Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының м.а. 2026 жылғы 14 тамыздағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 тамызда № 39619 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз.

      1. "Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 24) және 25) тармақшалары алып тасталсын.

      2. "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20076 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын.

      3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа қосымшаның 1 және 4-тармақтарын қоспағанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы басшының м.а.
Г. Караулова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология жəне табиғи ресурстар
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  И.о.руководителя Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 21 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14897 болып тіркелген).

      2. "Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19947 болып тіркелген).

      3. "Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24527 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 ақпандағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 38 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25463 болып тіркелген).

      5. "Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29313 болып тіркелген).

      6. "Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32728 болып тіркелген).

      7. "Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34515 болып тіркелген).

О внесении изменений в некоторые приказы и признании утратившими силу некоторых приказов

Приказ и.о. Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 14 августа 2026 года № 21. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 августа 2026 года № 39619

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 6.

      1. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 10 февраля 2020 года № 21 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике сельского, лесного, охотничьего и рыбного хозяйства и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20030) следующие изменения:

      подпункты 24) и 25) пункта 1 исключить.

      2. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 21 февраля 2020 года № 24 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике промышленности и окружающей среды и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20076) следующие изменения:

      подпункты 15) и 16) пункта 1 исключить.

      3. Признать утратившими силу некоторые приказы согласно приложению к настоящему приказу.

      4. Департаменту стратегического планирования и методологической координации Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан после его официального опубликования.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2027 года, за исключением пунктов 1 и 4 приложения к настоящему приказу, которые вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
басшының м.а.
Г. Караулова

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство       сельского       хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство       финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство      промышленности
и      строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство      экологии
и       природных      ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство      энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
И.о.руководителя Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
от 14 августа 2026 года
№ 21

Перечень утративших силу некоторых приказов

      1. Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2017 года № 26 "Об утверждении статистической формы ведомственного статистического наблюдения и инструкции по ее заполнению, разработанных Министерством финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14897).

      2. Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 января 2020 года № 8 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике предприятий и конъюнктурных обследований и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19947).

      3. Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 24 сентября 2021 года № 21 "О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 января 2020 года № 8 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике предприятий и конъюнктурных обследований и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 24527).

      4. Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 29 ноября 2021 года № 38 "О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 3 февраля 2017 года № 26 "Об утверждении статистической формы ведомственного статистического наблюдения и инструкции по ее заполнению, разработанных Министерством финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 25463).

      5. Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 26 августа 2022 года № 18 "О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 января 2020 года № 8 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике предприятий и конъюнктурных обследований и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 29313).

      6. Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 2 "О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 января 2020 года № 8 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике предприятий и конъюнктурных обследований и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 32728).

      7. Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 12 июня 2024 года № 6 "О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 января 2020 года № 8 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике предприятий и конъюнктурных обследований и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 34515).