Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 82-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 5 тамыздағы № 458/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 82-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) архитектуралық-үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҮО) – "цифрлық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір үлгідегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдардың жиынтығы;
3) бағдарламалық қамтылымды жалға беру жөніндегі қызметі – "цифрлық үкіметтің" цифрлық платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтылымды мен платформалық бағдарламалық өнімдерді өтемақыға уақытша иеленуге және пайдалануға ұсыну түріндегі цифрлық көрсетілетін қызмет;
4) бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – БҚ) – белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, қайта көшіруді және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын, пайдалану үшін дайындалған кодтардың жиынтығы болып табылатын цифрлық объект;
5) бастапқы құжаттар – қойылған және алынған төлем шоттары, жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар актілері, қабылдау-тапсыру актілері, мүкәммал карточкалары, төлем ведомостарын қамтитын есептелген кірістер мен жұмсалған шығыстарды бастапқы есепке алу құжаттары;
6) бюджеттік бағдарлама әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген функциялар, өкілеттіктер және құзыреттерге сәйкес айқындалатын бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
7) жанама шығындар – оператордың есеп беру мерзіміндегі шығыстары, соның ішінде бірнеше цифрлық қызметтермен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар және осындай цифрлық көрсетілетін қызметтер арасында үлестірілуге жататын тіркелген активтер бойынша шығыстар, сондай-ақ цифрлық қызметтерді көрсету жөніндегі қызметке байланысты және цифрлық көрсетілетін қызметтермен себептік-салдарлық тікелей байланысы жоқ және олар арасында үлестіруді талап ететін оператордың шығыстары (өзіндік құны бойынша шығыстар, кезең шығыстары, әкімшілік шығыстар және өзге де шығыстар);
8) жүйелік бағдарламалық қамтылым – "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының деректерді беру желілері мен цифрлық жүйесінің қолданбалы БҚ жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер жиынтығы;
9) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – мемлекеттің цифрлық объектілері, мемлекеттің цифрлық архитектурасы және платформалық бағдарламалық өнімдер (бұдан әрі – ПБӨ) туралы мәліметтерді цифрландыру саласында мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған цифрлық объект;
10) платформаны жалға беру жөніндегі көрсетілген қызмет – "цифрлық үкіметтің" цифрлық платформасында орналастырылған жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді, жалпы мақсаттағы қолданбалы БҚ-ны және стандартты шешімдерді уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде ұсыну түріндегі цифрлық қызмет;
11) рехостинг – архитектураны, жүйелік немесе базалық БҚ-ны, қолданбалы БҚ-ның бастапқы кодын, функционалын өзгертпей орналастыру;
12) реплатформинг – архитектураны, жүйелік немесе базалық бағдарламалық қамтылымды, қолданбалы БҚ-ның бастапқы кодын өзгерту мүмкіндігімен орналастыру;
13) рефакторинг – цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдармен келісілген техникалық тапсырма мен дамыту жөніндегі инвестициялық ұсыныс негізінде "цифрлық үкімет" платформасының техникалық және технологиялық талаптарын есепке ала отырып, "цифрлық үкімет" цифрлық объектісін дамыту арқылы орналастыру;
14) тікелей шығыстар – оператордың есепті кезеңдегі шығыстары, оның ішінде нақты цифрлық қызметпен тікелей себептік-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша шығыстар (өзіндік құн бойынша шығыстар, қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар және басқа да шығыстар);
15) технологиялық жағынан күрделі цифрлық объект – ерекше архитектуралық және технологиялық сипаттамаларға ие, оларды жобалауға, әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға арнаулы қойылатын талаптарды белгілеуді талап ететін бар цифрлық объект;
16) цифрлық инфрақұрылымды жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет – ақпаратты өңдеудің, сақтаудың, берудің есептеу ресурстарын орналастыру үшін "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымын жалдаушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде ұсыну түріндегі цифрлық көрсетілетін қызмет;
17) "цифрлық үкімет" – мемлекеттік органдардың цифрлық технологияларды кешенді пайдалануға негізделген бір-бірімен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен цифрлық өзара іс-қимыл жүйесі;
18) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның оқшауланған элементі;
19) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) "цифрлық үкімет" операторы (бұдан әрі – оператор) – "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
21) "цифрлық үкімет" платформасы – оператордың платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге, дамытуға, орналастыруға, интеграциялауға және (немесе) цифрлық объектілерді орналастыруға арналған цифрлық платформасы;
22) цифрландырудың сервистік моделі – цифрлық шешімдерге рұқсат беру шарттарында немесе сервис форматында мемлекеттік органның оларды дербес әзірлеуінің қажеттілігінсіз, оның ішінде мұндай шешімдерді кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның балансына беру мүмкіндігімен цифрлық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі;
23) цифрлық көрсетілетін қызмет – цифрландырудың сервистік моделі арқылы осы қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, мүліктік жалдау (жалға алу, уақытша пайдалану) және (немесе) есептеу ресурстарын орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды, пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
24) цифрлық объектіні дамыту – цифрлық объектінің қолданыста болу циклінің кезеңі, осы кезең ішінде цифрлық объектінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарды іске асыру, сондай-ақ жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;
25) цифрлық объектіні ендіру – автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосу-реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын цифрлық объектіні қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған цифрлық объектіні құру немесе дамыту кезеңі;
26) цифрлық объектіні сүйемелдеу – өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген цифрлық объектіні оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға, рехостингке, реплатформингке түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтиты, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
27) IAAS (Infrastructure as a Service) – көрсетілетің қызмет ретіндегі инфрақұрылым;
28) BPMN нотациясы – "Ақпараттық технологиялар. Топтық бизнестегі объектіні басқару процесінің моделі мен нотациясы" ISO/IEC 19510:2013 стандартына сәйкес бизнес-процестің орындалу логикасының графикалық бейнеленуі;
29) PAAS (Platform as a Service) – көрсетілетін қызмет ретіндегі платформа;
30) SAAS (Software as a Service) – көрсетілетін қызмет ретінде бағдарламалық қамтылым;
31) WACC (Weighted Average Cost of Capital) – капиталдың орташа өлшенген құны.
3. Цифрлық объектінің қолданыста болу циклі жоспарлау, құру, дамыту, пайдалануға беру, пайдалануды тоқтату, архивтеу және есептен шығару кезеңдерін қамтиды.
4. Осы Қағидалар әкімшілер, сондай-ақ "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерін және цифрлық қызметтерді құруды, дамытуды, пайдалануға беруді, сатып алуды, мемлекеттік органның қызметін цифрландыру шеңберінде көрсетілетін цифрлық қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар қолданады.
5. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландыру (бұдан әрі – қызметті цифрландыру) "цифрлық үкімет" архитектурасына сәйкес және жүргізілген процестердің реинжинирингі ескеріле отырып:
1) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құру, дамыту, сатып алу;
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасына сәйкес және жүргізілген процестердің реинжинирингі ескеріле отырып, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
3) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізілген цифрлық объектілерді пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің қолданыста циклінің кезеңдерін іске асыру тәртібі
1-параграф. "Цифрлық үкіметті" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін жоспарлау, құру және дамыту
6. Ерекше архитектуралық және технологиялық сипаттамаларға ие, оларды жобалауға, әзірлеуге, жаңғыртуға, енгізуге, интеграциялауға және пайдалануға арнаулы талаптарды белгілеу қажеттілігін белгілейтін "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері "цифрлық үкіметтің" технологиялық күрделі цифрлық объектілеріне жатады.
7. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектілерін технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу Кодекстің 91-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
8. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін жоспарлау, ағымдағы процестерді талдаудан, нормативтік құқықтық актілердің цифрлық сараптамасынан, жаңа процестерді жобалаудан тұратын процестердің реинжинирингін қамтиды және Кодекстің 85-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі – цифрлық трансформациялау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
9. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құру немесе дамыту сенімді цифрлық объектілердің тізілімінде ұқсас цифрлық объект не ұқсас функцияларды іске асыратын цифрлық объект болмаған жағдайда, мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ ұйымдардың қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
10. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін дамыту оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік инвестициялық жобалар шеңберінде "цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құруға немесе дамытуға арналған шығыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну, қарау қағидаларына (бұдан әрі – бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну, қарау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы "цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектілерін құру және дамыту кезінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларынан қорытындылар алу қажет.
13. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 163) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың цифрландыру объектілерін құру, дамыту және сүйемелдеу жөніндегі шығыстарды есептеу әдістемесіне және шығындар нормативтеріне (бұдан әрі – мемлекеттік органдардың цифрландыру объектілерін құру, дамыту және сүйемелдеу жөніндегі шығыстарды есептеу әдістемесі және шығындар нормативтері) сәйкес жүзеге асырылады.
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – жүйе) арқылы электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес цифрландыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес кезекті жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың есебін уәкілетті органның қарауына енгізеді.
15. Құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын шығыстар есебі уәкілетті органға қағаз жеткізгіште ұсынылады және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгіленген тәртіппен және режим талаптарын сақтай отырып қаралады.
16. Цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстар есебін жасау кезінде әкімші:
1) Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) шығыстар есебінің мемлекеттік органдардың цифрландыру объектілерін құру, дамыту және сүйемелдеу жөніндегі шығыстарды есептеу әдістемесіне және шығындар нормативтеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) цифрландырудың сервистік моделіне көшу және цифрлық көрсетілетін қызметтерді алу басымдығын қамтамасыз етеді;
4) шығыстар есебінің "цифрлық үкімет" архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
5) активтерді олардың пайдалануға беру кезеңіне, сондай-ақ ендірелетін немесе тираждалатын цифрлық жүйелердің талаптары мен мерзімдеріне сәйкес қосымша жарақтандыруды және ауыстыруды жүзеге асырады;
6) шығыстардың қайталануын болдырмайды;
7) негізделген шығыстар есебін жасау үшін тиісті тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығындағы ұсыныстарды зерделейді;
8) лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдалану кезінде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
9) цифрлық инфрақұрылым компоненттерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
17. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстар сомасы бекітілген инвестициялық ұсыныс, қаржылық-экономикалық негіздеме шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалардың компоненттері құнынан аспайды.
18. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ПБӨ қоспағанда, сатып алуға арналған шығыстар есебі мынадай құжаттарды қамтиды:
1) Жоспарланған бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасы берілетін және оның мәні мен қажеттілігін ашатын бюджеттік өтінімді жасау, ұсыну, қарау қағидаларының талаптарына сәйкес түсіндірме жазба;
"Цифрлық үкімет" цифрлық объектісін сүйемелдеуге арналған түсіндірме жазбада оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
2) кемінде екі әлеуетті өнім берушіден алынған, мынадай мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсететін коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері:
тауарлар бойынша (тауар бірліктерінің саны, тауардың сипаттамасы, тауардың құны)
жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер бойынша (жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың сипаттамасы, жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялар саны, жұмыстың және (немесе) көрсетілетін қызметтің құны, жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі бір операцияны орындауға жұмсалатын уақыт және тартылатын тұлғалар саны, қызмет көрсетілетін тұлғалар саны және жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың құны);
3) бекітілген инвестициялық ұсыныстың, қаржылық-экономикалық негіздемелердің, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптар ерекшелігінің, "цифрлық үкімет" цифрлық объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың көшірмелері;
4) "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындарды есептеу әдістемесіне сәйкес базалық көрсеткіштер және "цифрлық үкімет" цифрлық объектісін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығыстар есебі;
ПБӨ әзірлеу және сүйемелдеу құнын есептеудің базалық көрсеткіштері мен есебіне платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және сүйемелдеу құнын есептеу сәйкес орналастырылған калькулятор арқылы цифрлық объектілердің архитектуралық порталында жүзеге асырылады;
5) әкімшінің бекітілген штат санының көшірмелері;
6) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңдегі ұқсас жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарынан алынған мәліметтер (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) (олар болған жағдайда);
7) нақты орындалған жұмыстар көлемдері көрсетілген үш жылдық кезеңдегі ұқсас орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердың орындалған жұмыстар актілерінен алынған мәліметтер (олар болған жағдайда).
19. Шығыстар есебін қараудан бас тарту мынадай:
1) шығыстар есебінің нысаны мен мазмұнының Кодекс және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуі;
2) осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес құжаттардың ұсынылмауы жағдайларында жүзеге асырылады.
20. ПБӨ-ға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар есебі мынадай құжаттарды қамтиды:
1) мемлекеттік цифрлық объектілердің архитектуралық порталында орналастырылған калькулятор арқылы есептелген ПБӨ әзірлеу құны;
2) әкімшінің байланыс тұлғасы туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны, электрондық поштасы);
3) BPMN нотациясындағы процестің нысаналы нұсқасының сипаттамасы.
21. Цифрландыру саласындағы тауарларды сатып алуға арналған шығыстардың негіздеу үшін осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар:
1) цифрландыру саласындағы активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша үзінді-көшірме, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу ведомосі;
2) балансқа қойылмаған цифрлық инфрақұрылым (тауардың саны, тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) объектілерін мемлекеттік сатып алу шарттарынан алынған мәліметтер (олар болған жағдайда);
3) есепті және (немесе) ағымдағы қаржылық жылында пайдаланудан шығарылған цифрлық инфрақұрылым объектілерінің техникалық жай-күйі және оларды кәдеге жарату туралы мәліметтер ұсынылады.
22. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында (бұдан әрі – архитектуралық портал) цифрлық объектілер туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды негіздеу үшін осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар:
1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңдегі ұқсас жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарынан алынған мәліметтер (орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) (олар болған жағдайда);
2) кезекті қаржылық жылына сатып алу жоспарланып отырған цифрландыру саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерінің көшірмелері;
3) нақты орындалған жұмыстар көлемдері көрсетілген үш жылдық кезеңдегі ұқсас орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерінен алынған мәліметтер (олар болған жағдайда) ұсынылады.
23. Шығыстар есебі, құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын шығыстар есебіне арналған – осы жүйе арқылы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көзделген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынған күннен бастап уәкілетті органға өтінім жіберілген сәттен бастап ұсынылды деп есептеледі.
24. Уәкілетті органның шығыстар есебін қарауы құжаттар келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган үш күнтізбелік күн ішінде әкімшілер ұсынған шығыстар есептерін сараптама жүргізу үшін АҮО-ға жібереді не осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, шығыстар есебін әкімшіге дәлелді бас тартумен қайтарады.
АҮО шығыстар есептерін алған күннен бастап жиырма бес күнтізбелік күн ішінде олардың сараптамасын жүргізеді.
25. Бюджетке түзетулер немесе нақтылау жүргізу кезінде ағымдағы қаржылық жылына арналған шығыстар есебін уәкілетті орган отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
26. АҮО шығыстар есебін қарау кезінде мыналар ескеріледі:
1) "цифрлық үкімет" архитектурасын іске асыру барысы туралы ақпарат;
2) есепті қаржылық жылында бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы, оның ішінде цифрландыру саласындағы тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемдері және құны туралы мәліметтер;
3) ағымдағы қаржылық жылында бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылу барысы туралы ақпарат;
4) кезекті қаржылық жылына және жоспарлы кезеңге бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;
5) мемлекеттік органның "цифрлық үкімет" архитектурасындағы цифрландырудың цифрлық объектілері туралы мәліметтер;
6) есепті қаржылық жылындағы әкімшінің немесе басқа әкімшілердің ұқсас шығыстарымен немесе іс-шараларымен салыстырғандағы шығыстардың негізділігі мен салыстырмалылығы (олар болған жағдайда);
7) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарланған бағалардың нарықтық бағалармен салыстырмалылығы;
8) әкімшінің "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің техникалық жай-күйі, кәдеге жаратуы және баланстық құны;
9) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жоспарланған бағалардың Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары туралы деректер базасында қамтылған бағалармен салыстырмалылығы;
10) отандық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің басымдығы.
27. Уәкілетті орган қарауына "цифрлық үкімет" архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар есебі жатады.
28. "Цифрлық үкімет" архитектурасында мәліметтер болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.
29. Уәкілетті орган АҮО-ның сараптамалық қорытындысы негізінде шығыстар есебін мынадай мәселелер:
1) негізсіз және артық шығыстарды алып тастау;
2) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемдерін, сипаттамаларын және құнын әкімшінің қолданыстағы қажеттіліктеріне және (немесе) есепті қаржы жылындағы әкімшінің ұқсас шығыстарының нақты көлемдеріне, сипаттамаларына және құнына сәйкестендіру;
3) шығыстардың баламаларының болуын бағалау бойынша қарайды.
Уәкілетті орган шығыстар есептерін қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстар есебі бойынша уәкілетті органның қорытындысын дайындайды.
30. Ағымдағы қаржылық жылында цифрландыру объектісін пайдалануды тоқтату немесе оны "цифрлық үкімет" цифрлық платформасына ауыстыру қажет болған жағдайда, жоспарланатын кезеңге осы цифрландыру объектісіне бюджет қаражатын бөлуді қолдамайды.
31. Архитектуралық порталда "цифрлық үкіметтің" цифрландыру объектілері туралы мәліметтер және "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, жоспарланатын кезеңде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға кезеңі үшін көзделген іс-шараларды жүргізуге арналған шығыстарды қолдамайды.
32. Әкімші уәкілетті органнан үшін қорытындыны алған күннен бастап сегіз күнтізбелік күн ішінде жүйедегі шығыстар есебін пысықтайды және қайта қарау үшін, электрондық құжат түрінде уәкілетті органға ұсынады.
33. Шығыстар есебін қайта қарау кезінде уәкілетті орган әкімшінің шығыстар есебін анықталған ескертулерді жою және ұсыныстарды іске асыру тұрғысынан тексереді.
34. Шығыстар есебін қайта қарауды уәкілетті орган он бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
Уәкілетті орган әкімшілер ұсынған шығыстар есептерін сараптама жүргізу үшін екі күнтізбелік күн ішінде АҮО-ға жібереді немесе осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, шығыстар есебін әкімшіге дәлелді бас тартумен қайтарады.
АҮО шығыстар есептері мен тиісінше осы Қағидалардың 18-тармағында айқындалған құжаттарды алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде олардың сараптамасын жүргізеді.
Уәкілетті орган АҮО-ның сараптамалық қорытындысы негізінде әкімшіге қорытынды жібереді.
35. Әкімші жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдері бекітілгеннен кейін, оның ішінде бюджетті түзету немесе нақтылау жүргізілген жағдайларда жүйедегі шығыстар есептері бойынша деректерді жаңартады.
36. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құру және дамыту "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жасалуы және қаралуы жүзеге асырылатын техникалық тапсырмалар негізінде іске асырылады.
37. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін құру және дамыту мыналарды:
1) цифрлық объектіні әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітетін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы Бірыңғай талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) сәйкес "цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі объектісін тәжірибелік пайдалануды жүргізу, оның ішінде:
3) Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес "цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектісінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу (бұдан әрі – сынақ).
Сынақтар "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін және аса маңызды цифрлық объектілерді киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізу әдістемесі мен қағидаларында айқындалған мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
4) "Цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі объектісін Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес енгізу;
5) "Цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу әзірлеу, тестілеу және тәжірибелік пайдалану кезеңдері аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады;
6) цифрлық объект қабылдау комиссиясы қол қойған өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі ресімделгеннен кейін ғана өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді деп есептеледі. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
38. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі объектілерін өнеркәсіптік пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) Бірыңғай талаптардың сақталуы;
2) істен шығу немесе зақымдану жағдайында цифрлық ресурстардың сақталуы, қорғалуы және қалпына келтірілуі;
3) резервтік көшіру және цифрлық ресурстарды уақтылы өзектендіруді бақылау;
4) мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жүгінулер туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімді архивтеу;
5) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін сүйемелдеу;
6) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісінде пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау;
7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
8) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалануды қысқарту (алып тастау), сондай-ақ оларды ұсыну талаптарын азайту;
9) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнім берушінің кепілдік қызмет көрсетуі, оның ішінде кепілдік мерзімі ішінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жою қамтамасыз етіледі.
Кепілдік қызмет көрсету "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз етіледі.
39. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін модификациялау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік инвестициялардың инвестициялық ұсынысын немесе қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап етпейтін жұмыстарға жатады, бұл ретте модификацияның жиынтық құны оны құру кезінде мемлекеттік инвестициялық жобада белгіленген "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісінің бастапқы сметалық құнының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін модификациялау мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) модификация техникалық тапсырмаға немесе техникалық тапсырмаға енгізілген толықтыруларға сәйкес келеді;
2) жүргізілетін жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді;
3) модификация жүргізуге уәкілетті органның келісімі бар.
"Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін модификациялауға үш жылда бір реттен жиі жол берілмейді.
40. Мемлекеттік заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың мұрагерлік немесе сыйға тарту нәтижесінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне құқықтарды сатып алуы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады.
Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы мынадай көрсеткіштер бойынша қалыптастырылады:
мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы, оның шеңберінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне көзделген іс-шараларды жүргізуге арналған бюджет шығыстарының ықтимал көлемдері бағаланады;
мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін оның мақсаты және пайдаланылуы, оның шеңберінде АҮО ұсынылған техникалық тапсырма негізінде "цифрлық үкімет" архитектурасына, цифрландыру, деректерді басқару саласындағы техникалық және құқықтық талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады;
Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) ұқсас цифрлық объектінің немесе ұқсас функцияларды іске асыратын цифрлық объектінің болмауы.
41. Сыйға тарту кезінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін тәжірибелік пайдалануды жүргізу және оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу қамтамасыз етіледі.
42. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін пайдалану олардың функционалдық мақсатына, Кодекстің талаптарына, техникалық құжаттамаға және өнеркәсіптік пайдалану шарттарына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) іркілістер, киберқауіпсіздік оқыс оқиғалары немесе деректердің зақымдануы жағдайында цифрлық ресурстардың сақталуын, қорғалуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
2) цифрлық ресурстардың резервтік көшірмесін жасау, сондай-ақ оларды уақтылы өзектендіруді және тұтастығын бақылау;
3) пайдаланушылардың "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне жүгінулері туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімді архивтеу;
4) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін сүйемелдеу;
5) пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды, оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау;
6) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
7) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалануды қысқарту (алып тастау), сондай-ақ оларды ұсыну талаптарын азайту;
8) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне кепілдік қызмет көрсету.
43. "Цифрлық үкіметтің" архитектуралық порталда цифрлық объектісі туралы мәліметтер және оның техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, жоспарланатын кезеңде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне көзделген іс-шараларды жүргізуге арналған шығыстар қолдау таппайды.
44. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін одан әрі пайдаланудың қажеттілігінің болмауы өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға әкеп соғады.
2-параграф. "Цифрлық үкімет" платформасында ПБӨ-ні жоспарлау, құру
45. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – цифрландыру бастамашысы) ПБӨ-ні әзірлеуі "цифрлық үкімет" платформасында "цифрлық үкімет" архитектурасына сәйкес және процестердің реинжинирингін ескере отырып жүзеге асырылады.
46. ПБӨ әзірлеуді жоспарлау архитектуралық порталда орналастырылған мемлекеттік органдар функцияларының электрондық тізілімінде қызметті жоспарланған цифрландырудың бар-жоғын анықтаудан басталады.
47. Мемлекеттік органдар функцияларының электрондық тізілімінде жоспарланған цифрландыруға сәйкес келетін функция анықталған жағдайда, цифрландыру бастамашысы ПБӨ әзірлеу арқылы осындай цифрландыруды іске асыру мүмкіндігі туралы АҮО-ға мынадай құжаттарды:
1) ПБӨ туралы жалпы мәліметтер (атауы, реттеу саласы, мақсаты);
2) ПБӨ құру қажеттілігінің негіздемесі (қолданыстағы проблеманың сипаттамасы, тапсырмалар, нормативтік құқықтық актілер);
3) бизнес-процестер туралы ақпарат (қолданыстағы және мақсатты нұсқалардың болуы, реинжиниринг мәртебесі, қозғалатын мемлекеттік функциялар, ЦТК-да болуы);
4) ПБӨ-ні іске асыру үшін қажетті интеграциялар туралы мәліметтерді қоса бере отырып, сұрау салу жібереді.
АҮО сұрауды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және цифрландыру бастамашысына мыналарды:
1) BPMN нотациясындағы процестің мақсатты нұсқасын;
2) ПБӨ әзірлеу құнын есептеуге арналған базалық параметрлерді қалыптастыру қажеттілігі туралы ұсынымдар жібереді.
48. Қызметті цифрландыруды ПБӨ әзірлеу арқылы іске асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, АҮО осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген мерзімде цифрландыру бастамашысына цифрландырудың өзге де ықтимал тәсілдерін көрсете отырып, ұсынымдар жібереді.
49. Қызметті цифрландыруды ПБӨ әзірлеу арқылы іске асыру үшін цифрландыру бастамашысы қалыптастырған реинжиниринг жөніндегі жобалық топ цифрлық трансформация қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісті бизнес-процестің реинжинирингін жүзеге асырады.
50. ПБӨ әзірлеу құнын есептеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкімет" платформасында ПБӨ әзірлеу құнын есептеуге сәйкес архитектуралық порталда орналастырылған калькулятор арқылы жүзеге асырылады.
51. Цифрландыру бастамашысы платформалық бағдарламалық өнімді әзірлеушіні Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) сәйкес таңдайды және өнім берушімен ПБӨ әзірлеуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасайды.
52. Цифрландыру бастамашысы шарт жасалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ПБӨ талаптарының ерекшелігін әзірлейді.
ПБӨ-ге қойылатын талаптар ерекшелігін цифрландыру бастамашысы оны өнім беруші ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді.
53. "Цифрлық үкімет" платформасында ПБӨ әзірлеу үшін бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарды бөлу қажеттілігі туралы сұрау цифрлық трансформация қағидаларына сәйкес айқындалған бекітілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып:
цифрландыру бастамашысы мемлекеттік орган болған жағдайда – уәкілетті органға;
цифрландыру бастамашысы квазимемлекеттік сектор субъектісі болған жағдайда – операторға жіберіледі.
54. Уәкілетті орган сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде операторға шартта көзделген мерзімдерде ПБӨ әзірлеу үшін бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарды бөлу қажеттілігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
55. ПБӨ әзірлеу бастамашысы өнім берушімен шарт жасасқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылады.
56. Оператор уәкілетті органның хабарламасын немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылатын ПБӨ әзірлеу бастамашысының сұрауын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ПБӨ әзірлеу үшін бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарға қолжетімділікті ұйымдастыру және оларды бөлу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
57. ПБӨ мынадай сынақ түрлерінен өтеді:
1) алдын ала сынақтар;
2) тәжірибелік пайдалану;
3) "Цифрлық үкімет" цифрлық объектілерін және аса маңызды цифрлық инфрақұрылым объектілерін киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар.
58. Тәжірибелік пайдаланудың оң нәтижесі және киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жүргізілген сынақтардың оң хаттамалары ПБӨ-ні өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін негіз болып табылады.
59. ПБӨ-ні өнеркәсіптік пайдалануға енгізу қорытындылары бойынша әзірлеу бастамашысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға ПБӨ-ні өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін қоса бере отырып хабарлама, сондай-ақ "цифрлық үкімет" платформасының өнеркәсіптік пайдалану ортасында ПБӨ жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарға қажеттілікті растайтын құжатты жібереді.
60. Оператор осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарды бөлуді, сондай-ақ "цифрлық үкімет" платформасының өнеркәсіптік пайдалану ортасында ПБӨ-нің релиздік нұсқасын орналастыруды және өнім берушіге кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
61. ПБӨ-ні өнеркәсіптік пайдалану кезінде әзірлеу бастамашысы сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, кепілдік қызмет көрсетуді, жұмыс істеу мониторингін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
62. "Цифрлық үкімет" платформасында ПБӨ-ні өнеркәсіптік пайдалану кезінде оператор нақты тұтынылған бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстар бойынша биллингті жүзеге асырады.
Биллинг нәтижелері бойынша есеп уәкілетті органға жіберіледі.
63. ПБӨ-ге кепілдік қызмет көрсетуді оны жеткізуші өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзім ішінде жүзеге асырады және кепілдік мерзімі ішінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.
3-параграф. "Цифрлық үкімет" платформасын дамыту және "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін "цифрлық үкімет" платформасында орналастыру
64. "Цифрлық үкімет" платформасы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан цифрлық инфрақұрылымда жұмыс істейді.
"Цифрлық үкімет" платформасын дамытуды оператор "цифрлық үкімет" архитектурасына сәйкес жүзеге асырады.
65. "Цифрлық үкімет" платформасының онда "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін немесе цифрлық қызметтерді дамыту және орналастыру үшін арналған техникалық және технологиялық талаптар жалпыға қолжетімді болып табылады және "цифрлық үкімет" платформасында орналастырылады.
66. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін орналастыру үшін оператор "цифрлық үкімет" платформасын және (немесе) цифрлық инфрақұрылымды ұсыну қызметін көрсетеді.
67. Уәкілетті орган Кодекстің 20-бабының 3-тармағына сәйкес бекітетін Цифрлық объектілер сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) сәйкес жатқызылған "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері:
бірінші сыныпқа жататындары тек "цифрлық үкімет" платформасында немесе "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымында орналастырылады;
екінші және үшінші сыныпқа жататындары "цифрлық үкімет" платформасында немесе "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымында орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда немесе Тізілімнен "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін орналастырған жағдайда цифрлық инфрақұрылым ұсынатын ұйымдарда орналастырылады.
68. Мемлекеттік орган немесе ұйым "цифрлық үкімет" платформасында "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін орналастыру тәсілін таңдайды.
69. "Цифрлық үкімет" платформасында "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін орналастыру тәсілдері (бұдан әрі – орналастыру тәсілдері):
1) рехостинг – архитектураны, жүйелік немесе базалық БҚ-ны, қолданбалы БҚ-ның бастапқы кодын, функционалын өзгертпей орналастыру;
2) реплатформинг – функционалды өзгертпей архитектураны, жүйелік немесе базалық БҚ-ны, қолданбалы БҚ-ның бастапқы кодын өзгерту мүмкіндігімен орналастыру;
3) ПБӨ әзірлеу немесе Тізілімнен "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін сатып алу арқылы қолданыстағы "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің функционалын іске асыру;
4) рефакторинг – цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдармен келісілген техникалық тапсырма және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныс негізінде "цифрлық үкімет" платформасының техникалық және технологиялық талаптарын ескере отырып, "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін дамыту арқылы орналастыру.
70. Осы Қағидалардың 69-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген орналастыру тәсілдері қолданылған кезде цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдармен әзірленетін және келісілетін техникалық тапсырмаға толықтыру жасалады, онда цифрлық объектілерді көшіру/орнату жөніндегі әрекеттердің қадамдық нұсқаулығы және енгізу кезінде сыни іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істейтін нұсқаға жылдам қайтару алгоритмі қамтылады.
71. Орналастыру тәсілі бойынша ұсынымдар алу үшін мемлекеттік орган немесе ұйым АҮО-ға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісінің техникалық тапсырмасын және профилін қоса бере отырып, сұрау жібереді.
АҮО сұрауды қарайды және ол келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті ұсынымдарды жібереді.
72. АҮО ұсынымдары негізінде мемлекеттік орган немесе ұйым оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастыру тәсілі туралы шешім қабылдайды.
73. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын орналастыру бойынша қызметтерді жеткізушіні таңдағаннан кейін мемлекеттік орган немесе ұйым уәкілетті органға және операторға "цифрлық үкімет" платформасының бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарын бөлу қажеттілігі туралы сұрау жібереді, оған техникалық тапсырмаға толықтыруды немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы, сондай-ақ орналастыру мерзімдерін қоса көрсетеді.
74. Оператор сұрау келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" платформасының бағдарламалық, есептеу және телекоммуникациялық ресурстарын бөлу, сондай-ақ цифрлық объектіні орналастыру мақсатында "цифрлық үкімет" платформасының әзірлеу және өнеркәсіптік пайдалану орталарына қолжетімділікті ұсыну жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
4-параграф. Цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық қызметтерді сатып алу
75. Цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық қызметтер мынадай түрлерге бөлінеді (бұдан әрі – цифрлық қызметтер):
1) цифрлық инфрақұрылымды ұсыну бойынша цифрлық қызмет;
2) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін және (немесе) ПБӨ-ні пайдалануға беру бойынша цифрлық қызмет;
3) цифрлық объектілерді және (немесе) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, дамыту және орналастыру үшін "цифрлық үкімет" платформасын ұсыну жөніндегі оператордың цифрлық қызметі.
76. Цифрлық объектіні ұсыну бойынша қызмет Тізілімнен сатып алынады.
77. Цифрлық инфрақұрылымды, "цифрлық үкімет" платформасын ұсыну бойынша цифрлық қызметтер қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және бюджеттік сұрауды жасау, ұсыну және қарау қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын бюджеттік өтінім негізінде жүзеге асырылады.
78. Осы Қағидалардың 75-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген цифрлық қызметтерді ұсыну шеңберінде оператор "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымын толықтыру және "цифрлық үкімет" платформасын дамыту қажеттілігі болған кезде бағдарламалық қамтылымды құруды және дамытуды жүзеге асырады.
Оператор цифрлық қызметтер көрсету арқылы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ПБӨ әзірлеуді жүзеге асырады.
79. Тізілімде қажетті цифрлық қызмет болмаған жағдайда, мемлекеттік орган мұндай жағдай анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде архитектуралық порталда орналастырылған мемлекеттік органдар функцияларының электрондық тізіліміне сәйкес ағымдағы жылы автоматтандыруға жататын мемлекеттік функциялардың тізбесін қалыптастырады және оны Цифрлық трансформация картасы шеңберінде бекітеді.
Мемлекеттік орган Кодекстің 85-бабының 1-тармағына сәйкес цифрлық трансформация қағидаларына сәйкес бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізуді қамтамасыз етеді.
80. Бизнес-процестердің реинжинирингі нәтижелері бойынша әзірленген құжаттар негізінде мемлекеттік орган осы Қағидалардың 2-параграфының талаптарына сәйкес тиісті ПБӨ құруды немесе дамытуды бастайды.
Мемлекеттік органның комиссиясы қосымша функционалдың болуы және цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық қызмет құнын есептеу прототиптінің негізінде өнім берушіні таңдайды.
81. Цифрлық қызмет құнын есептеу үшін оператор шығындарын бөлу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
82. Құнды есептеу кезінде қызметтердің мынадай түрлері көзделеді:
1) цифрлық инфрақұрылымды жалға беру қызметі (IAAS/PAAS).
Цифрлық инфрақұрылымды жалға беру қызметінің (IAAS, PAAS) кезең ішіндегі құны мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
мұнда,
IAAS/PAAS – инфрақұрылым ретінде цифрлық қызметтің құны (қызмет ретінде платформа, қызмет ретінде инфрақұрылым);
D – кезең ішіндегі тікелей шығындар;
I – кезең ішіндегі жанама шығындар;
WACC – капиталдың орташа өлшенген құны;
B – кезең ішіндегі бөлу базасы. Көрсетілетін қызмет түріне қарай сандық немесе уақыт өлшемінде айқындалады (бір жұмыс орны, абоненттік төлем, байланыс арнасы, трафик көлемі, айлық абоненттік төлем, жылдық абоненттік төлем). Бөлу базасының көрсеткіші Каталогта, даму жоспарында, бюджетте айқындалуы мүмкін.
Әрбір қызмет бойынша жанама шығындарды бөлу оператор тарапынан дербес жүзеге асырылады, бұл ретте бөлу оператордың барлық цифрлық қызметтері бойынша кезең ішіндегі шығындардың жалпы сомасындағы әрбір қызметке тиесілі шығындардың үлесіне сәйкес жүргізіледі.
Капиталдың орташа өлшенген құнының (WACC) көрсеткіші капитал құнын және тәуекелдерді ескере отырып, қажетті рентабельділік деңгейін айқындау үшін пайдаланылады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес есептеледі.
WACC есептеу оператордың тиісті бюджетін бекіту кезеңінде жылына бір рет, бірақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру бойынша бюджеттік өтінімді қарауға ұсыну күнінен кемінде 3 ай бұрын жүргізіледі;
2) бағдарламалық қамтылымды жалға беру қызметі (SAAS), оның құрамына инфрақұрылым құны (IAAS/PAAS) кіреді.
Бағдарламалық қамтылымды жалға беру қызметінің құны мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
мұнда,
SAAS – сервис ретінде көрсетілетін қызметтің бір жылдық құны;
IAAS/PAAS – нақты сервистік бағдарламалық өнімнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету шығындарына келтірілген цифрлық инфрақұрылымды жалға беру қызметінің жылдық құны;
![]()
– сервистік бағдарламалық өнімді жалға берудің жылдық құны.
ПБӨ мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыстық платформалық бағдарламалық өнім, оның құны осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептеледі;
2) қолданыстағы (дайын) ПБӨ, оның құны өнім беруші тарапынан нарық конъюнктурасына сүйене отырып есептеледі.
83. Мемлекеттік орган өнім беруші анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде операторды "цифрлық үкімет" платформасында ресурстарды бөлу қажеттілігі туралы хабардар етеді. Өнім беруші ПБӨ әзірлеуді және оны шартта көзделген мерзімдерде өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді жүзеге асырады.
84. Мемлекеттік орган оператордың "цифрлық үкімет" платформасын және (немесе) цифрлық инфрақұрылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда қызметті сүйемелдеуге арналған шарт жасасады. Шарттың мерзімі "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін іске асыру және пайдалану мерзіміне сәйкес айқындалады.
85. Оператор ұсынатын қызметтер цифрландыру және киберқауіпсіздік салаларындағы уәкілетті органдармен келісілген инвестициялық жобаға сәйкес құрылады және дамытылады.
86. Цифрлық қызметтерді құруға және дамытуға арналған шығыстарды есептеу архитектуралық порталда орналастырылған калькуляторды пайдалана отырып, Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін құру, дамыту және сүйемелдеу шығындарының нормативтерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
87. Цифрлық қызмет шеңберінде құрылатын және дамытылатын "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне айрықша мүліктік құқықтар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, автоматтандырылатын функция мен қызмет иесінің меншігіне беріледі.
88. Автоматтандырылатын функция мен қызмет иесі цифрлық қызметті пайдалану кезеңінде бағдарламалық қамтылымның функционалдық және қосымша функционалдық талаптарын өзгертпей сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, техникалық қолдауды және ақауларды жоюды қамтамасыз етеді.
5-параграф. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
89. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін одан әрі пайдаланудың қажеттілігінің болмауы өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес цифрлық объектілердің архитектуралық порталындағы "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі туралы мәліметтерді өзгертуге әкеп соғады.
90. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін одан әрі пайдаланудың қажеттілігі жоқ екендігі туралы шешімді меншік иесі және (немесе) иеленуші цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы қабылдайды, бұл ретте "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі интеграцияланған цифрлық объектілердің меншік иелеріне және (немесе) иеленушілеріне хабарланады.
91. Цифрлық объектіні өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату мынадай бір немесе бірнеше негіздер болған кезде жүзеге асырылады:
1) бұрын құрылған цифрлық объектіні толық көлемде немесе кеңейтілген функционал көлемінде алмастыратын функционалдық тұрғыдан баламалы цифрлық объектіні немесе ПБӨ-ні өнеркәсіптік пайдалануға енгізу;
2) цифрлық объектілерді "цифрлық үкімет" платформасында шоғырландыру немесе орналастыру туралы шешім қабылдау;
3) цифрлық объектінің, оның одан әрі пайдаланылуына кедергі келтіретін, технологиялық, архитектуралық немесе функционалдық тұрғыдан ескіруі;
4) цифрлық объектінің жұмыс істеу қажеттілігін жоятын нормативтік-құқықтық реттеудің өзгеруі; цифрлық объектінің ақпараттық қауіпсіздік, тұрақтылық және қолжетімділік талаптарын қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы.
92. Өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату туралы шешім цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
6-параграф. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін архивтеу және есептен шығару
93. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін архивтеу оның қолданыста болу циклін аяқтау кезеңінде, сондай-ақ пайдаланудан шығару немесе оны басқа цифрлық шешімдермен ауыстыру жағдайларында жүзеге асырылады
94. Архивтеуге цифрлық жазбалар мен деректер массивтері, сондай-ақ цифрлық объектінің жұмыс істеу процесінде қалыптастырылған:
1) архитектуралық сипаттамаларды, техникалық тапсырмаларды, тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану туралы есептерді қоса алғанда, техникалық және пайдалану құжаттамасы;
2) бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодтары және цифрлық объект шеңберінде жасалған зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелері;
3) цифрлық объектінің меншік иесі айқындаған өзге де материалдар жатады.
95. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін есептен шығару:
1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес;
2) цифрлық объектінің меншік иесінің шешімі негізінде;
3) цифрлық даму саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асырылады.
96. Есептен шығару туралы шешім:
1) цифрлық объектінің функционалдық алмастырылғаны туралы қорытындының болуы;
2) сақталуға жататын барлық материалдарды архивтеу аяқталғанын растайтын құжаттың болуы;
3) деректердің жоғалу тәуекелдерінің және пайдаланушылар мен мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелердің бұзылу тәуекелдерінің болмауы кезінде қабылданады.
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 1-қосымша |
Цифрландыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындар атаулары | Ерекшелік |
1. Ағымдағы шығындар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу | ||
1) | "цифрлық үкіметтің" цифрландыру объектісін сүйемелдеу | 158 |
2) | "цифрлық үкіметтің" цифрландыру объектілерін интеграциялау | 158 |
3) | лицензияланған бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау | 158 |
4) | бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау | 158 |
5) | жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету | 158 |
6) | серверлік жабдықты және деректерді сақтау жүйесін техникалық қолдау | 158 |
7) | белсенді телекоммуникациялық жабдыққа (желілік жабдыққа) техникалық қолдау көрсету | 158 |
8) | аппараттық-бағдарламалық кешенге техникалық қолдау көрсету | 158 |
9) | серверлік жабдықты жалға алынатын серверлік үй-жайда орналастыру қызметі (Colocation) | 158 |
10) | жалға алынатын серверлік үй-жайда серверлік жабдықты жалға алу қызметі (Dedicated) | 158 |
11) | цифрлық жүйеге аудит жүргізу | 158 |
12) | "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу | 158 |
13) | киберқауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алу | 158 |
14) | серверлік жабдық пен деректерді сақтау жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетілу | 158 |
15) | цифрлық жүйе мен цифрлық ресурсты жалға алу | 158 |
16) | платформалық бағдарламалық өнімді әзірлеу | 158 |
17) | платформалық бағдарламалық өнімді сүйемелдеу | 158 |
18) | платформалық бағдарламалық өнімнің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу | 158 |
19) | тұтыну көлеміне қарай ақы төлеу моделі бойынша платформалық бағдарламалық өнімді жалға алу (биллинг) | 158 |
20) | жасанды интеллект саласындағы инфрақұрылымды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 158 |
21) | платформалық бағдарламалық өнімдерді ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 158 |
22) | жасанды интеллект ұлттық платформасын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 158 |
23) | мемлекеттік цифрлық объектілерді сенімгерлік басқару барысында сенімгерлік басқарушының шығындарын өтеу | 158 |
2. Негізгі құралдарды сатып алу | ||
1) | серверлік жабдық | 414 |
2) | деректерді сақтау жүйесі | 414 |
3) | резервтік көшіру жүйесі | 414 |
4) | аппараттық-бағдарламалық кешен | 414 |
5) | телекоммуникациялық жабдық (желілік жабдықты) сатып алу | 414 |
3. Материалдық емес активтерді сатып алу | ||
1) | бағдарламалық қамтылым | 416 |
2) | лицензиялық бағдарламалық қамтылым | 416 |
4. Дамытуға бағытталған капиталдық шығындар | ||
1) | "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін құру | 434 |
2) | "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін ендіру | 434 |
3) | "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін дамыту | 434 |
4) | "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін құру немесе дамыту жобасын басқару | 434 |
5) | инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық | 434 |
6) | инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау және резервтік көшіру | 434 |
7) | инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтылым | 434 |
8) | инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтылым | 434 |
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есеп-қисабына уәкілетті органның қорытындысы
№ | Бюджеттік бағдарлама әкімшісі | Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Ерекшелік | Атауы | Жоспарланған 1-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге | Жоспарланған 2-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге | Жоспарланған 2-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге | Жоспарланған 3-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге | Жоспарланған 3-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге | Дәлелді қорытынды | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Қазақстан Республикасы "цифрлық үкіметінің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға ендіру актісі
№___ "___" __________ 20__ жыл
__________________қаласы
Сәйкес __________________________________________________________
(негіздеме көрсетіледі: қағидалар, бұйрық, іс-шаралар жоспары, комиссия
шешімі, техникалық тапсырма, тәжірибелік пайдалануды аяқтау актісі және өзге
де құжаттар)
Осымен комиссия құрамында:
Комиссия төрағасы:
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, ұйымы)
Комиссия мүшелері:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, ұйымы)
Қазақстан Республикасы "цифрлық үкіметінің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы осы актіні жасады.
1. Цифрлық объекті туралы жалпы мәліметтер
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық
объектісінің атауы:
________________________________________________________________
Меншік иесі мемлекеттік органның толық және қысқартылған атауы:
________________________________________________________________
Оператор / пайдаланушы ұйым:
________________________________________________________________
Әзірлеуші (бар болса):
________________________________________________________________
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін
құру/дамыту үшін негіздеме:
________________________________________________________________
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық
объектісінің мақсаты:
________________________________________________________________
Архитектуралық шешім / сынып / орналастыру ортасы:
________________________________________________________________
2. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық
объектісінің әзірлігі туралы мәліметтер:
Комиссия мынаны анықтады:
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін
құру/дамыту жөніндегі жұмыстар техникалық құжаттамаға сәйкес орындалды.
Тәжірибелік пайдалану аяқталды.
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісі
мәлімделген функционалдық талаптарға сәйкес келеді.
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Пайдалану құжаттамасының, пайдаланушылардың, әкімшілердің және
техникалық қолдаудың әзірлігі қамтамасыз етілді.
3. Қаралған құжаттардың тізбесі
Комиссия келесі құжаттарды қарады:
Техникалық тапсырма "___" ________ 20 _____ жыл № ________.
Тәжірибелік пайдалану қорытындылары бойынша хаттама / есеп
"____" ________ 20____ жыл № ____.
Сынақ хаттамалары "___" ________ 20____ жыл № ________.
Басқа құжаттар:
________________________________________________________________
4. Комиссия шешімі
Қаралған құжаттар мен тәжірибелік пайдалану нәтижелері негізінде
комиссия шешім қабылдады:
"Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектісін
өнеркәсіптік пайдалануға енгізілсін.
________________________________________________________________
(цифрлық объектісінің атауы)
"_____" __________ 20____ жыл.
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 4-қосымша |
"Цифрлық үкімет" платформасында платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу құнын есептеу
1. Платформалық бағдарламалық өнімдерді (бұдан әрі – ПБӨ) әзірлеу құнын есептеу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) ПБӨ функционалдық өлшемін бағалау;
2) ПБӨ әзірлеудің негізгі еңбек сыйымдылығын бағалау;
3) еңбек сыйымдылығының түзету коэффициенттерінің мәндерін анықтау;
4) ПБӨ әзірлеудің еңбек сыйымдылығын есептеу;
5) ПБӨ әзірлеу мерзімін бағалау;
6) ПБӨ әзірлеу мерзімін қысқарту кезінде еңбек сыйымдылығын түзету;
7) ПБӨ әзірлеу шығындарын бағалау.
2. ПБӨ функционалдық мөлшерін бағалау реинжиниринг процесінде қалыптасқан базалық параметрлер негізінде жүргізіледі және бес элементтен тұратын жиынтықпен айқындалады:
1) пайдалану жағдайларының саны (Use Case) – C;
2) объектілер (бизнес-объектілер) типтерінің саны (Entity) – Е;
3) нысан типтерінің қасиеттерінің саны (Tool) – Т;
4) нысан түрлері арасындағы өзара әрекеттесу саны (Interaction) – I;
5) түйін түрлерінің саны (Node) – N.
ПБӨ функционалдық мөлшері белгіленеді – SIZE = {C, E, T, I, N}.
3. Әрбір даму процесінің негізгі еңбек сыйымдылығы сәйкесінше функционалдық өлшем бірліктерінің және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің мәндерінің көбейтінділерінің қосындысы ретінде есептеледі.
j нөмірі бар әзірлеу процесінің Sj негізгі еңбек сыйымдылығы келесі формула бойынша есептеледі:
Sj=1/165·[C*Sj(C)+E*Sj(E)+T*Sj(T)+I*Sj(I)+N*Sj(N)], (1)
мұндағы:
Sj - j нөмірлі әзірлеу процесінің еңбек сыйымдылығы [адам-ай], мұндағы j – әзірлеу процесінің нөмірі (мәндері 1-ден 6-ға дейін) (мәндер "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу құнын есептеу әдістемесіне 1-кестеде көрсетілген (бұдан әрі – Әдістеме));
Sj(C) - j=1,2,...,6 {[адам-сағат]/[пайдалану жағдайы] нөмірі бар әзірлеу процесінде бір пайдалану жағдайын іске асырудың еңбек сыйымдылығының көрсеткіші};
Sj(E) - j=1,2,...,6 {[адам-сағат]/[нысан түрі]} нөмірі бар әзірлеу процесінде объектілердің бір түрін іске асырудың еңбек сыйымдылығының көрсеткіші;
Sj(T) - j=1,2,...,6 {[адам-сағат]/[объект түрінің қасиеті]} нөмірі бар әзірлеу процесінде объект типінің бір қасиетін іске асырудың еңбек сыйымдылығының көрсеткіші;
Sj(I) - j=1,2,...,6 {[адам-сағат]/[объект түрлері арасындағы өзара әрекеттесу]} нөмірі бар әзірлеу процесінде объектілердің типтері арасындағы бір өзара әрекеттесуді жүзеге асырудың еңбек сыйымдылығының көрсеткіші;
Sj(N) - j=1,2,...,6 {[адам-сағат] / [түйін]} нөмірі бар әзірлеу процесінде түйіннің бір түрін іске асырудың еңбек сыйымдылығының көрсеткіші;
165 - бір адам-айдағы адам-сағат саны.
4. ПБӨ әзірлеудің негізгі еңбек сыйымдылығын бағалау ПБӨ-ға қойылатын техникалық талаптар мен пайдаланушылар санының талаптарын қамтымайтын пайдаланушының функционалдық талаптарын іске асырудың еңбек сыйымдылығын анықтайды. Бұл талаптардың әсері есептеу кезінде түзету коэффициенттері арқылы ескеріледі. ПБӨ әзірлеу процестерінің еңбек сыйымдылығының түзету коэффициенттері (1)-(3) формулалар бойынша ПБӨ әзірлеу мен сүйемелдеудің жеке түзету коэффициенттері арқылы анықталады, есептеледі:
1) КП1=К7; (1)
2) КП2=К1·К2·К3·К4·К5·К6·К7; (2)
3) КП3=К1·К7. (3).
5. ПБӨ әзірлеудің еңбек сыйымдылығының жеке түзету коэффициенттері Әдістемеге 2-кестеде келтірілген.
