БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19941 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
аталған бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері жүргізеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген ақпаратты жинау (оның ішінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және лауазымды адамдарға сұрау салулар жіберу арқылы), өңдеу, жинақтау, талдау және бағалау жолымен жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Кешенді және тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес алынған ақпараттың анықтығы мен толықтығын растау мақсатында, егер объект сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нысанасына жататын салаға қатысты болса, баруға ашық жерлерде орналасқан объектіні (қоғамдық пайдалану орындарында не ашық жерде) фото- және бейнетіркеуді қолдану арқылы көзбен шолып қарауды жүргізеді.
Орналасқан жерге барып шығу барысында алынған мәліметтер осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген талдамалық есепте көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |