"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 тамыздағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39528 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33485 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;";

      5-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері негізінде;";

      мынадай мазмұндағы жаңа 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде қабылданады.";

      6-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 5-тармағы 2) және 5) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі уәкілетті органды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 4) және 5) тармақшалары бойынша бірлескен шешімді уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасауға бастамашылық жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.";

      бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 4) және 5) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жүргізуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде оны өткізу мерзімін ауыстыру мүмкіндігімен бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін оның бастамашысына ұсынады.

      Бас тарту себептері ауыстырылған мерзімге дейін жойылған жағдайда уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді қайта бастамашылық жасауға құқылы.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін уәкілетті органның лауазымды адамдары туралы;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау уәкілетті органмен 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ол сыртқы талдау объектісінде болған жағдайда, Қоғамдық кеңес мүшелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті органның функциялары:";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес уәкілетті орган талдамалық анықтама жасай отырып, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау;";

      13-тармақта:

      мынадай мазмұндағы жаңа 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның қызметі;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;

      12) әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда орналастырылған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органға келіп түскен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты қамтитын материалдар.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында уәкілетті орган заңнаманы бұзушылықтар не қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау белгілері байқалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама (бұдан әрі – талдамалық анықтама) дайындайды.

      17. Талдамалық анықтама танысу және ескертулер ұсыну үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне жіберіледі.

      Ескертулер болған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі талдамалық анықтаманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган келіп түскен ескертулерді қарайды және негіздер болған кезде талдамалық анықтамаға тиісті өзгерістер енгізеді.

      Белгіленген мерзімде ескертулер ұсынылмаған жағдайда талдамалық анықтама келісілген болып есептеледі.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің ескертулерімен келіспеген жағдайда уәкілетті орган талдамалық анықтаманы негізделген бас тартуымен бірге келісу үшін оның жоғары тұрған органына жібереді, ал ондай орган болмаған жағдайда талдамалық анықтаманы уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің қарауына шығарады.

      Жүргізілген келісу қорытындысы бойыша талдамалық анықтамаға уәкілетті орган қол қояды.";

      20-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісін уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы жаңа төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптік жауаптылықта болады.".

      21 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылған күннен бастап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауына тоқсан сайын мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазықбай

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2026 жылғы 7 тамыздағы
№ 142 бұйрығына
1 қосымша
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Бекітемін
________________
(сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
сыртқы талдау объектісі басшысының
лауазымының атауы, тегі, аты-жөні)
________________________________
(сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
сыртқы талдау объектісі басшысының қолы)
20__ жылғы "____" ___________

Бекітемін
________________
(уәкілетті орган басшысының
тегі, аты-жөні, лауазымының атауы)
________________________________
(уәкілетті орган басшысының қолы)
20__ жылғы "____" ___________

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын бағыттар

ТІЗІЛІМІ

№ п/п

Бағыттар тізбесі

Негіздеме

Қажет

Қажет

1.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер



2.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметі



2.1.

Персоналды басқару



2.2.

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның қызметі



2.3.

Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу



2.4.

Мемлекеттік қызметтер көрсету



2.5.

Рұқсат беру функцияларын орындау



2.6.

Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру



2.7.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану



2.8.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (негіздемемен)



  Бұйрығына 2 қосымша
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы:

      ______________________________________

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі: _______

      Талдамалық анықтамаға қол қойылған күн:_________________________________

№ р/с

Ұсыным

Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау формасы

Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етке себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер

1.






О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 сентября 2023 года № 307 "Об утверждении Правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 7 августа 2026 года № 142. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2026 года № 39528

      Примечание ИЗПИ
      Вводится в действие с 13.08.2026 г.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 29 сентября 2023 года № 307 "Об утверждении Правил проведения внешнего анализа коррупционных рисков" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33485) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения внешнего анализа коррупционных рисков, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) уполномоченный орган по антикоррупционной политике (далее – уполномоченный орган) – центральный государственный орган, осуществляющий формирование и реализацию антикоррупционной политики Республики Казахстан, координацию в сфере противодействия коррупции, в вопросах минимизации и устранения причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, и его территориальные подразделения;";

      в подпункт 4) пункта 5 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 5 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) результатов внутреннего анализа коррупционных рисков.";

      в пункте 6:

      части вторую и третью изложить в следующей редакции:

      "По подпунктам 2) и 5) пункта 5 настоящих Правил объект внешнего анализа коррупционных рисков информирует уполномоченный орган о необходимости проведения внешнего анализа коррупционных рисков.

      Совместное решение по подпунктам 1), 2), 4) и 5) пункта 5 настоящих Правил о проведении внешнего анализа коррупционных рисков принимается в срок не позднее 10 рабочих дней с момента инициирования внешнего анализа коррупционных рисков уполномоченным органом или объектом внешнего анализа коррупционных рисков.";

      части пятую и шестую изложить в следующей редакции:

      "В случае отказа в проведении внешнего анализа коррупционных рисков по подпунктам 1), 2), 4) и 5) пункта 5 настоящих Правил уполномоченный орган либо объект внешнего анализа коррупционных рисков направляет инициатору мотивированное обоснование причин отказа с возможностью переноса срока его проведения, не превышающего одного года.

      При устранении причин отказа до перенесенного срока уполномоченный орган или объект внешнего анализа коррупционных рисков вправе повторно инициировать проведение внешнего анализа коррупционных рисков.";

      подпункт 2) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "2) о должностных лицах уполномоченного органа, проводящих внешний анализ коррупционных рисков;"

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Внешний анализ коррупционных рисков проводится в срок до 30 рабочих дней уполномоченным органом.