6. ПБӨ әзірлеудің еңбек сыйымдылығының түзету коэффициенттері негізінде еңбек сыйымдылығын есептеу келесі формула бойынша жасалады (4):
S=КП1*S1+КП2*S2+КП2*S3+КП2*S4+КП2*S5+КП3*S6, (4)
мұндағы:
S - адам-айларда ПБӨ әзірлеу процесінің түзетілген еңбек сыйымдылығы;
Sj - адам-айлардағы j нөмірімен әзірлеу процесінің негізгі еңбек сыйымдылығы;
КПj - j нөмірімен әзірлеу процесінің еңбек сыйымдылығын түзету коэффициенті
7. ПБӨ әзірлеу мерзімін айқындау үшін 6-тармақта алынған S мәні (ПБӨ құрудың еңбек сыйымдылығы) бойынша Әдістемеге 3-кестеде ұсынылған деректерге сәйкес ПБӨ әзірлеу айларының ең төменгі және ең жоғары санын табу қажет.
ПБӨ әзірлеу айлары санының ең төменгі және ең жоғары мәндері бойынша айқындалған орташа арифметикалық мән ПБӨ әзірлеу мерзімінің бағасы болып табылады және R деп белгіленеді.
8. ПБӨ әзірлеу құнын анықтау инженер-бағдарламашының бір адам-айының орташа құнын және ПБӨ әзірлеудің еңбек сыйымдылығын есептеуге негізделген.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған (http://stat.gov.kz) "Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу" статистикалық бюллетеніне "Инженер-бағдарламашы" мамандығы бойынша соңғы аяқталған жылдағы барлық салалар бойынша орташа жалақыны анықтаймыз – Зо cp. Бұдан әрі алдыңғы үш жыл ішінде инфляцияның орташа мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның тарихи деректері бойынша соңғы аяқталған үш жылдың орташа арифметикалық мәні ретінде анықтаймыз - Иcp.
(5) формула бойынша цифрландыру саласындағы жобаны іске асыру жылдарының орташа санын анықтаймыз:
Гср=[R/12] +1, (5)
мұндағы:
Гср - цифландыру саласындағы жобаны іске асыру жылдарының орташа саны;
квадрат жақшалар санның бүтін бөлігін білдіреді;
R - цифрландыру саласындағы жобаны іске асыру мерзімі айлармен (бұрын 7-тармақ бойынша айқындалған).
Іске асырудың әрбір жылы үшін i (6) формула бойынша Зicp орташа айлық номиналды жалақысын анықтаймыз:
Зicp= Зi-1cp * Иср/100, (6)
мұндағы:
Зicp - орташа айлық номиналды жалақы;
i 1 ден Гср-ге дейін өзгереді;
Иср - инфляцияның орташа мөлшері;
(7) формула бойынша іске асыру жылдары бойынша ПБӨ әзірлеудің еңбек сыйымдылығын анықтаймыз:
Si = S/Гср, (7)
мұндағы i 1 ден Гср-ге дейін өзгереді.
ПБӨ әзірлеуге арналған жұмыстардың құны (8) формула бойынша жүргізіледі:

Сиспыт - ПБӨ сынақтарының құны.
9. ПБӨ-ның сүйемелдеуімен ПБӨ-ның мақсатына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ПБӨ-ны пайдалануды қамтамасыз ету, оған ПБӨ-ға түзетулер, модификациялар жүргізу және ақауларды жою жөніндегі іс-шаралар, жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырусыз және оның тұтастығы сақталған жағдайда түсініледі.
10. ПБӨ сүйемелдеу есебі бір жыл ішінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Сспп = Ссппо+ Ссто+Слпо (9)
Сспп – ПБӨ-ні сүйемелдеу құны (жалдау);
Ссто – ПБӨ-ге жүйелік-техникалық қызмет көрсету құны;
Слпо – лицензиялық бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау құны.
11. Бір жыл ішінде ПБӨ сүйемелдеу құны- Ссппп формула бойынша ПБӨ құру құнынан анықталады:
Ссппп = Сппп*N*K1*K7 (10)
мұндағы:
Ссппп – ПБӨ-ні сүйемелдеу құны;
N – ПБӨ-ні сүйемелдеудің еңбек сыйымдылығы коэффициенті Әдістемеге 4-кестеге сәйкес айқындалады.
1-кесте
Функционалдық бірліктер бөлінісіндегі процестер бойынша еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері
№ | Процестің атауы | Функционалдық өлшем бірлігі | ||||
пайдалану нұсқасы | объект типі | объект типінің қасиеттері | объектілер арасындағы өзара қарым-қатынас қасиеттері | торап типі | ||
Еңбек сыйымдылығы, адам-сағат | ||||||
1 | Бизнес-модельдеу | 32,12 | 28,33 | 0,00 | 14,15 | 0,00 |
2 | Талаптарды басқару | 58,03 | 28,04 | 0,00 | 20,32 | 0,00 |
3 | Жобалау | 45,42 | 61,75 | 31,35 | 37,52 | 24,02 |
4 | Әзірлеу | 31,57 | 81,51 | 50,72 | 36,11 | 0,00 |
5 | Тестілеу | 88,96 | 0,00 | 0,00 | 0,00 | 0,00 |
6 | Ендіру | 8,69 | 0,00 | 0,00 | 0,00 | 23,74 |
2-кесте
ПБӨ әзірлеудің еңбек сыйымдылығының жеке түзету коэффициенттері
№ | Жеке түзету коэффициентінің факторы және белгіленуі | Жеке түзету коэффициенті факторының сипаттамасы | Мәні | |
1 | К1 ПБӨ Масштабы | орташа ПБӨ (қолданыста болу циклі ұзақ, ірі жүйелерге дейін өсу мүмкіндігі бар 11-ден 100-ге дейін пайдаланушы) | 1 | |
ірі ПБӨ (қолданыста болу циклі ұзақ және мұрагерлік жүйелерді көшіруді көздейтін 101-ден 1000-ға дейін пайдаланушы) | 1,05 | |||
аса ірі ПБӨ (1000-нан астам пайдаланушы) | 1,08 | |||
2 | К2 санкцияланбаған кіруден қорғау | ПБӨ сыныбы – 1 | 1,05 | |
ПБӨ сыныбы – 2 | 1 | |||
ПБӨ сыныбы – 3 | 0,98 | |||
3 |
| ПБӨ – 1 сынабы | 1, 03 | |
ПБӨ – 2 сынабы | 1 | |||
ПБӨ – 3 сынабы | 0,97 | |||
4 | К4 операцияларының бақылау ізі | ПБӨ – 1 сынабы | 1 | |
ПБӨ – 2 сынабы | 1,08 | |||
ПБӨ – 3 сынабы | 1,13 | |||
5 | К5 Ақауларға төзімділік | ПБӨ – 1 сынабы | 1,15 | |
ПБӨ – 2 сынабы | 1 | |||
ПБӨ – 3 сынабы | 0,92 | |||
6 | К6 Қалпына келтіру | ПБӨ – 1 сынабы | 1,12 | |
ПБӨ – 2 сынабы | 1 | |||
ПБӨ – 3 сынабы | 0,98 | |||
7 | К7 ПБӨ маңыздылығы | ПБӨ – 1 сынабы | 1,16 | |
ПБӨ – 2 сынабы | 1,13 | |||
ПБӨ – 3 сынабы | 1 |
3-кесте
Әзірлеу мерзімінің еңбек сыйымдылығына тәуелділігі
№ | ПБӨ әзірлеу мерзімі | Еңбек сыйымдылығы (адам-ай) |
1 | 1 ай | 5 - 30 |
2 | 2 ай | 10 - 80 |
3 | 3 ай | 17 - 140 |
4 | 4 ай | 26 - 210 |
5 | 5 ай | 37 - 280 |
6 | 6 ай | 50 - 340 |
4-кесте
ПБӨ-ні сүйемелдеудің еңбек сыйымдылығының коэффициенті
№ | Көрсеткіштің атауы | Белгілеу | Норматив |
1 | ПБӨ сүйемелдеудің еңбек сыйымдылығының коэффициенті | N | 15 % |
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 5-қосымша |
Платформалық бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың ерекшелігі
1. Жалпы бөлім
1) Платформалық бағдарламалық өнімнің (бұдан әрі – ПБӨ) атауы, оның ішінде:
дербес және өзіндік болып табылатыны;
өзге ПБӨ-нің немесе цифрлық объектінің компоненті болып табылатыны көрсетіледі;
2) ПБӨ тапсырыс берушісі мен әзірлеушісінің атауы және деректемелері;
3) ПБӨ-нің мақсаты, құру мақсаттары және функциялары;
4) ПБӨ құру мерзімдері;
5) олардың негізігінде ПБӨ жасалатын құжаттардың тізбесі және деректемелері;
7) анықтамалар, қысқартулар, аббревиатуралар көрсетіледі.
2. Мемлекеттік функцияларды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды іске асыратын ПБӨ сипаттамалары
1) автоматтандыруға жататын бизнес-процестің негізгі технологиялық сипаттамалары келтірілген қысқаша сипаттамасы;
2) ПБӨ пайдаланушыларының рөлдері және олардың саны;
3) деректер көздері мен қажетті интеграциялар көрсетіле отырып, процестер мен кіші процестердің кіріс/шығыс ақпаратының/деректерінің сипаттамасы;
4) қол жеткізу арналарының сипаттамасы;
5) бизнес-процестің орындалуының негізгі көрсеткіштері мен метрикаларының сипаттамасы;
6) ПБӨ-нің өз мақсатына сәйкестік дәрежесін сипаттайтын параметрлер;
7) Сыныптауышқа сәйкес қолданбалы бағдарламалық қамтылымды сыныптау схемасы бойынша есептелген ПБӨ сыныбы;
8) ақпараттың маңыздылық санаты (жалпыға қолжетімді цифрлық деректер мен жазбалар, құпия цифрлық деректер немесе жазбалар (заңнамаға сәйкес не иесі айқындаған), қолжетімділігі шектелген дербес деректер;
9) ПБӨ ауқымы: объектілік, жергілікті, ведомстволық, ведомствоаралық, республикалық;
10) ПБӨ қуаты (шекті жүктемесі) қатар жұмыс істейтін пайдаланушылар саны және (немесе) сағатына транзакциялар саны;
11) жауап беру уақыты/кідіріс;
12) байланыс арналарының өткізу қабілеті (Интернет, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы, құпия мемлекеттік органдар жергілікті желісі, пайдаланушылардың жергілікті желісі);
13) ПБӨ-нің жұмыс істеу режимі.
