.

      12-3. Процесс оказания государственной услуги приостанавливается:

      1) в случаях, предусмотренных подпунктами 1) и 2) пункта 12-2 настоящих Правил, – до определения правопреемника соответствующего лица или назначения недееспособному лицу опекуна;

      2) в случаях, предусмотренных подпунктом 3) пункта 12-2 настоящих Правил, – до определения позиции государственным органом или вступления в законную силу судебного акта или решения вопроса в ином порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;

      3) в случаях, предусмотренных подпунктом 4) пункта 12-2 настоящих Правил, – до устранения выявленных недостатков в срок 3 (три) рабочих дня, установленный услугодателем.

      Срок приостановления, предусмотренный подпунктом 3) настоящего пункта, не должен превышать общий срок оказания соответствующей государственной услуги, указанных в пункте 3 Перечня.";

      пункты 13 и 14 исключить;

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Комитету по регулированию, охране и использованию водных ресурсов Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан после его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр водных ресурсов и
ирригации Республики Казахстан
Н. Нуржигитов

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство национальной экономики
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство искусственного
      интеллекта и цифрового развития
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство по
      чрезвычайным ситуациям
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство сельского хозяйства
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство экологии
      и природных ресурсов
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
      Министерство промышленности
      и строительства
      Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр водных
ресурсов и ирригации
Республики Казахстан
от 29 сентября 2026 года № 322-НҚ
Приложение 1
к Правилам согласования
размещения, проектирования и
строительства, реконструкции
сооружений и других объектов,
влияющих на состояние водных
объектов, а также условий
проведения работ, связанных со
строительной деятельностью,
лесоразведением, операциями по
недропользованию, бурением
скважин, санацией
поверхностных водных
объектов, рыбохозяйственной
мелиорацией водных объектов,
сельскохозяйственными и
иными работами на водных
объектах, в водоохранных зонах
и полосах

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Cогласование размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах"

Наименование государственной услуги:
Cогласование размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах.

Наименование подвида государственной услуги:
1. Согласованиие размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах при строительстве объектов.
2. Согласование размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах без проектной (проектно-сметной) документации либо по эскизам (эскизным проектам) в соответствии с пунктом 4 статьи 98 Строительного кодекса Республики Казахстан.
3. Согласование размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах, не связанных со строительной деятельностью.

1

Наименование услугодателя

Бассейновые водные инспекции по охране и регулированию использования водных ресурсов Комитета по регулированию, охране и использованию водных ресурсов Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидов

Веб-портал "цифрового правительства" www.egov.kz (далее - портал).

3

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов

С момента обращения на портал – 10 (десять) рабочих дней.

4

Форма оказания государственной услуги и ее подвидов

Электронная (частично цифровизированная)

5

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов

Письмо о согласовании размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах, либо мотивированный отказ.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги и ее подвидов, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы услугодателя и объектов информации

Услугодатель – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 8.00 до 17.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов. Портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (если заявление на оказание государственной услуги поступило за два часа до окончания рабочего дня или после окончания рабочего дня услугодателя, а также в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству, то срок начинается со следующего рабочего дня). Адреса мест оказания государственной услуги размещены на портале.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов

1. Для получения государственной услуги при согласованиии размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах при строительстве объектов, услугополучатель подает следующие документы:
1) заявление;
2) правоустанавливающий документ на земельный участок (в случае отсутствия данных в цифровой системе, используемой для оказания государственных услуг, либо в сервисе цифровых документов, прилагается электронная копия правоустанавливающего документа);
3) электронная копия проектной документации;
4) схема расположения земельного участка (объекта) с указанием географических координат и нанесением водных объектов, а также установленных водоохранных зон и полос (при наличии) в масштабе;
При строительстве эллингов дополнительно предоставляется:
5) электронная копия архитектурно-планировочного задания.
В случае расширения, модернизации, технического перевооружения, реконструкции, реставрации, капитального ремонта существующих объектов (зданий, сооружений и их комплексов, коммуникаций), монтажа (демонтажа), связанного с ними технологического и инженерного оборудования, а также осуществления работ по консервации строительства незавершенных объектов и постутилизации объектов, выработавших свой ресурс по проектной (проектно-сметной) документации, услугополучатель подает документы согласно подпунктам 1), 2), 3), 4) и 5) настоящего пункта.
2. Для получения государственной услуги при согласовании размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах без проектно-сметной документации по эскизам (эскизным проектам) в соответствии с пунктом 4 статьи 98 Строительного кодекса Республики Казахстан, услугополучатель подает следующие документы:
1) заявление;
2) правоустанавливающий документ на земельный участок (в случае отсутствия данных в цифровой системе, используемой для оказания государственных услуг, либо в сервисе цифровых документов, прилагается электронная копия правоустанавливающего документа);
3) электронная копия эскиза (эскизного проекта) или пояснительная записка с описанием планируемой деятельности;
4) схема расположения земельного участка (объекта) с указанием географических координат и нанесением водных объектов, а также установленных водоохранных зон и полос (при наличии) в масштабе;
При строительстве эллингов дополнительно предоставляется:
5) электронная копия архитектурно-планировочного задания.
3. Для получения государственной услуги при согласовании размещения, проектирования и строительства, реконструкции сооружений и других объектов, влияющих на состояние водных объектов, а также условий проведения работ, связанных со строительной деятельностью, лесоразведением, операциями по недропользованию, бурением скважин, санацией поверхностных водных объектов, рыбохозяйственной мелиорацией водных объектов, сельскохозяйственными и иными работами на водных объектах, в водоохранных зонах и полосах, не связанных со строительной деятельностью, услугополучатель подает следующие документы:
1) заявление;
2) правоустанавливающий документ на земельный участок (в случае отсутствия данных в цифровой системе, используемой для оказания государственных услуг, либо в сервисе цифровых документов, прилагается электронная копия правоустанавливающего документа), а в случае осуществления операций по разведке полезных ископаемых или геологическому изучению – решение местных исполнительных органов столицы, областей, городов республиканского значения, районов, городов областного значения, акимов городов районного значения, поселков, сел, сельских округов о предоставлении публичного сервитута либо электронная копия договора о предоставлении частного сервитута заключенного с частным собственником или землепользователем;
3) электронная копия пояснительной записки с описанием планируемой деятельности;
4) схема расположения земельного участка (объекта) с указанием географических координат и нанесением водных объектов, а также установленных водоохранных зон и полос (при наличии) в масштабе;
В случае проведения операций по недропользованию дополнительно предоставляются:
5) взамен документов, указанных в подпункте 2) настоящего пункта предоставляются копия проектных документов на проведение операций по недропользованию;
6) заключение уполномоченного органа по изучению недр о наличии месторождений подземных вод питьевого качества на участке намечаемой деятельности.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов и сведений, необходимых для оказания государственной услуги требованиям, установленным пунктами 1, 2, 3, 4 и 6 статьи 86, пунктами 1, 2, 3 статьи 91 и пунктами 5, 7, 8 статьи 92 Водного кодекса Республики Казахстан;
2) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
4) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги;
5) неустранение выявленных недостатков по истечении срока приостановления оказания государственной услуги по основанию, предусмотренному подпунктом 4) пункта 12-2 настоящих Правил;
6) отсутствие возможных к использованию водных ресурсов или утвержденных запасов подземных вод в соответствии с пунктом 4 статьи 50 Водного кодекса Республики Казахстан или несоответствия проекта планируемой деятельности требованиям статьи 86 Водного кодекса Республики Казахстан, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 7 статьи 133 Водного кодекса Республики Казахстан.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра 1414, 8-800-080-7777.