БҰЙЫРАМЫН:
1. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 тіркелді) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 123-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 123-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік және әлеметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік – Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі, оның шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылады.
Әкімшілік-аумақтық бірлікке облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, кент, ауыл жатады;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
4) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) қандас – этникалық қазақ және (немесе) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған ұлты қазақ отбасы мүшелері;
7) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
8) қадамдық қолжетімділік – МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік (бұдан әрі – қадамдық қолжетімділік) – халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, қалалар карталарын пайдаланумен астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары есептейтін, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қала халқының 20 минуттық қадамдық қолжетімділігі;
9) МСАК көрсететін жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі) – жаңадан салу жолымен пайдалануға қабылданған немесе жұмыс істеп тұрған объектіні өзгерту жолымен алғаш ашылған МСАК объектісі;
10) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) цифрлық құжаттар сервисі –операторға бекітілген және мемлекеттік органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерінде қамтылған мәліметтер негізінде жасалатын цифрлық құжаттарды қалыптастыруға, көрсетуге, сақтауға және пайдалануға арналған "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектісі.
3. МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және мынадай қағидаттарда жүзеге асырылады:
1) отбасылық қызмет көрсету қағидаты;
2) МСАК-тың аумақтық қолжетімділігі;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан тең құқықты және адал бәсекелестік;
6) пациенттердің орналасқан жеріне қарамастан олардың барлығына қолжетімді профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қамтитын медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтері.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, шетел азаматтарын және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек алу құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғаларды бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша меншік нысанына қарамастан бір МСАК ұйымына медициналық көмек алу құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
6. Шетелдіктер және (немесе) Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеген адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту:
1) Кодекстің 201-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүктелген медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЖМС) шеңберіндегі МСАК;
2) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы №ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 тіркелді) тізбе бойынша және көлемде ТМККК шеңберінде медициналық көмек;
3) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.
7. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалар) жыл сайын 10 қарашадаға дейін МСАК субъектілерінің қызмет көрсету аумағын бөлу туралы бұйрығын (бұдан әрі – аумақты бөлу туралы бұйрық) бекітеді. Аумақты бөлу туралы бұйрық қордың медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.
Аумақты бөлу туралы бұйрықты жыл ішінде қайта қарау "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 тіркелді) 21-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді МСАК ұйымдарына бекіту нақты тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
0-ден 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларды бекіту тұрғылықты жері бойынша тіркеуінің бар-жоғына қарамастан, олардың нақты тұратын жері бойынша жүзеге асыралады.
Бала мен оның заңды өкілінің бекітілген жері сәйкес келмеген жағдайда, медициналық ұйым мен қызмет көрсету учаскесін анықтау кезінде баланың бекітілген жеріне басымдық беріледі.
Осындай сәйкессіздік анықталған кезде заңды өкілі өз қалауы бойынша бала бекітілген сол медициналық ұйымға және қызмет көрсету учаскесіне бекітіледі.
9. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдар бөлінген аумақ туралы бұйрықтарға сәйкес денсаулық сақтау басқармаларының шешімімен бекітілген жақын маңдағы аумақта МСАК ұйымына бекітіледі.
10. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарды бекіту (бұдан әрі – ҚАЖ) басшысы (не оны алмастыратын адам) бекіткен, жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ әрбір МСАК субъектісіне "Бекітілген халық тіркелімі" порталында (бұдан әрі - БХТ) бекітілген халық саны туралы деректерді қоса бере отырып, "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 тіркелді) сәйкес берілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады.
11. Он сегіз жасқа толған студенттер, курсанттар, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылар "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18592 тіркелді) сәйкес қадамдық қолжетімділікте әкімшілік-аумақтық бірлігі жері таңдау бойынша МСАК ұйымдарына дербес бекітіледі.
Он сегіз жасқа толмаған басқа қаладан келген студенттер, курсанттар, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылар цифрлық үкімет порталы (eGov) арқылы олардың заңды өкілдері берген өтініштері негізінде аумақты бөлу туралы бұйрықтарға сәйкес денсаулық сақтау басқармаларының шешімімен бекітілген жақын маңдағы аумақтағы МСАК ұйымдарына бекітіледі.
Білім беру ұйымдары, оның ішінде рухани (діни) білім беру ұйымдары оқу жылының бірінші айында денсаулық сақтау басқармаларының шешіміне сәйкес МСАК ұйымына бекітілуге жататын студенттердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН көрсетілген тізімді бекітуден негізсіз бас тарту жағдайларын болғызбау мақсатында ресми бланкіде жазбаша түрде МСАК ұйымына ұсынады. Студенттердің жаңартылған тізімдері оқу жылы ішінде қосымша денса денсаулық сақтау басқармаларының жолдануы мүмкін.
12. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әскери қызметті өткеру кезеңіне денсаулық сақтау басқармаларының шешімімен бекітілген жақын маңдағы аумақтағы МСАК медициналық ұйымдарына бекітіледі. Әскери бөлімнің (мекеменің, бөлімшенің) командирінің (бастығының) әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы жазбаша хабарламасы бекітуге негіз болып табылады.
Әскери қызметшілердің жеке құрамның тізіміне енгізілгеннен кейінгі бірінші айында әскери бөлім командирдің жазбаша хабарламасы, МСАК ұйымына бекітілуге жататын әскери қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН көрсетіле отырып МСАК ұйымына жолданады.
Әскери қызметшіні ауыстыру кезінде бекіту жаңа қызмет орны бойынша жүзеге асырылады.
Мерзімді әскери қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшінің бекітілу оның бұрын бекітілген МСАК ұйымында автоматты түрде қалпына келтіріледі. МСАК ұйымы таратылған жағдайда әскери қызметшіге осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес МСАК ұйымына бекітілеу қажеттігі туралы хабарланады.
13. МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланбаған жеке тұлға бұрын қызмет алған МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
14. МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
15. Бұрынғы МСАК ұйымы келесі жылға қормен медициналық қызметтер сатып алу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, бекіту аумақты бөлу туралы бұйрық негізінде МСАК ұйымдарына нақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық қолжетімділікті ескере отырып жүзеге асырылады.
16. Осы Қағидалардың 31-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғаларды бекітуді денсаулық сақтау субъектісі ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер көлемдерін орналастыру (орналастырмау) қорытындылары туралы хаттаманы (бұдан әрі – орналастыру қорытындысының хаттамасы) қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту тәртібі
17. МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту осы бұйрықтың 8 және 9- тармақтарында көрсетілген адамдарды және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілген әкімшілік шекара маңы аумақтарында тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тіркелген жері МСАК бойынша жүзеге асырылады.
18. МСАК маманын еркін таңдау учаскеге бекітілген халық санын (МСАК маманына бекітілген МСАК субъектісінің халыққа қызмет көрсету аумағының бөлігін) ескере отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымы шегінде жүзеге асырылады.
19. ЖМС шеңберінде жеке тұлғаларды бекіту ЖМС шарттарында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
20. ТМККК шеңберінде тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша медициналық көмек көрсетуге арналған МСАК ұйымына бекіту үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) іске асырылды.
21. МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
МСАК ұйымы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлік жүйелерден алады.
22. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсетілген.
23. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тікелей жүгінген кезде өтінімді ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда мынадай жеке тұлғалар береді:
1) зейнеткерлер;
2) I топ мүгедектігі бар адамдар;
3) ҚАЖ тергеу изоляторы мен мекемесінің басшысы (не оны алмастыратын адам) бекіткен, жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берілген тізімдер негізінде ҚАЖ тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар;
4) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
5) шет мемлекеттерде туған балалардың заңды өкілдері;
6) қорғаншылындағы сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің заңды өкілдері және басқалар.
24. МСАК ұйымының мамандары осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың өтінімі негізінде "БХТ" цифрлық жүйесінде бекітуге сұрау салуды ресімдейді.
Бекітуге сұрау салуды ресімдеу кезінде өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі (бекітілетін тұлғаның заңды өкілінің нөмірі) автоматты түрде толтыру үшін мобильді азаматтар базасымен біріктіріледі.
Бекітуге сұрау салу, жүгіну (өтініш нысаны және жеке басын куәландыратын құжат) "БХТ" цифрлық жүйесінде сканерленеді. Денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
25. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "Жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында бекіту немесе дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады. көрсетілетін
Портал арқылы мемлекеттік қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.
26. МСАК ұйымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелді) сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету монитрингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
27. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, шетел азаматтарын және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бекітуге портал арқылы тұлғаның электрондық өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарын және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды осы Қағидалардың 31-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша МСАК ұйымдарына бекіту сақтандырылушыға бекітуге қазақ немесе орыс тілдерінде еркін нысанда ЖМС шарты жасалған сақтандыру ұйымына адамның өтініш беру немесе жүгіну жолымен жүзеге асырылады.
28. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтарын және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеген адамдарды ЖМС шеңберінде МСАК ұйымына бекіту ЖМС шартының, қазақ немесе орыс тіліндегі еркін нысандағы өтініштің және жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік паспорт) негізінде, МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.
29. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтарын және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеген адамдарды ЖМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілуін дәлелдейтін құжат "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген № 064/е нысаны бойынша медициналық ұйымға бекітілу талоны болып табылады. Бекіту талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
МСАК ұйымына бекіту ЖМС шартының қолданылу мерзіміне жүзеге асырылады.
30. МСАК ұйымдары сақтандырушының жеке жүгінуі немесе онымен ЖМС шарты жасалған сақтандыру ұйымы жүгінген кезде бекітуді жүзеге асырады.
Отбасы мүшелерін бекіту отбасы мүшелерінің бірінің жазбаша келісімі болған кезде, қазақ немесе орыс тілдеріндегі еркін нысандағы өтініш және жеке басын куәландыратын құжат не отбасының әрбір мүшесінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжаты болған кезде жүзеге асырылады.
Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту жеке басын куәландыратын құжат не бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжаты болған кезде жүзеге асырылады.
31. Жеке тұлғаларды бекіту негіздері:
1) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағының ішінде шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгертуі;
2) бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде адамның МСАК ұйымын еркін таңдауды жүзеге асыруы (күнтізбелік жылдан 1 реттен артық емес);
3) бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына бекітумен келіспеуі;
4) қайта ұйымдастыру, тарату және қордың қызметтерді сатып алу шартын бұзуына немесе өзгертуіне әкеп соққан жағдайлардың МСАК ұйымының МСАК көрсетуден бас тартуы;
5) медициналық қызметтер көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық қызметтер көлемін орналастырмауы;
6) жаңадан пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектісінің пайда болуы.
32. МСАК ұйымдары тұрғылықты жері бойынша бекітілген адамдарды МСАК көрсетуді тоқтату туралы:
1) қормен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бұзылған немесе өзгертілген күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күнінен бастап екі күнтізбелік күні ішінде;
3) қордың таңдау рәсімінің қорытындылары бойынша медициналық қызметтер көлемін орналастырмағаны туралы белгілі болған күнінен бастап күнтізбелік екі күні ішінде хабардар етеді.
"БХТ" цифрлық жүйесінде МСАК ұйымдарының телефон нөмірі (электрондық пошта мекенжайы) болған жағдайда МСАК ұйымы халықты МСАК көрсетудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдер арқылы хабардар етеді.
33. Осы Қағидалардың 31-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуді аумақты бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған орналастыру қорытындысы хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
34. Өңірлік комиссияның хаттамасы негізінде халықты МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары оған тұрғылықты жері бойынша бекітілген адамдарды жазбаша хабардар етеді. "БХТ" цифрлық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық пошта мекенжайы) болған кезде МСАК ұйымы халықты хабарлама жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы хабардар етеді.
Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымымен келіспеген жағдайда тұлға осы Қағидалардың 31-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша бекітуге өтініш береді.
35. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
36. МСАК ұйымынан бекітуді тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) қайтыс болу туралы медициналық куәлік Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі –ЖТМДҚ) алынған мәліметтер негізінде бекітілген адамның қайтыс болу фактісі анықталған кезде;
2) бекітілген адам ЖТМДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде;
3) "Мемлекеттік кредиттік бюро" акционерлің қоғамның Бірыңғай дерекқорының деректері бойынша ЖМС шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
4) ЖТМДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған кезде;
5) ЖТМДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде адамды хабар-ошарсыз кетті деп таныған кезде;
6) ЖСН ЖТМДҚ-дан шығарылған кезде.
37. Мынадай көрсетілген жағдайлар бір мезгілде болған кезде бекітілу белсенді емес мәртебеге ауыстырылады:
Қазақстан Республикасының аумағында тіркеудің болмауы;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының қолданылу мерзімінің өтуі;
үш жыл және одан астам уақыт ішінде медициналық көмекке жүгіну фактісінің болмауы.
Медициналық көмекке жүгінген жағдайда бекітілеудің белсенді мәртебесі қалпына келтіріледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
38. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
39. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешімі не, әрекеті не (әрекетсіздігне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-қимыл қабылдаса.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына қосымша |
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медицианлық ұйымдар | |
1 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1) тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін (бұдан әрі – МСАК) медициналық ұйым арқылы; |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) пациент МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) / қағаз түрінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (не сенімхат бойынша оның өкілі) |
1) МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында бекіту туралы хабарлама; |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
6 | Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – дүйсенбіден сенбіге дейін (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 12.00-ге дейін) |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1. МСАК ұйымына айқындалған контингент жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: |
8 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рәсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;"; |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті электрондық нысанда порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Физикалық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустың, шақыру түймесінің, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жолдың, күту залының, үлгі құжаттары бар тіректің болуы. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. |