3. ПБӨ архитектурасы
1) ПБӨ архитектурасының схемасы және оның логикалық компоненттерінің қысқаша сипаттамасы;
2) ПБӨ архитектурасының түрі (монолиттік, сервиске бағдарланған, оқиғаға бағдарланған, микросервистік, клиент-серверлік);
3) өрістету тәсілі ("цифрлық үкіметтің" цифрлық платоформа жергілікті желісінің ішкі контуры, "цифрлық үкіметтің" цифрлық платоформа жергілікті желісінің сыртқы контуры);
4) деректерді сақтау және SDU-мен өзара іс-қимыл архитектурасы (орталықтандырылған, бөлінген, параллель, аралас);
5) ПБӨ архитектурасы компоненттері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл архитектурасы;
6) қолданылатын сервистер мен бағдарламалық қамтылымның тізбесі (жүйелік және мамандандырылған);
7) лингвистикалық қолдауға қойылатын талаптар (интерфейс тілі, сақталатын деректер тілі);
8) ПБӨ-нің өзге ПБӨ-лермен немесе ақпараттандыру объектілерімен интеграциялық өзара іс-қимылдарының тізбесі және тәсілі;
9) қажет болған жағдайда қамтамасыз етудің өзге де түрлері (математикалық, әдістемелік, метрологиялық, ұйымдастырушылық).
4. ПБӨ-ге қойылатын талаптар
1) ПБӨ құрылымының сипаттамасы;
кіші жүйелердің/модульдердің тізбесі (бар болса) және олардың мақсаты;
5. Функционалдық талаптар
1) кіші жүйеге/модульге қойылатын функционалдық талаптарды құжаттау пайдалану сценарийлері (Use Case) арқылы жүзеге асырылады, олар тақырыпты, қатысушылар тізбесін, алдын ала шарттарды, триггерді, нәтижені, негізгі сценарийдің сипаттамасын, қажет болған жағдайда балама сценарийлердің сипаттамасын қамтиды;
2) деректер көздерін, мәндерін, өлшем бірліктерін, уақыт параметрлерін, жол берілетін кіріс деректерінің диапазондарын қоса алғанда, кіріс ақпаратының тізбесі;
3) шығыс ақпаратын ұсыну нысанына қойылатын талаптар (шығыс нысандары мен есептердің шаблондары/макеттері), сондай-ақ кіріс ақпаратын шығыс ақпаратқа түрлендіру алгоритмдері: теңдеулер, математикалық алгоритмдер, логикалық операциялар);
4) кіріс деректерінің дұрыстығын бақылау тәсілдері, авариялық жағдайларға әрекет ету тәртібі, үзілген немесе аяқталмаған операцияларға қойылатын талаптар, шығыс деректерінің дұрыстығын бақылау тәсілдері.
6. Функционалдық емес талаптар
1) ПБӨ-нің 1, 2, 3-сыныптарының пайдаланушыларын сәйкестендіруді және аутентификациялауды, оның ішінде цифрлық сертификаттарды пайдалана отырып көп факторлы аутентификация арқылы қамтамасыз ететін сыныпқа сәйкес киберқауіпсіздік талаптары;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін қызмет алушыларды аутентификациялаудың мынадай тәсілдері пайдаланылады: логин/пароль, логин/пароль + ЭЦҚ немесе логин/пароль + бір реттік пароль.
Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қызмет алушыны аутентификациялау тәсілін таңдау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі № 226/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38648 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Көрсетілетін қызметті алушыны аутентификациялау тәсілін айқындау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сыныптау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
3) қол жеткізуді басқару;
4) таратылатуы шектелген қызметтік ақпаратты, құпия электрондық ақпараттық ресурстарды және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды параметрлері Қазақстан Республикасының СТ РК 1073-2025 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар" стандартына сәйкес келетін ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (бағдарламалық немесе аппараттық) пайдалана отырып криптографиялық қорғау:
бірінші сыныптағы ПБӨ үшін – қауіпсіздіктің үшінші деңгейі;
екінші сыныптағы ПБӨ үшін – қауіпсіздіктің екінші деңгейі;
үшінші сыныптағы ПБӨ үшін – қауіпсіздіктің бірінші деңгейі;
5) ПБӨ үшін қолжетімділік және ақауларға төзімділік:
бірінші сынып үшін – резервтік серверлік үй-жайда деректерді өңдеудің аппараттық-бағдарламалық құралдарын, деректерді сақтау жүйелерін, деректерді сақтау желілері компоненттерін және деректерді беру арналарын жүктемелі (ыстық) резервтеу;
екінші сынып үшін – резервтік серверлік үй-жайда деректерді өңдеудің аппараттық-бағдарламалық құралдарын, деректерді сақтау жүйелерін, деректерді сақтау желілері компоненттерін және деректерді беру арналарын жүктемесіз (суық) резервтеу;
үшінші сынып үшін – негізгі серверлік үй-жайға тікелей жақын қоймада деректерді өңдеудің аппараттық-бағдарламалық құралдарын, деректерді сақтау жүйелерін, деректерді сақтау желілері компоненттерін және деректерді беру арналарын сақтау;
6) ПБӨ-ні киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғау және қауіпсіз жұмыс істеу мониторингі жүйесіне қосу;
7) мемлекеттік техникалық қызметтің сұрауы бойынша ПБӨ киберқауіпсіздігі оқиғаларын журналдау жүйелерін Ұлттық киберқауіпсіздікті үйлестіру орталығының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесінің техникалық құралдарына қосу;
8) киберқауіпсіздік жай-күйіне байланысты оқиғаларды оқиғалар журналдарында, оның ішінде операциялық жүйелерде, дерекқорларды басқару жүйелерінде, қолданбалы БҚ-да тіркеу;
9) оқиғаларды тіркеу журналдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17019 болып тіркелген) "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері мен аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған форматтар мен жазба түрлеріне сәйкес жүргізіледі;
10) оқиғаларды тіркеу журналдарының уақытын уақыт көзі инфрақұрылымымен синхрондау;
11) оқиғаларды тіркеу журналдарын кемінде үш жыл, ал жедел қолжетімділікте кемінде екі ай сақтау;
12) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №39199 болып тіркелген) "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес цифрландырудың өзге объектілерімен интеграциялау;
13) Цифрлық кодекстің 55-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеруді жүзеге асыру;
14) цифрлық объектілердің немесе цифрландыру объектілері компоненттерінің интеграциялық өзара іс-қимыл функцияларын шлюз, интеграциялық шина, интеграциялық компонент немесе интеграциялық модуль арқылы іске асыру, оның ішінде:
сұрау салу көздерін, яғни қосылу нүктелерін, заңдылық тұрғысынан тіркеу және тексеру;
сұрау салулардың заңдылығын пароль немесе ЭЦҚ бойынша, қосылу нүктесі бойынша, қосылысты бұғаттаудың болуына, интеграциялық өзара іс-қимыл регламентінде айқындалған рұқсат етілген сұрау түрлеріне, сұрау жиілігіне, киберқауіпсіздікті бұзу белгілерінің болуына, сигнатуралар бойынша зиянды кодтың болуына қарай тексеру;
хабарламалар алмасу хаттамаларында бұзушылықтар анықталған кезде, интеграциялық өзара іс-қимыл регламентінде айқындалған уақыт ішінде қосылыс болмаған кезде, рұқсат етілген сұрау жиілігі асып кеткен кезде, ақпараттық қауіпсіздік бұзу белгілері болған кезде, аутентификация қателерінің саны асып кеткен кезде, пайдаланушылардың аномалды белсенділігі анықталған кезде, деректер массивтерін түсіру әрекеттері анықталған кезде қосылысты бұғаттау;
интеграциялық өзара іс-қимыл регламентінде айқындалған рұқсат етілген сұрау салу жиілігінің асып кетуіне, интеграциялық өзара іс-қимыл регламентінде айқындалған аутентификация қателерінің санының асып кетуіне байланысты қосылысты осы регламентте айқындалған уақытқа бұғаттау;
киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде қосылу логинін ауыстыру;
мемлекеттік органның ішкі контуры жергілікті желісінің адрестелуін жасыру;
оқиғаларды журналдау, оның ішінде ақпараттық хабарламаларды беру/қабылдау оқиғаларын тіркеу, файлдарды беру/алу оқиғаларын тіркеу, қызметтік хабарламаларды беру/алу оқиғаларын тіркеу, оқиғалар журналдарын мониторингтеу үшін киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен оқиғаларын басқару жүйесін қолдану, оқиғалар журналдарын ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының болуына талдау рәсімдерін автоматтандыру, оқиғалар журналдарын әкімшілерге тек қарау үшін қолжетімді мамандандырылған оқиғалар журналдары серверінде сақтау;
ағымдағы тәулік, қосылыс (байланыс арнасы) мемлекеттік орган немесе (заңды тұлға) интеграцияланатын цифрлық объектілер бойынша оқиғалар журналдарын (қажет болған жағдайда) бөлек жүргізу;
интеграцияланатын цифрлық объектілер үшін уақытты синхрондау сервисін ұсыну;
деректерді беру желілері арқылы жүзеге асырылатын қосылыстарды бағдарламалық-аппараттық криптографиялық қорғау;
қосылу парольдерін шифрланған түрде сақтау және беру;
интеграцияланатын ақпараттандыру объектілерінің жауапты тұлғаларын киберқауіпсіздік инциденттері туралы хабардар етуді автоматтандыру;
Интернет арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыратын ПБӨ-ні "цифрлық үкімет" платформасының сыртқы контуры жергілікті желісінің бөлінген сегментінде орналастыру және ішкі контурдың жергілікті желісінде орналастырылған объектілермен өзара іс-қимылды цифрлық үкіметтің сыртқы шлюз арқылы немесе экрандалған кіші желіні қолдану арқылы жүзеге асыру.
7. Деректердің құрамына, құрылымына және ұйымдастыру тәсілдеріне қойылатын талаптар (деректер қорының схема).
8. Пайдаланушы интерфейсіне қойылатын талаптар (пайдаланушы интерфейсінің шаблондары).
9. Сервистік қызмет көрсетуге және сүйемелдеуге қойылатын талаптар (SLA метрикалары).
10. Библиография.