      К проведению внешнего анализа коррупционных рисков, а также к обсуждению его результатов и мониторингу реализации рекомендаций по устранению выявленных коррупционных рисков уполномоченный орган вправе привлекать членов Общественного совета, в случае его наличия при объекте внешнего анализа коррупционных рисков, а также специалистов и (или) экспертов иных субъектов противодействия коррупции.";

      абзац первый пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Функции уполномоченного органа:";

      подпункт 1) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "1) сбор, обобщение и анализ информации относительно объекта внешнего анализа коррупционных рисков в соответствии с направлениями, предусмотренными пунктом 13 настоящих Правил, с подготовкой уполномоченным органом аналитической справки согласно пункту 16 настоящих Правил;";

      в пункте 13:

      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) деятельность антикоррупционной комплаенс-службы субъекта квазигосударственного сектора или лица, исполняющего функции антикоррупционной комплаенс-службы;";

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) предотвращение и урегулирование конфликта интересов;";

      пункт 14 дополнить подпунктами 11) и 12) следующего содержания:

      "11) вступившие в законную силу судебные акты по вопросам, связанным с деятельностью объекта внешнего анализа коррупционных рисков;

      12) публикации, обращения и иные сведения, размещенные в социальных сетях и других интернет-ресурсах, а также поступившие в уполномоченный орган, содержащие информацию о возможных коррупционных рисках в деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. В ходе проведения внешнего анализа коррупционных рисков уполномоченный орган при обнаружении нарушений законодательства либо признаков совершения уголовного или административного правонарушения принимает меры в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункты 16 и 17 изложить в следующей редакции:

      "16. По результатам внешнего анализа коррупционных рисков уполномоченным органом готовится аналитическая справка, содержащая информацию о выявленных коррупционных рисках и рекомендации по их устранению (далее – аналитическая справка).

      17. Аналитическая справка направляется объекту внешнего анализа коррупционных рисков для ознакомления и представления замечаний.

      При наличии замечаний объект внешнего анализа коррупционных рисков в течение 10 рабочих дней со дня получения аналитической справки направляет их в уполномоченный орган. Уполномоченный орган рассматривает поступившие замечания, и при наличии оснований, вносит соответствующие изменения в аналитическую справку.

      При непредставлении замечаний в установленный срок аналитическая справка считается согласованной.

      При несогласии с замечаниями объекта внешнего анализа коррупционных рисков уполномоченный орган направляет аналитическую справку с приложением обоснованного отказа в принятий представленных замечаний для согласования в вышестоящий орган объекта внешнего анализа коррупционных рисков, при его отсутствии выносит рассмотрение аналитической справки на обсуждение общественных советов, созданных при уполномоченном органе и объекте внешнего анализа коррупционных рисков.

      По итогам проведенных согласований аналитическая справка подписывается уполномоченным органом.";

      в пункте 20:

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "О ходе реализации плана мероприятий объект внешнего анализа коррупционных рисков информирует уполномоченный орган ежеквартально, в срок до 15 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам с приложением подтверждающих документов.";

      дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "Руководители государственных органов, организаций и субъектов квазигосударственного сектора несут дисциплинарную ответственность, установленную законами Республики Казахстан, за неустранение причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Уполномоченный орган ежеквартально со дня подписания плана мероприятий проводит мониторинг исполнения объектом внешнего анализа коррупционных рисков рекомендаций по устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, выявленных по результатам внешнего анализа коррупционных рисков (далее – мониторинг).";

      приложения 1 и 3 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту по дебюрократизации и превенции коррупции Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, курирующего вопросы антикоррупционной политики.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 13 августа 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
Д. Жазықбай

  Приложение 1 к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан по делам
государственной службы
от 7 августа 2026 года № 142
  Приложение 1
к Правилам проведения
внешнего анализа
коррупционных рисков
  Форма

Утверждаю
_________________
(наименование должности,
фамилия, инициалы
руководителя объекта внешнего
анализа коррупционных рисков)
_________________
(подпись руководителя
объекта внешнего анализа
коррупционных рисков)
"____" _________ 20___года

Утверждаю
_________________
(наименование должности,
фамилия, инициалы руководителя
уполномоченного органа)
__________________
(подпись руководителя
уполномоченного органа)
"____" _________ 20___года

РЕЕСТР направлений, подлежащих внешнему анализу коррупционных рисков

№ п/п

Перечень направлений

Обоснование

Требуется

Не требуется

1.

Правовые акты, затрагивающие деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков



2.

Организационно-управленческая деятельность объекта внешнего анализа коррупционных рисков



2.1.

Управление персоналом



2.2.

Деятельность антикоррупционной комплаенс-службы субъекта квазигосударственного сектора или лица, исполняющего функции антикоррупционной комплаенс-службы



2.3.

Предотвращение и урегулирование конфликта интересов



2.4.

Оказание государственных услуг



2.5.

Выполнение разрешительных функций



2.6.

Реализация контрольно-надзорных функций



2.7.

Разработка и эксплуатация информационных систем



2.8.

Иные вопросы, вытекающие из организационно-управленческой деятельности объекта внешнего анализа коррупционных рисков (с обоснованием)



  Приложение 2 к Приказу
  Приложение 3
к Правилам проведения
внешнего анализа
коррупционных рисков
  Форма

Информация об исполнении рекомендаций, внесенных по итогам внешнего анализа коррупционных рисков

      Наименование объекта внешнего анализа коррупционных рисков:
      _________________________________________________________
      Срок проведения внешнего анализа коррупционных рисков:
      _________________________________________________________
      Дата подписания аналитической справки: ____________________

№ п/п

Рекомендация

Форма завершения согласно плану мероприятий

Информация об исполнении рекомендации

Сведения о привлечении к дисциплинарной ответственности за неустранение причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений

1