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 6-қосымша |
"Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісінің профилі
1. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің атауы
2. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің иесі
3. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің мәртебесі (тәжірибелік пайдалану, өнеркәсіптік пайдалану)
4. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісі серверлерінің ағымдағы орналасқан жері
5. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісі архитектурасының сызбасы мен сипаттамасы
6. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің желілік инфрақұрылымының сызбасы мен сипаттамасы
7. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданбалы бағдарламалық қамтылымның құрылымы (компоненттері) және компоненттер арасындағы өзара іс-қимыл тәсілдері
8. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданылатын жүйелік және базалық бағдарламалық қамтылымның құрамы мен нұсқалары
9. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің техникалық құралдарының тізбесі
10. Қолданылатын технологиялық стек туралы мәліметтер
11. Өзге цифрлық объектілер іске асырған және жоспарлаған интеграциялық өзара іс-қимылдар тізбесі, интеграциялық өзара іс-қимылдарды іске асыру тәсілі
12. Жүктеме сипаттамаларына қойылатын талаптар
13. Қол жетімділікке қойылатын талаптар
14. Ақауларға төзімділікке қойылатын талаптар
15. Регламенттік жұмыстарды жүргізу кезеңі
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 7-қосымша |
Цифрлық қызмет құнын есептеу үшін оператор шығындарын бөлу
Шығындардың атауы | Тура | Жанама |
Өзіндік құн | + | + |
Қорлар | + | + |
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу | + | + |
Еңбекке ақы төлеуден аударымдар | + | + |
Материалдық емес активтердің амортизациясы | + | + |
Негізгі құралдардың тозуы | + | + |
Операциялық жүйе мен материалдық емес активтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу | + | + |
Көлік қызметтері бойынша шығыстар | - | + |
Байланыс қызметтері бойынша шығыстар | + | + |
Консультациялық шығыстар | - | + |
Цифрлық қызметтер | - | + |
Іссапар шығыстары | + | + |
Өкілдік шығыстар | - | + |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шығындар | + | + |
Әлеуметтік бағдарлама бойынша шығыстар | + | + |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | + | + |
Өзге де шығыстар | + | + |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | - | + |
Қорлар | - | + |
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу | - | + |
Еңбекке ақы төлеуден аударымдар | - | + |
Материалдық емес активтердің амортизациясы | - | + |
Негізгі құралдардың тозуы | - | + |
Операциялық жүйе мен материалдық емес активтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу | - | + |
Көлік қызметтері бойынша шығыстар | - | + |
Байланыс қызметтері бойынша шығыстар | - | + |
Консультациялық шығыстар | - | + |
Аудиторлық шығыстар | - | + |
Цифрлық қызметтер | - | + |
Іссапар шығыстары | - | + |
Өкілдік шығыстар | - | + |
Қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетуге байланысты шығыстар | - | + |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша шығындар | - | + |
Әлеуметтік бағдарлама бойынша шығыстар | - | + |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер | - | + |
Директорлар кеңесін ұстауға арналған шығыстар | - | + |
Өзге де шығыстар | - | + |
Активтердің істен шығуынан болған шығыстар | - | + |
Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар | - | + |
Бағамдық айырма бойынша шығыстар | - | + |
Қаржыландыруға арналған шығыстар | + | + |
Өзге де шығыстар | + | + |
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар | + | + |
| "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына 8-қосымша |
Капиталдың орташа өлшенген құнының көрсеткішін (WACC) есептеу
WACCUSD = Rd * Wd * (1-T) + Re * We,
мұндағы:
Rd (Cost of Debt) – қарыз қаражатын тарту құны
Wd – қарыз қаражатының нарықтық үлесі (D/(E+D),%)
T (Tax Rate,%) – пайдаға салынатын салық ставкасы
Re (Cost of Equity) – меншікті капиталдың құны
We – меншікті қаражаттың нарықтық үлесі (Е/(E+D),%)
Қарыз капиталының құнын анықтау (Rd)
Қарыз капиталының құны (Cost of Debt) оператордың қолда бар несиелері бойынша мөлшерлемелер деңгейінде қабылданады (егер олар нарықтық шарттарда алынған болса).
Меншікті капиталдың нарықтық үлесін (We) және қарыз қаражаттарының нарықтық үлесін анықтау (Wd).
Дисконттау мөлшерлемесі оператордың капитал құрылымына және оператордың активті сатып алуды қаржыландыру тәсіліне байланысты емес, өйткені активтен күтілетін болашақ ақша легі активті сатып алу қалай қаржыландырылатынына байланысты емес.
Меншікті (E/(E +D)) және қарыз (D /(E +D)) қорларының үлесін анықтау үшін бес жылдық кезеңдегі ең толық мәліметтер базасын пайдалана отырып, Статистикалық анықтамалықтардың мәліметтерінен сала үшін салалық орташа мәндер қолданылады.
Маңызды: деректер есептеу үшін пайдаланылған ұқсас көрсеткіштерге сәйкес келуі керек вlev (бета коэффициенті) (бұдан әрі - – b lev).
Меншікті капиталдың құнын анықтау (Re)
Меншікті капиталдың құнын есептеу кезінде САРМ (Capital Asset) қолдану ұсынылады Pricing Model) – оператордың қызметіне байланысты тәуекелдерді неғұрлым дәл көрсетуге мүмкіндік беретін күрделі активтерді бағалаудың модификацияланған моделі (бұдан әрі – САРМ). Бұл ретте Қазақстан Республикасында дамыған қор нарығының болмауына байланысты АҚШ нарығының деректері неғұрлым дамыған және өкілді ретінде пайдаланылады.
Меншікті капиталдың құнын есептеу формула бойынша жүзеге асырылады:
Re = Rf +
b lev * (Rm – Rf) + S1 + S2 + S3, мұндағы
Re – кірістің күтілетін мөлшерлемесі (меншікті капиталға)
Rf – тәуекелсіз мөлшерлеме (АҚШ-та)
b lev – бета коэффициенті
Rm – Rf – акционерлік капиталға инвестициялау тәуекелі үшін нарықтық сыйлықақы (АҚШ-та)
S1 – АҚШ-пен салыстырғанда елдік тәуекел үшін сыйлықақы
S2 – шағын көлемді сыйлықақы (компания мөлшері)
S3 – спецификалық тәуекел үшін сыйлықақы
Меншікті капиталдың құнын анықтау (Re)
Тәуекелсіз мөлшерлемені анықтау (Rf)
Тәуекелсіз мөлшерлеме ретінде өтеу мерзімі кәсіпорынның қызмет ету мерзіміне тең, инвестициялық рейтингі жоғары елдің ұзақ мерзімді мемлекеттік облигациялары бойынша кірістілік нормасы пайдаланылады.
Бета коэффициентін анықтау (b)
Бета қарыздың меншікті капиталға қатынасын ескере отырып
b lev келесі формула бойынша есептеледі:
b lev = u * [1+ (1-t) x (D/E)], мұндағы
b lev – қаржылық тәуекелді ескере отырып, бета коэффициенті
u – қаржылық тәуекелді есепке алмағандағы бета коэффициенті (салыстырылатын компаниялар бойынша бета коэффициентінің медианалық мәні); есептелген сала үшін осы коэффициенттің салалық орташа мәндері NewYorkUniversity'sSchoolofBusiness (Damodaranon-line) немесе анықтамалықтар деректерінің IbbotsonAssociates, SBBI Yearbook бес жылдық кезеңдегі неғұрлым толық базаны қолдана отырып пайдаланылады
t – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес нормативтік салық ставкасы
D/E – меншікті және қарыз қаражаттарының арақатынасының салалық орташа көрсеткіші (мысалы, Bloomberg қаржы-талдау агенттігінің немесе сайттың мәліметтері бойынша Дамодаран)
Маңызды: мәндер үшін ВИ. D/E дамушы нарықтар үшін салалық көрсеткіштер қолданылады.
Rm анықтамасы
Rm – Тұтастай алғанда АҚШ-тың акциялар нарығының ұзақ мерзімді кірістілігі (нарықтық портфельдің кем дегенде 40 жылдағы тарихи кірістілігі). Ұсынылатын деректер көздері: Статистикалық анықтамалықтар Асвата Дамодарана (http://www.Damodaran.com), Компанияның статистикалық анықтамалықтары IbbotsonAssociates, SBBI Yearbook.
Елдік тәуекел үшін сыйлықақыны анықтау (S1)
Елдік тәуекел үшін сыйлықақы доллармен көрсетілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары бойынша кірістілік пен тәуекелсіз активтің кірістілігі (АҚШ-тың тәуекелсіз мөлшерлемесі) арасындағы ағымдағы айырма ретінде есептеледі.
Шағын капиталдандыру сыйлықақысының анықтамасы (S2)
Көрсеткіш АҚШ-тың қор нарығындағы инвестициялар бойынша орташа тарихи кірістер мен оның капиталдандырылуына байланысты компаниялардың іскерлік инвестициялары арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Тәуекелдің спецификалық сыйақысының анықтамасы S3. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның спецификалық тәуекеліне әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
1) негізгі қызметкерлерге тәуелділік;
2) корпоративтік басқарудың сапасы;
3) қызметтердің негізгі тұтынушыларына тәуелділік;
4) негізгі жеткізушілерге тәуелділік.
Тәуекелдің спецификалық сыйақысын есептеу үшін келесі алгоритм қолданылады:
1) 1-кестеге сәйкес шартты балл қоя отырып, жоғарыда аталған факторлардың әрқайсысы үшін тәуекел дәрежесін анықтау;
2) барлық факторлар бойынша жиынтық тәуекел негізінде кәсіпорынның нақты тәуекелінің мәні барлық ұпайларды қосып, алынған соманы 4-ке бөлу арқылы анықталады (тәуекел факторларының саны);
3) балдардағы спецификалық тәуекелдің алынған мәніне байланысты 2-кестеге сәйкес спецификалық тәуекел үшін сыйлықақы тағайындалады.
| 1-кесте |
Тәуекел дәрежесін анықтау алгоритмі
Тәуекел факторы | Тәуекел дәрежесі | ||
Төмен балл | Орташа балл | Жоғары балл | |
Негізгі қызметкерлерге тәуелділік | 1 | 2 | 3 |
Корпоративтік басқарудың сапасы | 1 | 2 | 3 |
Қызметтердің негізгі тұтынушыларына тәуелділік | 1 | 2 | 3 |
Негізгі жеткізушілерге тәуелділік | 1 | 2 | 3 |
| 2-кесте |
Спецификалық тәуекел үшін сыйлықақыны есептеу алгоритмі
Тәуекел дәрежесі | Есептелген мән | Сыйлықақының мөлшері, % |
Төмен |
1,5 | 0-0,5 |
Орташа |
2,25 | 1-1,5 |
Жоғары |
3 | 2-3 |
Теңгемен ақша ағындары үшін, формулаға сәйкес теңгемен инвестициялау үшін WACCUSD дисконттау мөлшерлемесін аудару керек:
WACCKZT = (1+WACCUSD) * 1+ rcur /1+ rusd - 1,
қайда
WACCKZT – ақша ағындарының қорытынды валютасындағы инвестициялар үшін дисконттау мөлшерлемесі (теңге);
WACCUSD - АҚШ долларындағы инвестициялар үшін дисконттау мөлшерлемесі;
rcur – Қазақстан Республикасындағы ұзақ мерзімді инфляция;
rusd – АҚШ-тағы ұзақ мерзімді инфляция.